Қыбырай би
Дулат ішіндегі азулы би, атақты шешен болған Қыбырай Жайылмысұлы (1589-1682) Жаныстың шөбересі, Ташкенттен жоғары Шыршық өзенінің оң жағасында тұрды, Есімхан мен Ташкент билеушісі Тұрсынхан соғысқанда Қыбырай батыр Есімхан жағында болған екен.
«Қыбырай би Жайылмысұлы – (шамамен 1589-90 ж.ж.) қазіргі Өзбекстанға кеткен Бостандық ауданы жерінде дүниеге келген. Жанту-Жайылмыс бұтағынан. Қыбырай – Қожамберді атаның туған інісі. Ата бұтақтан бері келе жатқан билік жолын тікелей жалғастырушы. Аса сабырлы, кесіп бір-ақ сөйлейтін, ұзақ жасаған адам. 1677-78 жылдары Түркістандағы хан ордасына халық қызметіне аттанған 15 жасар Төлеге ел атынан бата берген. Орыс тарихшылары Алекторов, Румянцев, Левшин, қазақ тарихшысы Тынышбаевтың еңбектерінде Төле биді жастайынан дайындап, ел билігі тағына көтерген Қыбырай Жайылмысұлы екендігі атап көрсетілген. Зерттеушілердің есебі бойынша ол 1682 ж. 93-тен 94-ке қараған шағында дүние салған. Әз Төлебиге дейін биліктің тізгінін ұстаған Қыбырай бидің бейіті Тәшкенттен 23 шақырым жердегі Қыбырай ауылында тұр».
2013 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-ның баспасынан жарық көрген «Абылай хан»деген энциклопедиясында осындай деректер келтіріледі.
Қыбырай би қазақтың ұлт болып ұйысуына, халық болып қалыптасуына, өзіндік үлес қосқан, ел егемендігі жолында күрескен ерек тұлғалардың бірі. Оның даңқының дүркіреген тұсы – Төле би Әлібекұлының үлкен саяси сахнаға шығуымен байланысты. Қыбырай–Төле биден жетпіс жастай үлкен немере ағасы, яғни Жанту, Жайылмыстан Қожамберді мен Қыбырай бірге туған. Ал, Қожамбердіден Құдайберді, одан Әлібек, Әлібектен - Төле. Өз дәуірінде Дулат ішіндегі аузы дуалы би, атақты шешен саналған Қыбырайдың қартайып жасы тоқсанға қараған шағында 15 жасар Төле Түркістанға хан ордасына қызметке аттанарда «Үй баласы ма деп едім, ел баласы екенсің. Ауылыңның таңы бол, маңдайдағы бағы бол», – деп берген батасы тарихта қатталып қалған.
Қыбырай бабаның батасы қабыл болып, Төле би Ұлы жүздің биі, тіпті, күллі қазақтың төбе биі болғаны баршамызға аян. Төленің жасынан билікке араласып, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» дайындауға атсалысқаны, он екі жылдай Тәшкеннің билеушісі болғаны бзге тарихтан белгілі. Төле би 1726 жылы Ордабасы жиынында Жетісуды жүз жылға жуық жайлаған жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге шақырып, екі жылдан соң Қордай тауларының терістік жағындағы үлкен жазықта қазақ қолы жоңғарларды ойсырата жеңген болатын. Ол «Аңырақай шайқасы» атанған шешуші соғыстың дем берушілерінің бірі болды. «Сабалақ» ат алған кезінен Төле бидің қолында тәрбие алған, кейін үш жүздің басын қосқан Абылайдың хан тағына отыруы төл тарихымызға жарқын беттер болып жазылды. Міне, осынау қым-қуат тарихи оқиғаларға Қыбырай бабамыздың да ықпалы болғанын біз мақтан етеміз.
Сол – Қыбырай бидің атымен бүгінде бір рулы ел түгел аталады. Біз білетін тарихи еңбектің ішінде Мұқаметжан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте жарық көрген «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» атты кітабында: «Қыбырай батыр Төле биді билік тағына отырғызған адам» деп жазылған. Осылай ауызша, жазбаша жеткен деректерде Қыбырай бірде батыр, бірде би аталады. Алайда, бабамыз шашақты найза кезенген батыр емес, Үйсіннің ықпалды биі болғаны, Әлібекұлы Төлеге дейін үлкен биліктің тізгінін ұстағаны, бейіті Ташкенттен 23 шақырым жердегі Қыбырай ауылында жатқаны туралы тарихи деректер бүгінгі ұрпақтың жадында жатталып қалуда.
2022 жылы жарық көрген жазушы Әділбек Ыбырайымұлының Кенесары қозғалысының себеп-салдары туралы тарихты кеңінен қамтитын «Семсер жүзіндегі серт» деген тарихи роман-трилогиясының бірінші томында: «Екеуміз ағайындарды Жаныстың үлкен биі, әкеңе кезінде батасын берген Қыбырай бидің сүйегі жатқан Қыбырайтөбеден қарсы алайық» деген жолдар бар. Бұл деректерден Қыбырай бабамыз жерленген жердің «төбе» аталуынан оның – биіктеу жер болғанын болжаймыз.
Төле бидің Ташкенттегі Шайхонтохур зиратындағы бейітінің басына кесене тұрғызылған. Бірақ, өзбектер кесененің маңдайына «Қалдиргоч би» (Қарлығаш би) деп жазып, оны өзбектің биі деп келген. Кейін бұл қателік түзетілді. Сол сияқты Науаи қаласы маңындағы жерленген Әйтеке бидің зиратын да ағайындар өзбекктікі деп келген ғой. Осы арада «Қазақтың билері неге Өзбекстанда жерленген?» деген заңды сұрақ туады. Оның жауабын профессор, тарих ғылымының докторы Берекет Кәрібаевтың жазбаларынан табамыз. «XVII ғасырда дәл бүгінгідей шекара болған жоқ. Самарқанның бер жағындағы Науаи облысының жерінде қазақтардың ықпалы мықты болды. 1598 жылы Қазақ хандығы мен Мәуреннахрді билеуші әулет Аштарханилер мемлекеті арасындағы келісім бойынша Ташкент аймағы қазақтарға берілді, содан кейін 200 жылдай Ташкент Қазақ хандығының құрамында болды». – дейді тарихшы.
Өзбекстанның солтүстік аймағында әлі қазақ, өзбек болып жіктеле қоймаған тұста қазақтардың көп шоғырланғанын білдіретін топонимикалық атаулар жиі кездеседі. Өйткені, мал баққан көшпенді қазақтың жайлауы Сарыарқада болса, қыстауы қазіргі өзбек жерінің орталығына дейін көсіліп жатқан ғой. Содан да Ташкент маңындағы Қыбырай және Сіргелі аудандарындағы Бәйітқорған, Оймауыт, Дархан ауылдарында ертеректе қазақтар өмір сүрді, Сырдария мен Жызақта да қазақ Жалайыр, Дулат ауылдары, Самарқан қаласына кіреберісте Жамбай ауданы бар. Ал, Науаи облысындағы Кенемах және Тамды ауылдарында қазір де қазақтар тұрады. Самарқанның солтүстік-батысындағы Дағбет деген жерде кіші жүздің Төртқара руынан шыққан, сол Самарқанның әмірі болған Жалаңтөс баһадүрдің бейіті бар. Профессоры, тарих ғылымының докторы Ахмет Тоқтабай институт ғалымдары мен «Өзбекстандағы қазақтардың киелі жерлері» деген экспедиция ұйымдастырып, Жалаңтөс батыр, Төле, Әйтеке билердің қабірлерін зерттеумен қатар, Көктерек әулие, Бабай шертер, Құс қонбас әулие, Зеркет баба, Ақсақ ата, Нұреке әулие, Былғары ата, Еңсе әулие, Шымыр ата, Жыланды ата, Жалаңаш әулие, Қазақмазар т.б. көне мазарларын зерделеген.
Біздің Қордай жерінің біраз бөлігінде Қыбырай баба ұрпақтары мекендейді. Айталық, Қаракемер, Күнбатыс, Қордай ауылдарында Қыбырайдың бес ұлының бірі Қалқаман, одан Көлбай, Қосқұлақ (Ақ машақ, Қара машақ, Шойғара) ұрпақтары, ал мына жағы Қасықтан Бетқайнарға дейінгі ауылдарда Бердіке мен Жолайдан тараған Күшік, Балпан, Шомақ, Әйтімбет, Қазы ұрпақтары тұрады. Еламан, Жоламан ұрпақтары қазіргі Түркістан облысы мен Өзбекстанның теріскей өңірлерінде тұрақтап қалған. Қыбырай бабамыз қазір жер басып жүрген біздерге тоғызыншы, ал балаларымыз бен немерелерімізге он-он бірінші ата болып келеді
Қыбырай би туралы деректерді іздестіру кезінде Гугл желісінен Джамиля Стехликова деген чехиялық азаматшаның жазбалары кездесті. «Нашим прямым предком был Кыбырай би Жайылмысулы, из рода Дулат, блестящий оратор, поэт, и би (судья-посредник)» деп жазады ол. Қыбырай бидің жас Төлеге берген батасы туралы да айта келіп оның орысша мазмұнын беруді де ұмытпайды. Бұны жазып отырған Жәмила Ордабаева-Стехликова 2002 жылы 91 жасында өмірден өткен қаракемерлік Баймұқан Ордабаевтың немересі. Б.Ордабаев қазақ журналистикасының қарлығаштары қатарында 1930 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде еңбек етіп, кейіннен ұзақ жылдар «Қазақстан коммунисі» журналының редакторы болған кісі еді. Оның бір ұлы Алмас Ордабаев «Қазақстанның Құрметті сәулетшісі», этнограф-ғалым. Жәмила, міне осы Алмастың қызы, Мәскеу медицина институтын бітіріп чех азаматына тұрмысқа шыққан. 2007-2009 жылдары Чехия Республикасының Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесі жөніндегі министрі болып қызмет атқарған.
Қыбырай бабадан тарап атағы алысқа кеткен бауырларымыз, шүкір, аз емес. Осы Қордай өңірінен ғана көптеп келтіруге болады. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балетмейстер Дәурен Әбіров, қоғам қайраткері Мақсұт Өтелбаев, композитор Өмірбек Байділдаев, әскери медицина подполковнигі, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» Есімқұл Халықбаев, атақты математик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Мұқтарбай Өтелбаев, химия ғылымының докторы, профессор болған Жеңіс Жаманбаев, “Қазақстанның Құрметті сәулетшісі», этнограф-ғалым Алмас Ордабаев, жазушы-баспагер Әшірбек Көпіш, техника ғылымдарының докторы Ерік Бесімбаев, ғалым-ұстаз, техника ғылымының кандидаты, Жамбыл гидромелиоративтік институтында жалпыинженерлік факультетінің деканы болған Еділбек Омаров, ТарМУ-дің доценті болған Әбдімәлік Сағынбеков, қазақ теледидарының ардагері Гүлмәрия Барманбекова, Қордай ауданында ұзақ жылдар бойы жауапты қызметтер атқарған Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай, басқа да айтулы тұлғаларды атауға болады.
Қалай болғанда да, Төле бидің үлкен атасы Қожамбердімен бірге туған бауыры – Қыбырай би ел құрметінде болғандығы тарихи ақиқат. Сондықтан, бидің ұрпақтары мекендейтін Қордай ауданында Қыбырай бабамызға ескерткіш белгі орнатылуы, мұражайы ашылып, көшелерге, тіпті, ауылға аты берілуі қай тұрғыдан да лайықты іс болар еді. Ауыл демекші, бүгінгі Бетқайнар о баста «Қыбырай ауылы» деп аталғаны туралы тарихи құжаттар бар. Орыс қоныстанушыларының келуіне байланысты Успеновка болып өзгертілген. Осы тұрғыда өзбекстандық бауырларымыздың үлкен азаматтық ісін айтпай кетуге болмас. Қазір Ташкенттен жиырма шақырымдай жерде Қыбырай ауданы және оның орталығы Қыбырай ауылы бар дедік. Бабамыздың ұрпақтары көптеп мекендеген бұл мекен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде-ақ «Қыбырай» аталған болса, кеңес өкіметі оны Ордженикидзе деп өзгерткен екен. Өзбекстан тәуелсіздік алған бетте 1991 жылдың 20 қыркүйегінде қайтадан «КИБРАЙ» атауын қайтарған. Нақ осылай біздің кешегі Успеновка, бүгінгі Бетқайнарға бұрынғы Қыбырай атауын неге қайтармасқа?!

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)