Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Министрге барған бала

Министрге барған бала

28 август 2025, Четверг
75
0

Естеріңізде болса, жаздың басында «Министрге хат» акциясы өткізілген болатын. Сол хаттардың ішінде біреуінің шынайылығы мен жылылығы Оқу-ағарту министрінің жүрегіне ерекше әсер етіпті. Оның авторы – жамбылдық оқушы Артем Погорелов. Министр онымен міндетті түрде кездесетініне уәде еткен еді. Міне, сол қауышу Білім күні қарсаңында жүзеге асты. 
Артем – ақкөңіл, тәрбиелі, қарапайым бала. Қазақ тілінде еркін, таза сөйлейтіні қуантады,  қазақтың қара домбырасын шертетіні де бар. 
Өмір жолы оңай болмаған, ата-анасынан ерте айырылып, бүгінде патронаттық отбасында тәрбиеленіп келеді. Дегенмен бұл оның мінезін шыңдап, адамдарға деген ықыласын арттырғандай. Ұстаздарын ерекше құрметтейтіні байқалады, олардың еңбегін жоғары бағалап, көптеген жылы сөздер айтты.
Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен әңгіме жылы, шынайы, көңілге жақын өтті.
Тіптен Артем Оқу-ағарту министрінің үйінде қонақта болып, министрліктің ұжымымен танысты, министрмен бірге Астананы аралады. Осындай кездесулердің әсері сөзсіз ұзаққа сақталады, баланың болашағына даңғыл жол ашады. 
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

ЕР ТҰЛҒАСЫ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛАР
11 апрель 2025, Пятница
ЕР ТҰЛҒАСЫ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛАР
ЕҢБЕГІМЕН ӨМІРДІ АЖАРЛАНДЫРҒАН
28 февраль 2025, Пятница
ЕҢБЕГІМЕН ӨМІРДІ АЖАРЛАНДЫРҒАН
тағылым
13 июнь 2025, Пятница
тағылым
Тағылым
13 июнь 2025, Пятница
Тағылым
Абай – дара, Абай – дана
11 август 2025, Понедельник
Абай – дара, Абай – дана
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры