Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ертегімен әлдиленген

Ертегімен әлдиленген

31 январь 2025, Пятница
19
0
Кезінде халық батыры Бауыржан Момышұлы бала-ларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден, немересіне қазақы жыр - дастан, ертегі айтып беретін ата-әженің азаюынан қорқамын деген екен.Бүгінде осындай ру-хани олқылықтың ор-нын толтыру бағытында талпыныстардың болып жатқандығын ай-туға тиістіміз. Біздің облысымызда ардагерлер ұйымдарының бастамасымен және аналар алқаларының тікелей ұйымдастыруымен балабақшаларда әжелердің ертегі оқып беруі дәстүрге айналып келеді. 
Жақында Жамбыл аудандық аналар алқасының ұйымдастыруымен ауылдық округтердегі балабақшаларға ауыл әжелері барып, бүлдіршіндерге түрлі тақырыпта ертегілер айтып берді. Ауыл әжелері бұл жұмысқа құлшына атсалысты. Апыл-тапыл басып, тілдері шыққан бүлдіршіндер әжелердің қызықты ертегілерін беріле тыңдады. Мәселен Тоғызтарау ауылында аналар алқасының төрайымы С. Жолдасбаева "Әжемнің ертегісіне саяхат" жобасы аясында балғындарға "Бала мен қарлығаш" ертегісін оқып берді. Ал, Өрнек ауылының аналар алқасының төрайымы А. Мұқанова балабақшаға барып бүлдіршіндерге "Бауырсақ" ертегісін айтты. 
Әжелердің ертегі айтуы барлық ауылдардағы балабақшаларда өз жалғасын тапты. Тастөбе ауылындағы балабақшада осы елді мекеннің аналар алқасының төрайымы А. Жолтаеваның "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" ертегісін бүлдіршіндер ұйып тыңдады. Балғындарды ертегінің қызықтырғандығы соншалық, олар әжелеріне сұрақты көптеп қойды. Әже мен балалар арасында сөйтіп жақсы бір байланыс орныққандай болды. 
Балабақша ұландарына ерте-гі айтып берудің өзі әжелер үшін бір ғанибет шаруа болды. Шаршаған жоқ,  шалдыққан жоқ. Қайта балалардың ертегіні ұйып тыңдағандары әжелерге күш-қуат бергені анық. 
Қызылқайнар ауылындағы балабақшада ұйымдастырылған ертегі айту машығы өте тартымды болды. Ауылдық аналар алқасының төрайымы Ө. Сейтқасым балаларға "Алтын сақа", "Тырна мен түлкі" ертегісін ұғынықты тілмен әдемі айтып жеткізе білді. 
Әрине, бір мәрте барып ертегі айтумен бүлдіршіндердің ой-өрісін, дүниетанымын терең-дете алмаймыз. Мұндай игілікті шаруа жүйелі, жоспарлы жүргізілуі керек. Сәбилердің қызығушылығын тудыруымыз қажет. Қалай болғанда да Жамбыл аудандық аналар алқасының бұл жолғы игі бастамасы құптауға, қолдауға әбден тұрарлық. Олай болса аналар алқалары мұрындық болып отырған жақсы жұмыс жарасымын таба берсін деген тілегіміз бар. 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН 31 январь 2025, Пятница
Ертегімен әлдиленген 31 январь 2025, Пятница

Похожие материалы:

АҢЫЗ – ТҰНҒАН ТӘРБИЕ
22 ноябрь 2024, Пятница
АҢЫЗ – ТҰНҒАН ТӘРБИЕ
АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
10 ноябрь 2022, Четверг
АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
Балабақшадағы тәрбие
31 январь 2025, Пятница
Балабақшадағы тәрбие
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры