Жамбыл облысында оңтүстік аймақтардың XI Спартакиадасы аяқталды


Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев және сот жүйесінің ардагері Серік Байбатыров іс-шараны аша отырып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеп, судьялар корпусының арасында спорт пен салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптасып жатқанын атап өтті.
Турнирде аймақтардың судьялары спорттың 9 түрінен: кіші футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, арқан тарту және тоғызқұмалақтан медальдар үшін күресті.
Блок в статье:
Арды ойлаған азамат
11 июль 2025, Пятница
МАЙДАНГЕР ӘКЕНІҢ ҰЛАҒАТЫМЕН ӨСТІК
11 июль 2025, Пятница
Бағы жанған азамат
11 июль 2025, Пятница
Жарыс қорытындысы бойынша:
Жалпы командалық есепте 1 орынды Алматы қаласының командасы;
2 орынды – Жетісу облысының командасы;
3 орынды – Түркістан облысының командасы иеленді.
Спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған спорт командалары мен жеке біріншілік ойындары бойынша, сондай-ақ ойындарда ерекшеленген қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Жамбыл облысының әкімдігі
Похожие материалы:
Комментарии (6)