Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Сөнбейді ана, шырағың!

Сөнбейді ана, шырағың!

08 август 2024, Четверг
185
0

Жуырда Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің мәдениет және жастар ісі жөніндегі комиссияның төрағасы Мұхаметқали Байшонов, комиссия мүшелері Аман Малдыбаев пен осы жолдардың авторы Жамбыл ауданының Ақбастау ауылдық округіне қарасты Шоқай ауылының тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Исмаил Хажымұраттың арнайы шақыруымен осы азаматтың анасы Муслимат апамыздың 100 жылдығына байланысты шараға қатысып қайттық.

Шара барысында Исмаилдың анасының тағдыры, өмір жолы туралы қанық болдық.

Шоқай ауылының орталығындағы үлкен үйдің айналасы абыр-сабыр, қонақтар көптеп жиналған екен. Комиссия мүшелерін жылы жүзбен қарсы алған Исмаил Хажымұрат шараның бағдарламасымен таныстырды. 

Тағылымы мол шара Муслимат ананың есігі алдындағы қақпа сыртында ескерткіш тақтаны салтанатты ашудан басталды. Мүслимат ана 1924 жылы 24 наурызда дүние есігін Хажымұрат пен Хурайматтың отбасында ашты. Муслима сөзі араб тілінде «қонақ» деген мағына білдіреді екен. 

Муслимат ана қиындықтан тайсалмай қажырлы еңбек етті. Үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Бір ғана әттең-айы, олардың өсіп-өркендеп, үлкен өмірге қадам басқанын ардақты ана толық көре алмады...

«Орында бар оңалар» деген, Муслимат анадан бүгінгі күні 34 немере, 57 шөбере өркендеп өсіп келеді.Олардың бәрі осы салтанатты шара барысында кезек-кезегімен жас ерекшеліктеріне қарай сапқа тұрып,жиналғандар алдында сөз сөйлеп, аналарының қадір-қасиетін, еңбекқорлығын айтып, өз кезегінде сыйлықтарымен бөлісіп жатты.

Ескерткіш тақтаны Муслимат анамен шаруашылықта бірге еңбек еткен ауыл ардагерлері мен серіктес құрбылары ашты. Ескерткіш тақтанының ашылу  салтанатында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі күйші, компазитор, профессор Аман Малдыбаев құттықтау сөз сөйледі. 

Есік алдындағы аулада балалар, ересектер, әйелдер күресі өте қызықты, тартысты өтті.

Асқа жиналғандар атынан құда-жекжаттары, апаның көзін көрген замандастары, ауыл тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз алып, естеліктермен бөлісті. Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұхаметқали Байшонов сөз сөйлеп, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаевтың Құттықтау хатын Исмаил Хажымұратқа табыс етті.

Басқосуда сөз алған шара қонақтары және ауыл қариялары Исмаил бастаған Хажымұрат әулетіне анасын еске алып, туғанына 100 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс шараның жастарға тәрбиелік мәнінің зор екенін, мұндай шараның Жамбыл ауданы, Шоқай ауылында тұңғыш рет өткізіліп жатқанын атап көрсетті. 

Майлыбай СМАҒҰЛОВ,

облыстық ардагерлер кеңесі

мәдениет және жастар ісі жөніндегі 

тұрақты комиссиясының мүшесі

 


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры