Ардагерлер әуені
Жақында аудандық Мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналып «Ардагерлер әуені – 2025» атты ардагерлер арасында ән байқауы болды. Байқауға ауданның 10 ауылдық округінен ардагер өнерпаздар қатысты. Кезінде халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етіп, бүгінде зейнет жасында жүрсе де қоғамдық ортадан шет қалмай, өнерлерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген аға буын өкілдері сахна төрінде әуелетіп ән салды, күмбірлетіп күй шертті. Алды сексеннің сеңгіріне келген аға буын өнерпаздар бір сәт жастық шақтарымен қайта қауышқандай, көтеріңкі көңіл-күй кешіп, бір жасап қалғандай әсерде болады.
«Ардагерлер әуені» байқауы ардагерлердің өмір жолын құрметтеу, олардың Отан алдындағы еңбектерін ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Бас жүлдені Жаңа жол ауылынан Ұ.Байдосова , бірінші орынды Белбасар ауылынан К.Арғынбеков, екінші орынды Қонаев ауылынан Д.Қуандықова , үшінші орынды Көктөбе ауылынан Ж.Талдыбаева иеленді.
«Ардагерлер әуені» байқауы — ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, патриоттық рухты көтеруге бағытталған маңызды мәдени шара болды. Қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Мұндай байқаулардың жыл сайын өткізілуі қажет екендігі атап өтілді.
М.Балықбаев
Шу аудандық ардагерлер
кеңесінің төралқа мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)





