БИ БОСҚЫНҒА АЙНАЛҒАН КЕР ЗАМАН....
Байымбет пен Байдұлының, Бәйдібек бидің есімдері қазақ шежіресінде қатар аталады. Өйткені олар: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ғақлияда айтылғандай үшеуі де кіндігі бір Қараша бидің ұрпағы. Сөз төркіні ортаншы ұл туралы болған соң айту лазым, Байдұлының о баста Маха, Шашақты, Шапшақты, Шақшамбай ныспылы төрт ұлы болған екен. Талқаны таусылды ма, үш ұл шешектен шетінеп кетеді. Кенже бала болған соң Шақшам ерке өседі. Жасы он төртке келгенде әкесі дүние салады. Күні бойы жылқы бағып, табанын тасқа тілгізіп жүрген ұлына жаны ашыған Айша ана: «Менің балам малай болмайды» деп бір күні ренішін төркініне жеткізеді. Сөйтіп, адай елінен нағашысы Маңланбай келіп, оларды еліне алып кетеді.
Нағашысы оған Қырықбанжүз елінің Төбей биінен тарайтын Жұмылдырығының Есенбегінің Седеп деген қызын айттырып, алып береді. Осыдан Рыскелді есімді ұл дүние есігін ашып, шақшам ұрпағы содан өрбиді. Осы Баймұрат, Бекмұрат, Санмұрат есімді үш ұлдан тараған бес ата жоңғармен соғыс кезінде Үндістанға өтіп кетсе керек. Баймұраттың Сүйіндігінен Жаңабай, одан Қосет, Әсет деген екі ұл бар. Қосеттің Құдайберді, Тілеуберді, Дәулетберді деген үш ұлынан 9 ата ел Жиделібайсын және Түрікмен елінде өмір кешуде. Ал, Жаңабайдың екінші ұлы Әсет биден Ақтал би, одан Тыныбек батыр мен Тынғұлы би. Тыныбек батырдан Жақсыгелді батыр, одан Иман мен Жәнібектен ұрпағы өрбіген. Ал, Тыңғұлыдан Ақшал би, Ақшал биден Айтым, Сары, Абыша, Қара тарайды.
Шақшамның ұраны – Бақтияр, Майемген. Таңбасы – жебе. Дулаттың ұраны да – Бақтияр, Ботбайдыкі – Ботбай-Сәмен. Ал, Майемген шақшам руының бір атасы. Сыпатай батырдың досы Тілеміске жер бөліп бергенде «Ақтікенді» Майемген ұрпақтарына, «Молалыны» Жанбазар ұрпақтарына, «Ойрандыны» Жәнібек ата тұқымына бөліп беруді ұйғарыпты. Жәнібектен Ердес десек, одан Дүйсебай, Үйсінбай, Қарабала туады екен. Дүйсебайдан – Аманжол, Исақ, Үйсінбайдан – Сыдықалы мен Досан тұқым таратады. Ал, Қарабаладан – Қосыбай, Досыбай, Жәлібай, Әлі, Сейсенбай. Қосыбайдан – Жанұзақ. Одан – Олжабек.
Біз әңгімемізге арқау еткелі отырған кісі осы Олжабектің атасы Қосыбай би. Олжабек бүгінде зейнетте. Ол өзі сияқты бір кезде «Большевик» колхозында зоотехник болған Оңғарбай Жабаев деген азаматтан «Аманжол-Қосыбай» атты қиссаны естіпті. Өкінішке орай сол естігендерін не қағазға, не таспаға түсіріп алмапты. Аманжол кеңес өкіметіне дейін Қорағатыда болыс болған екен. Ол кісінің баласы Бұралқы да болыс болған. Ал, Қосыбай би болған екен. Ол кісі Аманжол болыспен қатар қарашаның мұң-мұқтажын тыңдап, дау-дамайын шешіп, ел ішінде шешендігімен, туралығымен көзге түскен кісі екенін шақшам ата ұрпақтары осы күнге дейін аузынан тастамай айтып отырады. Сәтбай, Мыраздық сынды сәуегейлер Әсет би мен Ақшал, Тыңғұлы билердің сонау Ақтасты, Қошқарата, бергі Қаратау, Ақбұлым асқандағы тағдыр-талайын өзінен кейінгілерге жеткізбеді дейсіз бе. Осынау аузы дуалы билердің шалғайында жүріп 1875 жылы дүние есігін ашқан Қосыбай ауыл молдасынан хат таниды. Қарабала әулетінің қара шаңырағындағы үлкен ұл Қорағаты-Шілікті, Қарақыстақ - Сандықты өңірінің ең беделді болысы Аманжолмен аталас болған соң ба ағасынан қарыс қадам қалмай сол төңіректегі Сыпатай батыр, Жанкел шешен, Тантай би сынды беделді адамдардың өрісті сөзін құлағына құйып өсті.
Ол кезде қырғыз бен қазақтың жайлауы бір. Жазда «Сусамыр» асып, «Арамырза», «Ешкілі», «Кетпентөбе» мен «Тоқтағұлға» дейін барады. Қосыбай ат жалын тартып мініп сақа жігіт атанған шағында Жібек есімді қырғыз қызымен шаңырақ бауын көтереді. Жібек ана жібектей екі өрім қызды дүниеге әкелді. Алайда екі қыз да жұқпалы індеттен көз жұмды. Әйтеуір 1914 жылы Қосыбай бидің шаңырағына ұл келді. Оны «жасы ұзақ болсын» деп, есімін Жанұзақ қояды. Жібек ана ұлы төртке келгенде кенеттен қаза болады. Көп ұзамай би Бектеміс елінің қызы Қантбалаға үйленеді. Бұл кезде кеңес өкіметі орнап, бай-манаптар кәмпескеленіп, бай мен кедейдің ара-жігі ажырап жатқан шақ. Аманжол да, Қосыбай би де бар малын кедейлерге таратып беріп өздері орта шаруаның қатарына қосылады. Бірақ кеңес өкіметі үшін болыс пен билер жаңа құрылған өкіметтің ата жауы болып қала береді. Оларды жаңа құрылып жатқан каммуналар мен артелдерге алмай қудалауға түсіреді. Осындай аласапыранда Аманжол ағасы ауруға шалдығып, қайтыс болады. Бұл 1928 жылдың өлара мезгілі еді. Бар ауыртпалық Қосыбай бидің басына түседі. Бірақ, ол ел басына түскен ашаршылық тауқыметіне мойымай ағайын-туыстарына қорған болып, өкімет белсенділерінің зорлық-зомбылығына да, жоқшылық нәубетіне де төзімді болуға тырысады. Голощекиннің қолдан жасаған азабынан «құтылдық-ау» дегенде 1937 жыл келіп енді бостан босқа жала жабу, «сен байсың, қанаушысың» деп қаралау басталады. Екі күннің бірінде: «сен сотталасың, сені ертең НКВД әкетеді» деп қорқытып, «үштік» деген зорлықшылар күн көрсетпейтін болған соң Қосыбай би қырғызға қоныс аударады. Ондағы қырғыз белсенділері де мазасын ала берген соң сонау қияндағы Тоқтағұлға – Кетпентөбеге босады. Сонда оларды ұлы Жанұзақ әкесі Қосыбай мен апасы Қантбаланы, оның 12-дегі қызы Ырысжанды «Көкқияның» беліне дейін шығарып салып, өзі елге қайтады.
Бұл да бір ел басына түскен аумалы-төкпелі ауыртпалығы көп шақ еді. Осындай қуығын-сүргінде жүргенде Қосыбай би ауруға шалдығып, 65 жасында қаза болады. Ал, ұлы Жанұзақ Ұлы Отан соғысына қатысып, үш орден алып елге оралған соң 1956 жылы Қырғызстанға барып Қантбала апасы мен қарындасын тауып алып елге әкеледі. Қосыбай бидің ұлы Жанұзақ та осы жылдар ішінде қырғыздағы Ташкөмір шахтасынадағы қара жұмысқа жалданады. Отбасын асырау үшін талай қиыншылықтарды басынан өткереді. Содан 1946-56 жылдары он жыл бойы Қырғызстанда болып, жан бағады. Қантбала ана болса осынау тауқыметті қайыспай көтере жүріп 1965 жылы дүние салады.
Осылайша Қосыбай биге өз ауылы Ақтоғанның іргесіндегі «Қаратөбеден» топырақ бұйырмай оның сүйегі сонау қияндағы қырғыздың «Кетпентөбесіне» жерленіпті. Иә, сол қос нәубетте Қосыбай сияқты талай адамға туған жерінен топырақ бұйырмады ғой. Осының барлығы қуғын-сүргіннің, ел басына түскен нәубеттің салқыны еді. Алайда тарих Аманжол болыстың да, Қосыбай бидің де елге жасаған жақсылығын, олардың басынан кешкен қиыншылықтарын ешқашан ұмытпайды. Е...е ... бұл би босқынға айналған кер заман еді ғой.
Сейсен Қожеке,
ардагер журналист
Меркі ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)