ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ
Ауған соғысының ардагері, Халық Қаһарманы, қоғам және әскери қайраткер Бақытжан Ертаевтың 70 жасқа толған мерейлі тойы туған жері – Жамбыл өңірінде дүркіреп аталып өтті. Жауынгерлік жолын қарапайым сарбаз болып бастап, генерал-лейтенантқа дейін өскен ерді елі ұлықтап, барлық сән-салтанатпен қарсы алды. Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев – взвод командирінен корпус командиріне дейін даңқты жауынгерлік жолдан өткен. Ауған соғысының шиеленісіп тұрған шағында нағыз жауынгерге тән мінез танытқан. Ол аумалы-төкпелі заманда еліміздің тыныштығы үшін тер төгіп, тәуелсіз еліміздің әскери доктринасын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Әйгілі генералдың 70 жылдық мерейтойы аясында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Тараз қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жерлестері батырға қазақы дәстүрмен шапан жауып, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады.
– Елі мен жерін сүйген, діні мен тілін қастерлеген батырдың өткен жолы – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде таптырмас дүние. Бар саналы ғұмырын елдің амандығы мен қоғамның тыныштығына арнаған батыр ағамызды мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! – деп атап көрсетті аймақ басшысы.
Батырдың тойы туған жері Жуалы ауданында жалғасты. №91678 әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесу өтті. Жуалыдан шыққан батырлар тақырыбында көрме ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұсынылды.
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев кіндік қаны тамған Ертай ауылына барып, жерлестерімен жүздесті. Ауыл мешітінде әруақтарға құран бағышталды. Ауылдастары сый-сыяпат жасап, генералға ақбоз ат мінгізді.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)