Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ШЕБЕРЛІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

ШЕБЕРЛІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

03 июнь 2026, Среда
16
0
Спортшылар мен жанкүйерлер алдында  ардагерлер ансамбльдері патриоттық әндер шырқап, Тараз қаласындағы Белсенді ұзақ өмір орталығының өнерпаздары мәнерлеп билеуден өз өнерлерін паш етті. 
Байрақты бәсекенің басты мақсаты– ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, ардагерлердің спорттық іс-шараға белсенді түрде қатысуы арқылы жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болатын. Спартакиадаға барлық аудандардың және Тараз қаласының бірыңғай ардагерлерден жасақталған командалары қатысып, күш-қайраттары мен әдіс-айлаларын сынға салды.
Бұл жолғы жарыс аға буын өкілдерінің жастарының ұлғайғанына қарамастан әлі де болса қайраттарының қайтпағанын, қимыл-қозғалыстарының бабында екенін тағы да көрсетіп берді. Айтуымыз керек, 10 ауданнан және Тараз қаласынан 300-ге жуық ардагер спортшы қатысқан байрақты бәсекені тамашалауға келген жанкүйерлер спорт кешенінің көрермендер отыратын бөлігін лықа толтырды. 
Жарыстың ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев еліміздің өсіп-өркендеуі, бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы екендігіне баса назар аударды. Өңірімізде спортқа кең өріс ашылғанын айта келіп, спортшы ардагерлерге сәттілік тіледі. Дәстүрлі спартакиаданы ашық деп жариялады. 
Спартакиаданың ашылу сал-танатында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. 
Спортшылар мен жиналған жан-күйерлер алдында спорт ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты Әмзебек Жолшыбеков сөйлеп, замандас спортшыларына жарыста жоғары нәтижелер тіледі. 
Бұдан кейін жарыс көрігін қыздырған ардагерлер спорттың 7 түрінен шеберлік сынына түсті. Жекелеген спорт түрлері бойынша волейболдан Тараз қаласының, Жамбыл, Жуалы аудандырының, үстел теннисінен ерлер арасында Тараз қаласының, Қордай, Жамбыл аудандарының, әйелдер арасында Тараз қаласының, Қордай, Жамбыл аудандарының, дойбыдан ерлер арасында Тараз қаласының, Қордай, Байзақ аудандарының, әйелдер арасынан Т.Рысқұлов ауданының, Тараз қаласының, Байзақ ауданының, асық атудан Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандарының, шахматтан ерлер арасында Меркі ауданының, Тараз қаласының, Т.Рысқұлов ауданының, әйелдер арасынан Т.Рысқұлов ауданының, Тараз қаласының, Байзақ ауданының, тоғызқұмалақтан ерлер арасында Байзақ, Меркі, Жамбыл аудандарының, әйелдер арасынан Тараз қаласының, Талас, Т.Рысқұлов аудандарының спортшылары жеңіс тұғырына көтеріліп, жүлдегер атанды. Бильярдтан Жамбыл, Байзақ, Жуалы аудандарының спортшылары шеберлік танытты. Жалпы командалық есепте бірінші орынды – Тараз қаласының, екінші, үшінші орындарды – Байзақ, Жамбыл аудандарының командалары иемденді.
Жекелеген спорт түрлері бойынша асық атудан қордайлық Жылысбек Джакаев, Байзақ ауданынан Керімбек Жүнісов, Жамбыл ауданынан Тәжібай Төлебеков, үстел теннисінен ерлер арасынан Тараз қаласынан Шақтыбай Байғанов, Қордай ауданынан Эрсмане Бейшанло, Жамбыл ауданынан Рахымжан Нұрекеев, әйелдер арасынан тараздық Күлжамила Әділова, Қордай ауданынан Раушан Жалдыбаева, Жамбыл ауданынан Күләйхан Имашева, бильярдтан Жамбыл ауданынан Әбдухамит Юнусов, Байзақ ауданынан Ержан Бекалиев, Жуалы ауданынан Дүйсенбек Жибешов, тоғызқұмалақтан ерлер арасынан Байзақ ауданынан Сыпатай Төребеков, Меркі ауданынан Нұрлан Арынов, Жамбыл ауданынан Асқар Мыңбаев, әйелдер арасынан Тараз қаласынан Зауре Жұмабаева, Талас ауданынан Жауһар Дауренбекова, Т.Рысқұлов ауданынан Гүлнар Орманова, шахматтан ерлер арасынан Меркі ауданынан Марат Бекбауов, Тараз қаласынан Телібай Садықов, Т.Рысқұлов ауданынан Серік Райымқұлов, әйелдер арасынан Т.Рысқұлов ауданынан Сания Недошковская, Тараз қаласынан Елена Деревьянко, Байзақ ауданынан Қанымкүл Бесінбай, дойбыдан ерлер арасынан Тараз қаласынан Виктор Утинов, Қордай ауданынан Жәнібек Ермекбай, Байзақ ауданынан Ғалымжан Ақбердиев, әйелдер арасынан Байзақ ауданынан Зина Мұсабекова, Талас ауданынан Фатима Оразбекова, Жамбыл ауданынан Алтынай Мұқанова жеңіс тұғырына көтерілді. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлделі орын алған ардагер спортшылар қаржылай сертификаттармен, тиісті дәрежедегі кубоктармен,   медалдармен, Дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар тартысты бәсекеге қатысқан барлық командаларға ақшалай сыйлықтар және “Жеңіске деген жігері үшін” номинация аясында ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Спортшыларға және жанкүйелерге арнап өнерлі ардагерлер ән-биден шашу шашты. 

Алдаберді МАҚАШЕВ,
        Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

ШЕБЕРЛІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ
03 июнь 2026, Среда
ШЕБЕРЛІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ
Ардагер спортшылар нені қалайды?
30 июнь 2025, Понедельник
Ардагер спортшылар нені қалайды?
Спорт – жас таңдамайды
18 май 2026, Понедельник
Спорт – жас таңдамайды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры