Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Тәртіпке бас иген құл болмайды

Тәртіпке бас иген құл болмайды

30 сентябрь 2025, Вторник
105
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, азаматтардың құқығының қорғалуы туралы ерекше айтты. «Заң мен тәртіп мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуы тиіс. Бұл – ең алдымен ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным» деп атап өтті Президент. 
Қазіргі таңда Президенттің биыл жариялаған Жолдауынан туындаған міндеттерді орындауға қатысты жұмыстар біздің өңірімізде басталып  кетті. Облыстық ардагерлер кеңесімен Жуалы ауданының әкімдігі бірлесіп, ауқымды іс-шара өткізді.  Әуелі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған Тараз қаласы және облыс аудандарынан келген қонақтар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бауыржан музейін аралап, батыр рухына арналып оқылған құранға қол жайды. Мұнда қонақтарға «Ақ әжелер» ансамблі әсем әндерін тарту етті. 
Мұнан соң қонақтар Жуалы жерінде ашылған жаңа өндіріс ошақтарымен танысты. Мәселен, жеке кәсіпкер Мұрат Нысанов «ALI –KO SUT» сыр зауытын ашып, кәсібін дамытуда. Тәулігіне 4 тонна өнім өңделетін кәсіпорында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 130 мың теңгені құрайды. Мұнда сары май, ірімшік, құрт, қаймақ, айран өнімдері өндіріледі. Жуалылық өнімдер еліміздің барлық ірі қалаларына жөнелутуде.  Өздерінің «Әсем» деген дүкендері де бар. 
Ақсай ауылдық окургіндегі «Ақсай – су» зауыты да минералды судың бірнеше түрін шығарып жатыр. Тәулігіне 12 тонна өнім өндіретін кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Алдағы уақытта тәулігіне 60 тоннаға дейін өнім өндіру жоспарлануда.  Ол кезде мұнда 60 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. 
Қонақтар облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында екінші жүлде алған Ақсай ауылдық округінің  «Дала спорт» алаңымен танысты. Осы тұста аталған ауылдық округ  әкімі Мақсат Мәтен ауылындағы  игі жұмыстар туралы  айтып өтті. 
Келесі кезекте Ақсай ауылдық мәдениет үйінде    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерге орай жиын өтті. Жиынды Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев  жүргізіп отырды. Алғаш  сөз алған Жуалы ауданы  әкімінің орынбасары Анар Ахметова: «Мемлекет басшысы бізге үлкен ауқымды міндеттер жүктеді. Ол жауапкершілікті сезіну баршамыздың парызымыз. Бүгін міне облыстық ардагерлер  кеңесінің белсенді тобы келіп отыр. Біздің ардагерлердің бойында кісілік, кішілік, ізгілік, даралық, даналық бар. Ал, заң мен тәртіп –   аса керек құндылық. Ол біздің ауданда да күн тәртібінен түспей, басты назарда тұрады», – деді. 
Мұнан соң  «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық тәртіпті сақтау мен заңдылықты орнықтырудың кепілі» тақырыбында аудан прокуроры Илияс Тойшыбеков, аудандық полиция бөлім басшысының  міндетін атқарушы Әміребек Ардақ, «Дін қолдана алсаң – қасиетің, қолдана алмасаң – қасіретің» тақырыбы аясында Жуалы ауданының бас имамы Есет Таласбаев, «Отбасы құндылықтары: отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында отбасын қолдау орталығының директоры Жамиля Қалымбетова, «Бала тәрбиесінің қоғамдағы рөлі» тақырыбында Көкбастау ауылдық округінің аналар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Күнсұлу Қамбарова, «Ішімдіксіз ауыл және жаназа мәдениеті туралы» Билікөл ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Еңсебек Абсалямов баяндама жасады.
Жиналысты Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қорытындылап, «Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамдық тәртіпті сақтау мен заңдылықтарды орнықтырудың кепілі екендігін қадап айтып, бұл бағытта ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
– Біз бүгін Жуалы ауданындағы үлгілі ауылдардың бірінде бас қосып отырмыз. Облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында жүлдеге ілігу үшін 31 негізгі талаптарды орындау  керек. Оның ішінде жастар тәрбиесі, ауылды таза ұстау, әлеуметтік мәселені шешу, қылмысты болдырмау, ажырасу жағдайын азайту секілді өзекті бағыттар бар. Бұл ауылдық округте жарқын жұмыстар бар деген сөз. Оған ардагерлер де сүбелі үлес қосуда. Облысымыз бойынша 142 мың ардагер бар. Президенттің тапсырмасы – баршамызға ортақ. Азаматтық қоғам мүшелері ретінде Жолдау жүктеген міндеттерге біздер де жауаптымыз. Заң мен тәртіпті сақтау,  той мәдениетін қалыптастыру, жиындарда ысырапшылыққа жол бермеу, жаназа дастархандарын қарапайым өткізу – ардагерлерің басты жұмысы. Ішімдіксіз ауылдардың көбеюі де қуантады. Бұл үрдіс дами берсе деген тілегіміз бар. Ауылдарда мәселелер де жоқ емес. Оның бастысы ұрлықты азайту. Басқа да мәселелер  сәтті шешіліп,  барша тұрғындар қауіпсіздікті, өздерінің заңмен қорғалатынын сезінуі керек. Біз осы жолда жұмыла жұмыс істеуіміз қажет, – деді Еркінбек Бейсенбекұлы.
Жиын соңында  айтылған  ұсыныстар назарға алынып, қаулы қабылданды. Жуалыда өткен жиынның көпшілік қауымға әсері зор болды. 
 
 Еcет Алдаберген,
журналист

Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Халық қалауы - әділетті қоғам
30 сентябрь 2025, Вторник
Халық қалауы - әділетті қоғам
Фракция отырысы
11 сентябрь 2024, Среда
Фракция отырысы
АЭС ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
14 сентябрь 2024, Суббота
АЭС ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры