Ысырапшылдыққа тыйым болмай тұр


Сондай-ақ, марқұмның қырық күндігіне дейін таратылатын бейсенбісіне қатысты Тамды ауылы «Тәңкібай ата» мешітінің имамы Нұрбол Төреқұлов: - Бақилық болған адамның бейсенбісін өткізу қалтаға салмақ. Бұл өте күрделі мәселе. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңірек жүргізе білу қажет. Дұрыс насихатталса, халық келіседі. Алайда, бұл бір күнде шешілетін түйткіл емес. Сәтімен жүзеге асады. Мәселен Тамды ауылында марқұмның қонақасын беруге шектеу қойдық. Алыстан көңіл айтып келгендер болмаса, үлкен дастархан жайып қажеті жоқ, - деді.
Ауыл имамының сөзін қостаған Сәулембай Әбсадықұлы бейіт басында жыртыс таратуға қатысты ой бөлісті.
- Жыртысты ақшалай тарататын жағдай да ұшырасады. Оны көңіл айтып келгендерге емес, жетім-жесірлерге үлестіргеннің сауабы әлдеқайда мол болмақ, - деді ол.
Өз кезегінде Жалғас Жұбатхан арнайы топ құрып, жаназа намазы оқылған үйге барып, насихат жұмысын жүргізуге, ортақ пәтуаны түсіндіруге байланысты бастама көтерді.
Сонымен қатар, жиында Қызыләуіт ауылының имамы Қали Төсбаев, Майтөбе ауылының имамы Мұхтар Шәдіманұлы, Үшарал ауылының имамы Қадірбек Көпбосынұлы, Бөлтірік шешен ауылының имамы Бақытжан Нұғыманов, қандастар мәселесімен айналысып жүрген Жолдас Нұрбаев бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, көпке ортақ түйткіл бойынша пікір білдірді.
Жиында Батырхан Темешбай: - Жұмыс жоспарын құру керек. Ауылдық округтердегі әкім аппаратында дін істерімен айналысатын мамандар бекітілген. Ауылдағы қариялар, ардагерлер кеңесі, билер кеңесі бар жұмысшы тобын құрсақ. Ысырапшылдықты тию туралы үндеу қабылдап, оның мәтінін баспасөз бетіне жарияласақ халық танысар еді,-деген ұсынысын білдірді.
Басқосу соңында жиылғандар бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, тыңғылықты жүргізу туралы тоқтамға келді.
Нарбол Қашаған, Талас ауданы
Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (0)