Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ҚАРИЯЛАР

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ҚАРИЯЛАР

10 март 2025, Понедельник
42
0
Қордай аудандық ардагерлер кеңесі мен аудан əкімдігі дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып аудан ардагерлері арасында дəстүрлі спартакиада өтті. Жарыстың өтуіне «Аманат» партиясы аудандық филиалының қолдау көрсеткендігін атап айтуға тиістіміз.Бұл жолы да əдеттегідей байрақты бəсекеге алпыс үштен асқан ер азаматтар мен алпыс бір жастан асқан əйелдер қатысып бақтарын сынады. Ардагерлер жарысына барлық ауылдық округтердің қарияларынан жасақталған командалар қатысты. Жарыс спорттың 9 түрінен – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, биллиард, дартс, теннис, қол күресі жəне волейбол ойындарынан ұйымдастырылды. Айтулы мереке құрметіне ұйымдастырылып отырғандықтан жарыстың салтанатты ашылу рəсімі болып, онда аудан əкімінің орынбасары Дамира Маратқызы Сүгірбай, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төраға Бейқұт Жамангөзов жəне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде осы жолдардың авторы құттықтау сөз сөйлеп, жастарының егде тартқанына қарамастан қуат-күштері қайтпаған үлкендерімізге сəттілік тіледі. Спорт саласының ардагері, белсенді азаматымыз Нұрғали Өмірзақов қарт спортшыларға өзінің ақ батасын берді. Шынын айтуымыз керек, ардагерлер арасындағы жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан аудандық спартакиада бұл жолы да жанкүйер көпшіліктің көңілінен шықты. Үлкендеріміз ойынның қай түрінде болмасын шебер ойын өрнегін көрсетіп, жақсы нəтижелер көрсетті. Бəсеке өте тартысты өтті, жеңіске деген жігерді əр спортшының бойынан аңғарғандай болдық. Енді бəсекелестік жағдайында өткен спартакиаданың қорытындысы жөнінде айтайын. Дойбыдан Жамбыл ауылының ардагері Жəнібек Ермекбай жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды Сарыбұлақтан Сəрсен Сатов, Үлкен Сұлутөрден келген Мұқтар Бейсеқожаев өзара бөлісті. Əйелдер арасынан Ауқатты ауылынан Алтынкүл Молдажанова, Сарыбұлақтан Балаханым Дұрсынова, Сортөбеден Зенебе Хурова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Шахматтан ерлер арасында масаншылық Мар Маджин, ауқаттылық Санджур Машанло, Ноғайбай ауылынан Бекен Сұраубай, əйелдер арасынан қордайлық Роза Сатова, сортөбелік Мария Кимурова, Кенен ауылынан Жұмаш Кененбаева, биллиардтан сортөбелік Есенбек Шимаров, Ноғайбай ауылынан Бекен Сұраубаев, қордайлық Жапарқұл Естемесов, үстел теннисінен ерлер арасынан масаншылық Эрсамене Бейшанло, Ан-юб Двумаров, қарасайлық Зарлық Жалғасбаев, əйелдер арасынан қордайлық Валентина Павлова, Қақпатас ауылынан Мадиша Сəрсенбаева, масаншыық Галина Долговиязова, тоғызқұмалақтан ерлер арасынан қордайлық Жұмабек Арзыханов, Бекқайнарлық Сəрсехан Амиров, ауқаттыдан А.Əбдірасілов, əйелдер арасынан қордайлық Галина Дауытқұлова, Жамбыл ауылынан Гүлнар Айтқұлова, Сарыбұлақтан Сұлтан Османова, дартстан ерлер арасынан ауқаттылық Шаршамбек Молдашева, Сарыбұлақтан Асаділда Мырзахметов, Қарасу ауылынан Əскербек Құрманов, əйелдер арасынан Сортөбеден Салима Вансинвин, Кенен ауылынан Күлипа Қырықбаева, Сортөбеден Люхуар Гнилей, асық атудан қарасайлық Зарлық Жалғасбаев, Степной ауылынан Аманхан Ырысымбетов, Бетқайнардан Қайрат Сабиров жеңіс тұғырына көтеріліп, жүлдегер атанды. Аса тартысты өткен волейбол жарысында Масаншы ауылының қариялары бас жүлде алып, Ауқатты жəне Қордай ауылының спортшылары жүлделі екінші жəне үшінші орындарды өзара бөлісті. Жалпыкомандалық бірінші орынды Масаншы ауылының, екінші орынды Қордай ауылының, үшінші орынды Сортөбе ауылының ардагер спортшылары иеленді. Жеңіске жеткен жеке спортшылар мен командалар арнайы медальдармен, Дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біржан ƏЛІМБЕТ, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
Тағзым 01 июнь 2025, Воскресенье

Похожие материалы:

Ұлы Жеңіске – 85 жыл!
23 апрель 2025, Среда
Ұлы Жеңіске – 85 жыл!
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
АРДАГЕРЛЕР ІСІ ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
20 август 2024, Вторник
АРДАГЕРЛЕР ІСІ ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры