Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Даналыққа барар жол

Даналыққа барар жол

05 май 2025, Понедельник
22
0
—Тақсыр—деді, жас шәкірт ілім беруші ұстазына қарап тұрып, 
—Мен білімімді дамытып Сабыр мектебінің шәкірті болғым келеді. 
Сіз сияқты әулиелердің қатарында болғым келеді. Не істеуім керек? Ақылыңызды айтыңызшы—деп өтінді. 
—Олай болатын болса, сен былай жаса. Үш жыл бойы әрбір ұрысқан, боқтаған, балағаттаған жандарға жүз ділдәдан беріп отыр. Содан соң сен ол қалаға баруыңа болады —деп ұстаз ой тастады. 
Үш жыл бойы әрбір боқтаған, балағаттаған адамға жүз ділдә беріп келген шәкірт, мерзімі жеткенде  ұстаздың рұқсатымен Сабыр қаласына аттанды. 
Қалаға жеткенде, қала дарбазасының алдында келгендерді жеті атасынан, алты анасынан боқтап бір шал отыр екен. Шалға жақындап келген шәкірт бар дауысымен қарқылдап күле бастады. 
Аң таң болған боқтампаз шал шәкіртке 
—Неменеге соншама мәз болып күлдің? — деп сұрағанда, шәкірт
—Күлмей қайтейін сенің тегін таратып отырған боқтығыңа мен үш жыл бойы ақша төледім —деген де, әлгі шал орнынан тұрып келіп шәкірттің қолын алып
—Кіре бер балам, бұл қала сенікі—деген екен. 
Бұл да бір тамаша тәмсіл. Қазіргі сәтте көп Қазаққа жетпей жүрген нәрсе осы Сабырлық. 
Барлық боқтау, балағаттау, өсектеу, қаралауға сабырмен қараған адам өзін өзі бақылайтын адам. Көбіне ондай сабырлы адамды қорқақ деп те ойлайды. 
Біреуді қорқақ деп ойлаушы адамның өзінің арты қуыс, бойында содан қорқынышы бар адам. 
"Ең жақсы жекпе жек-болмай қалған жекпе жек"  дегенді ұстанған Жапон халқын ешкімде қорқақ деп айталмас. 
Адамдықтың ең ұшар шыңы өзіңді бақылай алу. 
М. Кенжебаев. Бейнеу.
Обсудить
Блок в статье:
ӘСКЕРИ ПАРАДҚА АТТАНДЫ 05 май 2025, Понедельник
Даналыққа барар жол 05 май 2025, Понедельник
«Ғұмыр Дарияға» қариялар алғысты 05 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

КІТАППЕН ДОС БОЛҒАН
18 март 2024, Понедельник
КІТАППЕН ДОС БОЛҒАН
Бесіктен безгеніміз бе?
19 март 2020, Четверг
Бесіктен безгеніміз бе?
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
04 май 2025, Воскресенье
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
29 апрель 2025, Вторник
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
Дәстүрдің озығы бар...
14 октябрь 2020, Среда
Дәстүрдің озығы бар...
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры