Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Соғыстың соңғы сарбаздары

Соғыстың соңғы сарбаздары

18 май 2026, Понедельник
31
0
Жеңіс. Осы қасиетті ұғымның астарында сан мыңдаған тағдыр, ерлік пен өрлік, қайсарлық пен табандылық жатыр. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сол бір сұрапыл жылдары майдан даласында Отан үшін от кешкен әрбір сарбаздың жүрегінде туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен ел алдындағы перзенттік парыз қатар соқты.
Жылдар жылжыған сайын қан майданның жаңғырығы алыстап бара жатқандай көрінгенімен, оның жарасы әлі күнге дейін жүректерді сыздатады. Қазақ даласынан соғысқа аттанған әрбір жауынгердің ерлігі тарих бетіне алтын әріппен жазылды. Солардың қатарында біздің облысымыздан майданға аттанған жеңімпаз жерлестеріміздің орны ерекше.
Өкінішке қарай, уақыт өткен сайын жеңісті жақындатқан жерлестеріміздің қатары сиреп барады. Бүгінде облыс бойынша көзі тірі небәрі үш майдангер ғана қалды. Үшеуі де Тараз қаласында тұрып жатыр.
Ғасыр жасаған ардагер Шалданбай Шанбаевтың тағдыры – тұтас бір дәуірдің шежіресі іспетті. Ол 1942 жылы небәрі он сегіз жасында майданға аттанып, ішкі істер әскерлері құрамында соғыстың соңына дейін жауынгерлік сапта болды.  Соғыстан кейін де әскери қызметін жалғастырып, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. 1949 жылы елге оралып, трактор бригадасын басқарды, кейін есеп саласында еңбек етті. 1984 жылға дейін «Жаңатұрмыс» колхозында абыройлы қызмет атқарды. Кеудесіндегі II-дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен «Маршал Жуков» медалі – оның майдан даласындағы жанкешті ерлігінің жарқын көрінісі. 
Қасіретті жылдардың тағы бір куәгері – Геннадий Иванов. Ол 17 жасында әскер қатарына алынып, 1-ші Украин майданы құрамында шайқасты. 13-ші армияның 350-ші атқыштар дивизиясында миномет расчетын басқарған аға сержант Иванов жауынгерлік жолын фашистік Германияның астанасы Берлин қаласында жеңіспен аяқтады. Соғыстан кейін әскери білім алып, ұзақ жылдар қызмет етті. Кейін ұстаздық жолды таңдап, Тараз мектептерінде математика пәнінен сабақ берді. Оның еңбегі II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен бағаланған.
Иван Макеевтің өмір жолы да – жауынгерлік ерлік пен жасампаз еңбектің жарқын көрінісі деуге болады. Ол Забайкальедегі әскери құрамда  радиодивизион барлаушысы ретінде қызмет етіп, екінші дүниежүзілік соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы шайқастарына қатысты. Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат етуге қатысты. Соғыстан кейін ішкі істер органдарында еңбек етіп, подполковник шенінде отставкаға шықты. Оның да ерлігі жоғары мемлекеттік марапаттармен аталып өтті. 
Әрине, майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мемлекет тарапынан да оларға және тыл еңбеккерлеріне тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысында көзі тірі үш ардагердің әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылды. Сонымен қатар мыңнан астам тыл еңбеккерлеріне және басқа да санаттағы азаматтарға материалдық қолдау көрсетілуде.
Айта кетуіміз керек, облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, аудан әкімдері мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың төрағалары Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушы соғыс сарбаздарының, тыл еңбеккерлерінің отбастарына арнайы барып,  майдан мен тыл ерлеріне лайықты құрмет көрсетті.  
Бұл – елдің өз батырларына деген құрметінің белгісі. Себебі бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылық – сол бір қиын кезеңде кеудесін оққа тосқан жауынгерлер мен тылда уақытпен санаспай еңбек еткен халықтың ортақ ерлігінің нәтижесі.
Ел басына күн туған шақта етігімен су кешкен майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Өткенді қастерлеу – болашаққа деген жауапкершілік. Өйткені, тарихын ұмытпаған елдің ғана келешегі кемел болмақ.

Ақерке ЖАҚЫПБАЙ,
шолушы 
«Ғұмыр-Дария»

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Жүз жасаған жауынгер
09 март 2022, Среда
Жүз жасаған жауынгер
Қымбатқа түскен  ана тағдыры
18 май 2026, Понедельник
Қымбатқа түскен ана тағдыры
Даңқ
06 май 2025, Вторник
Даңқ
Даңқ
06 май 2025, Вторник
Даңқ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры