Ақкесене: кеше және бүгін
Менің осы мақаланы жазуыма белгілі қаламгер, жерлесіміз Көсемәлі Сәттібайұлының өзінің Faсеbook парақшасында жариялаған жазбасы түрткі болды. Онда автор Үшарал ауылына барған сапары барысында сондағы XX ғасырдың бас кезінде салынған Абдолла имам мешіті туралы аз-кем ой бөліскен.
Онда автор: – Мешітті «реставрациялапты». Осы тіл күрмелетін қиын сөз сияқты, баяғы мешіт төл сәулетінен, төл сәулесінен айырылыпты. Күмбездегі дегелектердің ұясы да көрінбейді. Сұрап ем «реставрация кезінде алып тастаған», – деді.
«Айша бибінің де кесенесі осы реставрациядан кейін бұрынғы сиқырға толы сұлулығынан айырылып қалды», – дейді Көсемәлі бауырымыз осы жазбасында.
Аталмыш мешітке 1985-1986 жылдары және 2003-2004 жылдары реставрация жасалған. Осы екі рет жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарынан соң мешіт өзінің алғашқы сәулетінен біршама өзгеріске түскен.
Ақыры, Үшарал ауылы туралы әңгіме қозғалғандықтан осы ауылдың солтүстігіне таман 27 шақырым жердегі құмды жазықтықта бой көтерген Ақкесене бекінісі туралы да ой өрбіткенді жөн көрдік.
Бекініс – X-XVII ғасырларға жататын археологиялық ескерткіш саналады.
2000 жылдардың басында алғаш Ақкесенеге жолымыз түскен еді. Алғашқы әсерді айтып жеткізу қиын енді.
Жүрегіміз дүрс-дүрс соғып, ішіндегі айналма баспалдағымен ұшар басына да көтерілдік. Көненің көзімен жүздескен сәттегі бойымды билеген белгісіз сезімді әлі ұмытқаным жоқ. Іргесіндегі арнасы кең ұзыннан ұзаққа созылып жатқан Қалмақарықтың өзі не тұрады. Сол заманда қолмен қазылған дегенге адам сене алар емес.
Сол сапарымызда «Айбыны асқан Ақкесене» деген мақала да жазған едім.
2006 жылдың мамыр айында ауданымызға қазақтың бетке ұстар бір топ азаматтары келе қалды. Құрамында КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, профессор Қойшығара Салғара, жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбек, жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы және жазушы Қадірбек Сегізбаев, ақын Қуанышбай Құрманғали және өзіміздің жерлесіміз, жазушы-журналист Серік Әбдірайымұлы болды.
Сол кездегі аудан әкімі Батырбек Құлекеев мәртебелі меймандарды ауданымыздың көрікті жерлерімен, тарихи орындарымен таныстырып, соңында Ақкесенеге бастап алып барды.
Ақкесенені алғаш көрген қонақтар таңданыстарын жасыра алмады. Әр кірпішін қолдарымен сипап, бастарын шайқасты. Қалмақарықтың бойымен жаяу жүріп тамашалады.
Ал, сол Ақкесенеге 2006-2007 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Қайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын Тараз филалы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіпті.
Осы қалпына келтіру жұмыстарынан кейін де Ақкесенеге жолымыз түскен. Айнала қарап, көп өзгерістің болғанына көзіміз жетті. Бірақ бұрынғыдай сезім, көңіл-күй мүлдем белгі бермеді. Ақкесене бұрынғы айбыны мен сәулетінен ажырап қалыпты.
Қалпына келтіру жұмыстары мамыр айындағы біздің сапарымыздан соң жүзеге асқан-ау шамасы, деген ой келді. Жоғарыда аталған қонақтарды одан бұрын алып барып, Ақкесенің алғашқы нұсқасын көрсетіп үлгергеніміз қандай жақсы болған деп қуандым.
Ойды ой қозғайды ғой.
Университеттің журналистика факультетін бітіретін жылы диплом жұмысымның тақырыбы «Коммунист» газеті (қазіргі «Ag jol» газеті) Ұлы Отан соғысы жылдарында» болатын. Сол кезде кітапханаларда газет тігінділерімен отырып жұмыс істеуге тура келген.
Сонда сол жылдары жазылған шағын мақалаға көзім түскен еді. Қазір авторын ұмыттым, жаңылмасам архитектор болатын. Ол кісі Қарахан кесенесі туралы сөз қозғапты.
Оның жазбасында 1905 жылы құлаған кесенені түгелдей бұзып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынғанын және оның түпнұсқаға мүлдем ұқсамайтынын айта келе, оның тарихи мәнінің төмен екендігіне саятын пікір білдірген екен.
Жоғары оқу орнын бітірген жылы Жамбыл аудандық «Шұғыла»-«Радуга» газетінде еңбек еттім. Сол кезде сырты шынымен қоршалған Айша бибі кесенесің жартылай құлаған болса да түпнұсқасын көрген едім.
Бойымды билеген белгісіз сезімнің әсерінен көпке дейін кесенені айналсоқтап ұзай алмаған едім.
Жалпы тарихи археологиялық ескерткіштер қайта жаңғыртудан өткеннен кейін алғашқы кескін-келбеті көп өзгеріске түсіп, адамға мүлдем басқаша әсер етеді.
Осы екі мысалдан менің көзім соған жетті.
Дүйсен МОЛДАҚҰЛОВ,
ардагер журналист
Талас ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)