Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » СӨЗ ҚУҒАННАН ПАЙДА ЖОҚ

СӨЗ ҚУҒАННАН ПАЙДА ЖОҚ

27 апрель 2023, Четверг
160
0
Қазір үлкеніміз де, кішіміз де интернетке кіріп, әлеуметтік желілердегі жел сөздерге бас көтермей қарайтын болдық. Байқайсыздар ма, біреу ойына Алла салған бір сөзді айтады, соның төңірегінде басқалармыз пікір жазып, ұлардай шулаймыз. Басқа елде қалай екенін қайдам, біздің ұлтымыз сөзуар, ақылгөй болып барады. Болып жатқан құбылыстардың бәріне ақыл айтатын болдық. Пікір білдірген дұрыс қой, бірақ беталды ақылдымси берудің жөні қисынсыз ғой деп ойлаймын. 
Әлеуметтік желілерді шулатып жатқан сол "данышпандарға" қой деп айтатын қазақты көрмедім. Бізде қазір абыройлы болып жүрудің өзі қиын шаруға айналған сияқты. Блогерлеріміз анау, халық сайлаған депутаттардың соңына шырақ алып түсіп, сұрақтардың астына алуда. Қызметі өскен абыройлы азаматтарымыздың аяғынан шалуда. Өмірде бәрі болады. Наны жүрген, абыройы асқан біреудің кәмелетке толған балалары істі болып жатса да, қолдан айқай-шу ұйымдастырамыз.  
Бұрындары қазақ қариясын сыйлаушы еді. Үлкеннің айтқаны – кішіге заң болатын. Бүгіндері қалай? Өткені өнеге, бергені мол, кезінде еңбегімен елге сыйлы болған азаматтарымыз қоғамдық жұмысқа араласып, белсенділік танытса, жастарымыз солардың шаужайына жармасатынды шығарды. 
Ұлы Абай айтқан ғой: "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деп. Осыны түсініп жатырмыз ба? Ең өкініштісі – айтысып-тартысып жатқан өзіміздің қазақтарымыз. Басқалар миығынан күліп, сырттан бақылап отыр. Жердің егесі, елдің егесі қазақ дейтін болсақ, бұлай етуімізге ешқандай негіз жоқ қой. Біз – демократиялық, құқықтық мемлекетпіз. Ашық қоғам құрып жатырмыз. Бірақ, бетімен кетушілікке, аузымызға не келсе, соны айта беруге тиісті емеспіз. Бүгінгі үлкендеріміздің өткен өмір жолдары тағылымға толы. Өнеге аларлық, үйренерлік істері көп. Елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар бұлағы десе де болады. Ал солардың барлығын қалай  жоққа шығаруымыз керек. 
Біздің ақылды, парасатты, белсенді қарияларымыз бүгінде ардагерлер ұйым-дарының, олардың жанынан құрылған билер кеңестерінің төңірегіне топтасқан. Қоғамдық негізде олар қыруар тіршілік атқаруда. Пайдалы істердің басынан табылуда. Олар өздерінің қоғамдық қызметтері үшін ақы-пұл сұрап жүрген жоқ. Таза жүреді, мұнтаздай таза киінеді, жақсы сөздер айтады. Сөйтіп, өзінен кейінгілерге өнеге көрсетеді. 
Күні кеше ғана, қоғам белсендісі болып,  блогер атанып, өздерінше "әділеттілік" үшін күресіп жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың құрықталғанын ақпарат құралдарынан естіп білдік. Олар кәсіпкерлерді бопсалап, ақша жинаумен айналсықан. Сондағылары  "жастарды тәрбиелейміз" деп елдің үстінен күнелтіп келген ғой. 
Осы бір оқиғадан кейін мен ойланып қалдым. Кейінгі кезде  қаптап кеткен блогерлердің іс-әрекетінің астарында не жатыр екен деген де күдікті ой мазалайтын болды.  Өйткені, олардың белсенділігі тіптен өршіп кетті ғой. 
Жалпы менің ойымша, әлеуметтік желілерді тұрақты пайдаланатын, қоғамның көптеген түйіткілдеріне жөн-жосықсыз араласатын, ел сыйлайтын басшыларға, қоғам қайраткерлеріне, елдің ардақтыларына кінә артатын, ақтан қара іздейтін "блогерсымақтардың" құқықтық мәртебесін ақындайтын кез келді. 
Жалпы қай істе болмасын бетімен кетушілікке жол беруге болмайды. 
Бұл орайда біздің белсенділігі жоғары, бұқаралық қозғалыс болып табылатын ардагерлер ұйымдары, билер кеңестері көп іс тындыра алады.  Дана халқымыз "Сөз қуған бәлеге жолығады" деп тегін айтпаған. Сөзді көбейтпей, бос әңгімен өршітпей, нақты іспен айналысқанымыз абзал болар. 

Талғат ЖҰМАБЕК, 
облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ТЕКТЕН НӘР АЛҒАН ТОЗБАЙДЫ
25 август 2022, Четверг
ТЕКТЕН НӘР АЛҒАН ТОЗБАЙДЫ
Ойталқы
29 апрель 2020, Среда
Ойталқы
Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры