Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Спорт – жас таңдамайды

Спорт – жас таңдамайды

18 май 2026, Понедельник
11
0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Тараз қаласының ардагерлері арасындағы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 
Байрақты бәсекенің басты мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұхаралылығын көтеру, шаһар ардагерлерінің спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тәлім-тәрбие беру бағытында болды.
Қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігі спорт және денешынықтыру бөлімінің қолдауымен өткізіліп отырған спартакиаданың ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев еліміздің өсіп-өркендеуі, бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы екендігіне баса назар аударып, спортшы ардагерлердің жоғары нәтижелер көрсете беруіне өз тілегін білдірді. Сөз кезегін алған Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова ардагерлердің өнегелі өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі болатындығына тоқталып, қаламызда жасқа қарамай спортқа кең өріс ашылғанын айта келе, спортшы ардагерлерге сәттілік тіледі. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова: 
– Қадірлі ардагерлер! Сіздер біздің мақтанышымызсыздар! Өмір жолдарыңызда талай ұрпақты тәрбиелеп, елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келдіңіздер. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен сара жолдарыңыз кейінгі буын өкілдеріне әрдайым үлгі болып қала береді, – деп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спортшыларға және жанкүйерлерге арнап ардагерлерден құралған «Әулиеата әуендері», «Асыл аналар», «Калинка», «Марычка» ансамбльдері әннен шашу шашты.
Осыған дейін спорттық жарыстың іріктеу ойындары өткізілген болатын. Спартакиаданың қорытынды кезеңінде ардагерлер спорттың 8 түрінен сынға түсті.
Бәсекелі сайыста жеке-жеке спорт түрлері бойынша шахматтан ерлер арасынан Телібай Садықов, әйелдерден Елена Деревянко, тоғызқұмалақтан ерлер арасынан Тұлғабай Ниязымбеков, әйелдерден Зәуре Жұмабаева, дойбыдан Виктор Устинов, Ұлбала Оразбаева, бильярдтан Ермек Алжанов, асық атудан Аралбай Сәрсенов, үстел теннисінен ерлер арасынан Шоқтыбай Байғанов, әйелдерден Гүлжамила Әділова, дартстан ерлер арасынана Дәулет Жәмішов, әйелдерден Лина Абдырахимова және волейболдан Тараз-1 командасы (капитаны Сейдахмет Тоғанбаев) бірінші орынды иеленді. Аты аталған жеңімпаздар ардагерлердің облыстық спартакиадасына жолдама алды.
Өте тартысты әрі қызықты өткен спорт бәсекесінде әрбір тағылымды істері жастарға үлгі-өнеге бола білген, шымыр да сергек аға буын өкілдерінің шын мәнінде қолынан көп нәрсе келетіндігін тағы да паш етті.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры