"Батаменен ел көгерер" атты аудандық батагөйлер байқауы
Шу ауданы Д.Қонаев ауылының мәдениет үйінде "Батаменен ел көгерер" атты аудандық батагөйлер байқауы өтті .
Байқауды Шу ауданының әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев Кенжеханұлы ашты .
Батагөй қарияларды Аналар алқасы әнмен шашу шашып, ыстық бауырсақ, қымызбен қарсы алды. Байқауға он үш округтан , он үш қария қатысты . Байқау жоғары дәрежеде өтті. Ауылдың әкіміне , жастар орталығына , мәдениет үйінің қызметкерлеріне үлкен рахмет айтты.
Әділқазылар төмендегідей баға қойды:
Гран При : Балықбаев Мейрхан , Төле би а.о (Мұздатқыш)
I- орын : Қабылбеков Әшірхан , Ақтөбе а.о ( Шаңсорғыш)
II- орын : Буданбеков Мұхтар, Бірлікүстем а.о (Әсел пеш)
III- орын : Асланов Жұмали , Жаңақоғам а.о (Термопот)
III-орын : Садырбаев Әлдибай, Балуан Шолақ а.о (Термопот)