Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АБДУЛЛА ИШАН МЕШІТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

АБДУЛЛА ИШАН МЕШІТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

30 январь 2024, Вторник
66
0
Абдулла ишан мешіті Талас ауданы, Үшарал ауылының орталығында орналасқан. 
Мешіттің құрылыстық жобасы төртбұрышты, күйдірілген кесектен өрілген, төбесі көп күмбезді. Орталық зал үлкен күмбезбен, қалған бөлмелер мен жанындағы үш айван кішілеу келген 15 күмбезбен жабылған. Айванның сыртқы қапталдары аркалы күмбездер түрінде асқан шеберлікпен өрілген. Негізгі орталық бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасында михраб қуысы мен эпиграфиялық мәнерде жазылған жазудың іздері болған. 
Абдулла ишан мешіті бүгінгі күнге дейін діни мінәжат орны ретінде кәдеге жарап келеді.
Өз заманында аса көрнекті діни қайраткер болып, замандастарын иманға шақырған Абдулла ишан Сайдидің мешіті де бүгінде жамбылдықтар үшін қасиетті орын саналады. Талас ауданының Үшарал ауылында орналасқан мешіт әр жылдары Жамбыл облысының республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік қасиетті нысан ретінде тізімге алынған. 
Бұл мешіт жергілікті діндар Саитбаттал-хазрат отбасында дүниеге келген Абдулла ишан Саидидің құрметіне салынған. Аумалы-төкпелі заманға қарамастан қажылыққа екі рет барған Абдулла - ишан жергілікті тұрғындардың өтінішіне құлақ асып, медреседе балалардың діни сауатын ашумен айналысқан.
Өз ғұмырын толықтай тақуалыққа арнаған жан 1836 жылы дүниеге келген екен. Ата-анасынан жастай айырылып, жетім қалған баланы нағашы атасы бауырына басады. Әскери борышын генерал Перовскийдің әскери құрамында өтеген Абдулла ишан патшалық Ресей империясы мен Қоқан хандығы арасында болған ұрыстарға қатысады. Әскери қызметтен соң ишан көп ұзамай діни сауатын жетілдіруді мақсат етеді. Осылайша ол Бұхара, Хорезм, Стамбулдағы діни оқу орындарында ислам дінінің қыр-сырына терең бойлайды. Діни білімін жетілдіру жолындағы 30 жылға созылған осы сапар кезінде екі рет қажылыққа барып, Бұхара жерінде медресе ашып шәкірт тәрбиелейді. Сөйтіп жүріп араб, парсы тілдерін және шешендік өнерді де жетік меңгерді. Сопылық ілімнің жалғастырушысы ретінде Абдулла ишан өзі туып - өскен өлкеде де атақ-абыройдан кенде болмады. Оның ізін жалғастырушылар да табылды.
Абдулла ишан 1914 жылы өмірден өтсе де оның құрметіне соғылған мешіт әлі күнге дейін жергілікті халық үшін діни мінәжат ететін орын ретінде қызметін атқарып келеді. Күйдірілген кесектен өрілген көк күмбезді мешіт барынша сән салтанатпен салынған. Уақыт өте мешіт ғимараттарының күмбездері мүжіліп, қираған. Сондықтан, жергілікті халық оны 1947-2004 жылдар аралығында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Қабырғаларын берік ету мақсатында оның жекелеген бөліктерін қайта тұрғызуға тура келген. Расында 100 жыл бұрын салынған бұл мешіттің уақыт сынына төтеп беріп, оған қоса атеизмді ұрандатқан Кеңес өкіметі жандайшаптарының қирата алмауының өзі де оның киелілігін нақтылай түседі.
Үміт БИТЕНОВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Талас ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

АУЫЛДА МҰРАЖАЙ БОЛСА ДЕЙМІЗ
13 ноябрь 2023, Понедельник
АУЫЛДА МҰРАЖАЙ БОЛСА ДЕЙМІЗ
САМАРҚАНҒА  САЯХАТ
30 январь 2024, Вторник
САМАРҚАНҒА САЯХАТ
Тарихи-мәдени мұра
08 июль 2021, Четверг
Тарихи-мәдени мұра
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ,  ЕҢБЕГІ ЕРЕН...
28 сентябрь 2023, Четверг
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ЕҢБЕГІ ЕРЕН...
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры