Өмірі – өнеге
Жастық шағынан еңбекке ерте араласып, қай салада қызмет етсе де адалдық пен жауапкершілікті ту етіп келеді. Өз ісіне белсенділігі, табандылығы, адамдарға деген құрметі мен жанашырлығы оны әрдайым абырой биігінен көрсетті. Ұзақ жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Еңбек ардагері”, “Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталып, Тараз қаласының Құрметті ардагері атанды. Бұл – оның ел алдындағы еңбегінің лайықты бағасы.
Бүгінде Нұржамал Тілеуқұлқызы Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ардагерлердің басын біріктіру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде табанды еңбек етіп келеді. Тараз қаласының аналар кеңесінің мүшесі ретінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, аналардың қоғамдағы рөлін нығайтуға үлес қосуда. Ал “Әулиеата” ардагерлер ансамблінің белсенді мүшесі ретінде өнер арқылы рухани құндылықтарды насихаттап, халықтың мәдени өміріне белсене араласуда.
Ол – ұрпақтар сабақтастығын жалғаған, тәлім-тәрбиені өмірлік ұстанымына айналдырған жан. Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде төрт немеренің аяулы әжесі атанып отыр. Немерелеріне мейірімін төгіп, ақылын айтып, ұлттық дәстүр мен адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіруде. Берекелі шаңырақтың алтын діңгегі, әулеттің тірегі ретінде отбасының ынтымағы мен бірлігін сақтап келеді.
Пралиева Нұржамал Тілеуқұлқызының өмір жолы – табандылық пен төзімнің, адалдық пен адамгершіліктің, еңбек пен елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның жүріп өткен жолы – кейінгі буынға өнеге, жас ұрпаққа бағдар боларлық тағылымды ғұмыр.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
19 август 2026, Среда
Тағылым
18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі
18 август 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)