Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ: МАЙДАНДАҒЫ ӨШПЕС ЕРЛІК, ТЫЛДАҒЫ ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ: МАЙДАНДАҒЫ ӨШПЕС ЕРЛІК, ТЫЛДАҒЫ ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК

12 апрель 2025, Суббота
67
0
Жан алып, жан беріскен Ұлы Отан соғысының төрт жылы КСРО-ның көп ұлтты халқының басына түскен ең ауыр зауал болғаны анық. Осы орайда, жамбылдықтардың соғыс жылдарында майдан даласында да, тылда да жанқиярлық ерлік, жасампаздық еңбектің ерен үлгісін көрсеткенін мақтанышпен еске аламыз. Біздің облыстан майданға аттанған жауынгерлер қатарында өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының ең жоғарғы атағына ие болғандардың саны бүгінгі күні 29-ға жетіп отыр. Осы даңқты батырларымыздың қатарында А.Суханбаевты, С.Естемесовті, А.Дəулетбековты, С.Шəкіровті, Б.Момышұлын атап өтсек болады. Сонымен қатар, «Даңқ» ордендерінің толық иегерлері Е.Досмұхамбетов пен Т.Тастандиевті де осы топқа қосқанымыз абзал.Жалпы, осы жəне басқа да деректерді іздестіру барысында Ұлы Отан соғысына қатысты мұрағат құжаттарының басым көпшілігі Жамбыл облысының мемлекеттік архивіндегі 282-ші (Жамбыл облыстық партия комитеті) жəне 399-шы (Жамбыл облыстық атқару комитеті) қорларда жинақталғанын айта аламыз. Жоғарыда аталған қорларда Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, өңірдегі барлық жұмыстардың соғыс талабына сай жүргізіліп, халық арасында жаппай саяси жұмысты үдете түсу ісіне үлкен мəн берілгендігі көрсетіледі. Мəселен, Қазақстан К(б)П ОК-нің 1941 жылдың 4 қазанында ҚК(б)П Жамбыл облыстық комитетіне жіберген хатында Отанымызға қауіп төніп тұрған кезде халықты неміс-фашист басқыншыларына қарсы жұмыла бас көтеруге шақырады. Осы жəне де басқа да тапсырмаларды орындау барысы мен тылдағы жұмыстарды ұйымдастыру мəселелері тұрғысындағы құжаттар 399-шы қорда жинақталған. Осы қорда Кеңес Одағының Батыры атағын алмаса да, халық «хас батыр» санаған Ыбрайым Сүлейменовты («Халық Қаһарманы» атағы 2022 жылдың 6 мамырында берілді) мəңгі есте сақтау үшін Жамбыл ауданының «Төрткүл» колхозына, Жамбыл қаласындағы Билікөл көшесіне, батыр өмірге келген Сарысу ауданындағы «Комсомольский» ауылдық кеңесі мен «Қызыл күншығыс» колхоздарына Ы.Сүлейменовтың атын беру туралы еңбекшілер депутаттары Жамбыл облыстық Кеңесі атқару комитетінің 1944 жылдың 21 қаңтарында шығарылған қаулысы да бар. Əрине, жамбылдық жауынгерлер отандастарымен бірге майданның барлық шебінде ерлік көрсетті. Мəселен, Жамбыл қаласында 1942 жылдың қазанында құрылған 81-атты əскер дивизиясы Сталинград майданының 28-армиясының құрамында, фашистерге қарсы шабуыл басталғанға дейін Астраханның солтүстік шетіндегі 80-100 шақырымдық Волга жағалауын ерлікпен қорғады. Атап айтар болсақ, Сталинград түбінде Свердлов ауданынан – Б.Жүзенов, Б.Байжанов (қазіргі Байзақ), Мерке ауданынан – Ə. Сəрсенбаев, Б. Əлмереков, Луговойдан (қазіргі Т.Рысқұлов) – Қ. Дүйсенбиев, К.Жатқанбаев сияқты жауынгерлер асқан ерлік көрсетті. Аталған топта жамбылдықтардың аз болмағандығы жоғарыдағы құжаттарда анық көрсетілген. Жалпы, өткен соғыста аталарымыздың жанкештілікпен жасаған ерліктерінің ерен болғаны анық. Ендігі жердегі міндет, біздің аға буынымыз жеткен осындай жетістіктерді бағалай білуімізде болса керек. Осы орайда, екінші дүниежүзілік соғыстың қанды шеңгелінен аман қалған абзал ағаларымыздың көзі тірісіндегі естеліктеріне назар аударсақ болады. Осы қанкешуде Берлинге дейін жеткен, жоғарыда аты аталған Бейсен Байжанов ақсақал 1975 жылы тілшіге берген сұхбатында былай депті: «Свердлов ауданындағы (қазіргі Байзақ) Ақжар селосының екі жүз ер азаматы майдан даласынан қайтпады. Соғыс біздің халыққа оңайлыққа түскен жоқ. Жиырма миллион адам шығын болды. Менің əскери қызметім 1940 жылдан басталды, 1941 жылдың жазында фашистер мемлекеттік шекараны басым күштерімен бұзып, алға жылжи бастағанда біз Смоленск, Ельна бағыттарындағы қорғану шептерінде күші он есе басым басқыншыларға қарсы тұрып, қайсарлықпен күрескен солдаттар мен офицерлердің қатарында болдық. 1941 жылдың қаһарлы қысында Мəскеуді қорғадық. Мəскеу түбіндегі шайқастарда жауынгерлік тапсырманы орындағаным үшін менің омырауыма «Ерлігі үшін» медалі қадалды. Бұл ең алғашқы жауынгерлік наградам еді. 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап Сталинградты қорғауға қатыстым. Генерал-майор В. Чуйков басқарған атқыштар дивизиясында болдым. Взвод командирі ретінде бір күнде үш шабуылды тойтаруға қатысқаным үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталдым. 1943 жылдың қазан айында Чернигов бағытындағы мен басқарған батальон Днепр өзенінің батыс жағасына бірінші болып өтіп, жау бекіністеріне лап қойды. Маған Бас Қолбасшының бұйрығымен Алғыс жарияланды жəне Александр Невский орденімен наградталдым. 1945 жылдың қаңтар айында Польшаны азат ете отырып, фашистік Германияның жеріне жақындай бастадық. 1945 жылдың 2 мамырында Кеңес əскерлері Берлинді алды». Ары қарай, Жамбыл облысының Ақыртөбе ауылынан аттанған қазақ капитаны Бейсен Байжанов 9-шы атқыштар полкінің құрамында өз батальонын бастап, Рейхстагқа шабуылға шығады. Рейхстагқа шабуылды жүргізгені үшін ол екінші рет «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Жамбылдықтар партизан қозғалысына да белсенді атсалысты. Тұрғынбек Тыныбеков, Сыдық Қайдарқожаев секілді жерлестеріміз жау тылында фашистерге қарсы ерлікпен шайқасты. Бұрынғы партизан, Ұлы Отан соғысының ардагері, запастағы офицер Мəжит Мұқанов ағамыздың естелігінде: «1943 жылдың жазы. Кеңес Армиясының неміс басқыншыларын Брянск қаласына қарай тықсырып келе жатқан кезі. Біздің екінші Клетня партизан бригадасы Орел жəне Смоленск облысының түйіскен жерінде қимыл жасауда болатын. Клетня қаласында немістің паспорт столында екі жылдан астам жұмыс істеп жүрген біздің барлаушы немістердің демалыста болған артиллерия бөлімшесінің Брянск бағытына кетіп бара жатқанын, уақытын айта отырып, бізге хабарлады. Біздің бригада фашистердің бұл бөлімшесін майданға жеткізбей жермен жексен етуге бел байлады. Мен жолдастарыммен бірге жау тылында барлау жұмысын жəне бүлдіру əрекеттерін жүргізуге машықтанған едім. Біздер он адам болып Заводок пен Бардичи деревняларының арасындағы жолға шықтық. Жолдың 200 метр ұзына бойына шахмат тəртібімен тереңдігі жарты метр шұңқырлар қазып, олардың бəріне жарылғыш заттар қойдық. Бəрін сыммен байланыстырып, оның бір ұшын 300 метр қашықтықтағы бір биік ағаштың түбіне əкелдік. Жарылғыш заттар орналасқан жол үстін əбден таптадық та, үстінен тырма жəне арбаны ерсілі-қарсылы жүргіздік. Бригаданың 500-ден астам жауынгері жол бойына тосқауыл жасап жасырынды. Мен түбіне əлгі сым жеткізілген үлкен ағаштың басына шығып немістер келетін жақты барлаумен болдым. Тағы бір оқиға. Белоруссияның Пригорня темір жол станциясы арқылы немістер майданға күн сайын 12-17 эшелон өткізіп тұрды. Біздің бригада өзінің толық құрамымен түнде келіп станцияны қоршай орналасты да, таң ата шабуыл жасап, неміс гарнизонын жойып жіберді. Бұл операцияда мен пойыздан су алатын водокачканы қиратып, госпитальды өртеп жіберуге қатыстым. Партизандық жорық күндерінде «Рельс соғысы» дейтінге де қатысып, талай жауынгерлік тапсырманы орындауға атсалыстық. Мен қарулас достарыммен бірге екінші Клетня партизан бригадасы құрамында 27 ай бойы болып, жауынгерлік жорықтарға қатыстым. Менің партизан отрядында атқарған істерімнің біразы Əди Шəріповтың «Ормандағы от» деген кітабында, бір топ авторлардың «Ерлік» атты жинағында, «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» деген альбомкітапта жазылған. «Отан соғысы» ордені, «Отан соғысының партизаны» медалі жəне жауынгерлік алты медаль партизандық ісімнің белгісі іспеттес»,- деп жазылыпты. 1943 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде Жамбыл облысынан шыққан 270 қыз-келіншек Кеңес Армиясы қатарында соғысып жатты. Олардың қатарында Нұрғаным Байсейітова мен Тұрғаш Жұмабаева сияқты ерлік көрсеткен жамбылдық апаларымыз да болды. Тек, солардың атын жарыққа шығару əзірге кемшін. Бұл енді зерттеуді қажет ететін мəселе. Алапат соғыста, «əттеген-ай» дейтін тұстардың бірі, Ржев дөңесін азат ету үшін болған шайқас. Кеңестік əскери тарихнамада Ржев түбінде болған «Марс» операциясы туралы нақты деректер берілмеген. Нақтылап айтсақ, Ржев бағытындағы 60 мыңдық неміс армиясына 1 миллион 30 мың адамдық əскерді қарсы қою, əлбетте біріншіден əскери дайындықтың нашарлығын көрсетсе, екіншіден сол əскер құрамындағы адамдардың тағдырына деген немкеттілікті білдірсе керек. Əрине, Ржев қаласының Мəскеуден небары 200 шақырым қашықтықта орналасқандығын еске алсақ «Марс» операциясының соншалықты маңызды болғандығын түсінуге болатын секілді. Бүгінгі күн тұрғысынан түсінбейтіндігіміз құрбандыққа шалынғандардың қатарында қазақстандықтардың, соның ішінде қазақтардың үлес салмағының көптігі. Дегенмен уақыт бəріне төреші. Қазіргі кезде осы ұрыста шейіт болған əруақтардың аты-жөндері қайта аталынып, осы аталарымыз туралы ақпараттар там-тұмдап берілуде. Айтар болсақ, Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев əкесінің майдангер болғанын, ал ағасы Тверь облысының Ржев қаласы маңындағы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратында жерленгенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы сонымен қатар, Иваново облысында соғыс уақытында қаза болған қазақстандық 73 жауынгердің жерленген орны табылғандығына да ризашылық білдірген еді. Екіншіден, соғыста қайтыс болған боздақтарымызды іздестіруді тездетуіміз қажет. Себебі, толық емес мəліметтерге қарағанда облысымыздың тек Байзақ ауданынан (бұрынғы Свердлов) соғысқа аттанған 2924 жауынгердің 1972 – сі хабар-ошарсыз кеткен. Сондықтан да, осы саланы (Ұлы Отан соғысының тарихын) зерделеп жүрген ғалымдар мен іздеушілердің, өлкетанушылардың арасынан біліктілерін таңдап, олардың осы істі кешенді зерттеулеріне мүмкіндік жасағанымыз дұрыс. Жан алып, жан беріскен Ұлы Отан соғысының төрт жылы КСРО-ның көп ұлтты халқының басына түскен ең ауыр зауал болғаны анық. Осы орайда, жамбылдықтардың соғыс жылдарында майдан даласында да, тылда да жанқиярлық ерлік, жасампаздық еңбектің ерен үлгісін көрсеткенін мақтанышпен еске аламыз. Біздің облыстан майданға аттанған жауынгерлер қатарында өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының ең жоғарғы атағына ие болғандардың саны бүгінгі күні 29-ға жетіп отыр. Осы даңқты батырларымыздың қатарында А.Суханбаевты, С.Естемесовті, А.Дəулетбековты, С.Шəкіровті, Б.Момышұлын атап өтсек болады. Сонымен қатар, «Даңқ» ордендерінің толық иегерлері Е.Досмұхамбетов пен Т.Тастандиевті де осы топқа қосқанымыз абзал. Тиісінше, үшіншіден, осы бағыттағы атқарылған тірліктерімізді ұқсата түсу жолындағы іс-шараларымызды ширатқанымыз жөн. Мəселен, Сталинград шайқасына, «Марс» операциясына қатысып, ерлікпен көзге түскен жауынгер бабаларымыз туралы өмірбаяндық анықтамалық жазып шығуға болмас па еді? Немесе, қазірге дейін белгілі болған тұлғаларды, олар туып-өскен елді мекендерінде ұлықтап, соғыста шейіт болған боздақтардың əруағын риза ету керек емес пе? Ол үшін əрбір музей мен ауылдық округтерде əскери даңқ бұрыштары ашылып, онда ерлеріміздің өмірбаяны, орден жəне медаль кітапшаларының көшірмелері мен майданнан жазылған хаттары қойылса дұрыс болар еді.

Сейдахан БАҚТОРАЗОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, «Дулатитану жəне Өңір тарихы» ғылыми - зерттеу орталығының басшысы
Обсудить
Блок в статье:
Тағзым 01 июнь 2025, Воскресенье

Похожие материалы:

Тағзым
01 август 2024, Четверг
Тағзым
Бүгінгі күн ертеңгі тарих!
07 август 2024, Среда
Бүгінгі күн ертеңгі тарих!
Ер есімі - ел есінде
08 апрель 2020, Среда
Ер есімі - ел есінде
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры