Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ

08 август 2024, Четверг
100
0

2023 жылдың қазан айында Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде бастауыш ардагерлер ұйымы құрылды. Бүгінгі таңда ұйымда 26 ардагер есепте тұрады. Зейнеткерлердің тізімін жүйелі түрде нақтылап, тұрмыстық жағдайына назар аударып отырамыз, бұл да бастауыш ардагерлер ұйымының басты міндеті болып табылады. 

«Қариясы бардың – қазынасы бар» дегендей, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырдық. Білім күні және Қарттар күні мерекелеріне  орай ардагер ұстаздарды шақырып, олардың еңбек жолдарымен жастарды таныстырамыз. Еңбек күні мерекесіне байланысты «Аманат» партиясымен бірлесе отырып «Мамандығым-мақтанышым», «Менің өмірім-менің жетістігім» тақырыбында білімгерлермен кездесу өткізілді. Құтқарушылар күніне орай «дөңгелек үстел» отырысын өткіздік. Ұстаздар күні қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып ардагерлердің, білімгерлердің қатысуымен үлкен шара ұйымдастырдық. Шара барасында үздік ұстаздар, белсенді ардагер ұстаздар марапатталды. Ардагер ұстаздардың мерейжасқа толуына байланысты Құттықтау хатпен марапаттап отырамыз. 

Өздерінің бос уақытын жүйелі пайдалану мақсатында «Ұзақ өмір сүру» орталығында колледж ардагерлері денсаулықтарын тұрақты түрде сауықтырумен айналысады. 

Болашақ теміржолшылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында «Теміржолшы-абыройлы мамандық» тақырыбында 1963 жылдың түлегі, ардагер ұстаз, «Кәсіби техникалық білім үздігі» Евгений Константинович Гостевпен кездесу өтті. Өмірден көргендері, көңілге түйгендері көп ардагерлердің жас жеткіншектерге айтар ақыл-кеңестері мол. Отанды сүю, ата-ананы құрметтеу, мамандыққа машықтану туралы тағлымды дәріс береді. Сол сияқты атаулы күндер де аталып өтуде. Өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. Колледжмізде мұражай бар. Мұражай – колледж айнасы, таусылмас қазынасы екенің жас ұрпаққа ұғындырып, колледждің тарихы, өткені мен болашағы туралы үнемі айтып отырамыз.

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі – Жамбыл облысындағы байырғы оқу орындарының бірі. Жыл сайын дәстүр бойынша оқу жылының басында оқуға жаңадан қабылданған білім алушылар оқу орнының мұражайымен танысады. Ел болашағы – білімді жастар болса, сол жастарға дұрыс тәрбие беруде ардагерлер ұйымының қосып келе жатқан үлесі өте зор. Ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен колледж мұражайы республикалық байқауда бас жүлдені иеленді. Жастар – ел болашағы, ал білімді жастар – болашақты қалыптастырушы. Оның бүгінгі ірге тасы қалай қаланса, ертеңгі болмысы соған байланысты болмақ.

Ардагерлеріміздің тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесін жастар арасында тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.

Осы орайда айта кетуіміз керек, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі (төрағасы Күләш Әмедияқызы Әбдікешова) біздің бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысын әрдайым назарға алып, тиісті методикалық көмектерін көрсетіп отырады. Сонымен қатар, мерейлі жасқа толған ардагерлерімізді ұмыт қалдырмай марапаттап отыру да жақсы жолға қойылған.

Күлжан КЕРМЕНБАЕВА,

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер 

ұйымының төрағасы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Маңызды кезең қарсаңында
08 август 2024, Четверг
Маңызды кезең қарсаңында
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
27 октябрь 2022, Четверг
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
Ардагерлер ұйымында...
07 август 2024, Среда
Ардагерлер ұйымында...
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры