«Елдіктің тоғыз бағыты-жас ұрпаққа бағдар» атты облыстық семинар-кеңес
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Талас ауданы Ойық ауылында ағымдағы жылдың 18 қыркүйегі күні Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер, билер, әкелер, аналар кеңестерінің төрағалары мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларының және белсенді ардагерлердің қатысуымен Ауылым алтын бесігім «Елдіктің тоғыз бағыты-жас ұрпаққа бағдар» атты облыстық семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңестің мақсаты:
*Ауыл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, қол өнер, патриоттық тәрбие, билер жұмысы, аналар жұмысы, өнер адамдары концерті, тәлім-тәрбие, жастармен жұмыс.
*Қоғамдағы болып жатқан келеңсіз құбылыстармен құқық бұзушылармен лудомания(ақылсыздыққа дейін ойнау), буллингпен(агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі) зорлық-зомбылықпен, нашақорлықпен күресу.
* Салт-дәстүр, той жасау, ас беру мәдениетін жолға қоюды діни басқармамен бірлесе отырып іске асыруды қолға алу
*ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халықына жолдауында айтылған ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумды қолдау.
Облыстық семинар-кеңеске қатысушы қонақтарды Ақкөл ауылында ардагерлерден құралған «Әжелер ансамблі» әнмен қарсы алды. Семинар-кеңеске қатысушы қонақтар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне гүл қойып, ардагерлер ұйымының жұмысымен танысты
Ақкөл ауылдық округінен кейін қонақтар Ойық ауылына қарай жолға шықты. Жолай кезінде Д.А.Қонаев ақсақал шыққан, бұл күнде «Димаш атаның тарихи столы» - аталып кеткен биікке тоқтап, Димекең отырған тарихи столды тамашалады. Келесі кезекте Сейілбек ауылындағы Қарақожа және Бөлтірік шешен кесенелеріне және Сейілбек ауылынан төрт шақырымдай жерде жатқан тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың әкесі Жылқайдарұлы Рысқұлдың бейітіне арнайы барып, аруақтарға құран бағыштады. Бұдан кейін Ойық ауылындағы техникалық жөндеу орталығының (ТЖО) (Мал бордақылау кешені) жұмыс барысымен танысты. Келесі кезекте Ойық ауылындағы Д.А.Қонаев мектебінің және Дене шынықтыру спорт кешенінің жұмысымен танысып, одан ары «Жеңіс» саябағындағы ұлттық өнер көрмесін тамашалады. Келесі кезекте Ойық ауылдық округындағы ардагерлер үйінің жұмысымен танысты.
Ойық ауылындағы Ә.Тәжімбетов атындағы мәдениет үйіндегі өткен семинар-кеңесте *ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халықына жолдауынан туындайтын мәселелер туралы- Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Солтыбаев Еркімбек Бейсембекұлы, *Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы (Ардагерлердің қол жетімді медициналық қызмет алуы, санаторий, шипажайларға баруы, оңалту (реабилитация) қызметтерін пайдалануы) және аудандағы идеологиялық жұмыстардың кезек күттірмейтін міндеттері (салт-дәстүрлерді насихаттау, жаңарту, той, ас, жаназа өткізу дәстүрлері, балалардың қауіпсіздігі,тұрмыстық зорлық-зомбылық, аудандағы діни ахуал) жайы, қоғамдық ұйымдармен жұмысы туралы- Талас ауданы әкімінің орынбасары Әбдібекова Айтолқын Серікқызы, *Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру-ардагерлер ұйымдары қызметінің негізгі бағыты туралы- Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық «ТОО-МҰРА» ЖШС «Ғұмыр Дария» газетінің директор-бас редакторы Жаңабай Миллионов *«Бес кеселге қарсы күрес» туралы- Талас аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Әбсадықұлы Сәулембай * «Елдіктің тоғыз бағыты-жас ұрпаққа бағдар» атты семинардың мақсаты және атқарылған жұмыстар туралы-Ойық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахманбердіұлы Пана, *«Елдіктің тоғыз бағыты-жас ұрпаққа бағдар » атты облыстық семинарда үндеу қабылданып, үндеуді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық «ТОО-МҰРА» ЖШС «Ғұмыр Дария» газетінің директор-бас редакторы Жаңабай Миллионов оқыды. Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет Грамотасымен Ойық ауылындағы тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созып жүрген және осы іс-шараға көмек жасаған ардагерлер мен кәсіпкерлер марапатталды.
Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімі
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
04 октябрь 2024, Пятница
СЫЙ СИЯПАТ
01 октябрь 2024, Вторник
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
01 октябрь 2024, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)