Еңбекпен етене ЕРЕЖЕПБАЕВТАР ӘУЛЕТІ
Отан отбасынан басталады. Үй-ішінің береке-бірлігі сақталған, шаңырағына шаттық ұялаған, ошағының түтіні түзу шыққан, тиянақты тірліктің тізгіні дұрыс ұсталған отбасында бақыт та, табыс та өз-өзінен тоғысып жатады. Аса ауылында тұратын Ережепбаевтар отбасын осындай әулет деп бағалауға лайық. Отағасы Сайлаубек – бар саналы ғұмырын жерді ылғалдандыруға арнаған су шаруашылығының маманы. Отанасы Зәуреш – көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері. Сайлаубек екеуі Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына бірге түсіп, бірге бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл ауданындағы «Бесжылдық» кеңшарында мамандығы бойынша инженер-гидротехник болып бастады. Шаруашылық бірден пәтер беріп, әйелін кадрлар жөніндегі инспектор қызметіне қабылдады. Ол кезде олардың Алма, Айша атты екі қыздары бар болатын. Бүлдіршіндерге балабақша бар. Жалпы жағдай жасалған. Бұл – 1974 жыл еді.
Еңбек жолын Жамбыл ауданындағы «Бесжылдық» кеңшарында мамандығы бойынша инженер-гидротехник болып бастады. Шаруашылық бірден пәтер беріп, әйелін кадрлар жөніндегі инспектор қызметіне қабылдады. Ол кезде олардың Алма, Айша атты екі қыздары бар болатын. Бүлдіршіндерге балабақша бар. Жалпы жағдай жасалған. Бұл – 1974 жыл еді.
Бұлақ басынан тұнады, Ережепбаевтар әулеті ежелден еңбекке етене. Әулет әкесі Ережепбай қария жастайынан колхоз жұмысының бір жағында жүретін. Отанасы Рәзия апа таңның атысы, күннің батысы шаруашылық жұмысында. Үйдің шаруасы да осы кісінің мойнында. Бәріне де үлгереді.
Сыры кетсе де, сыны кетпеген Рәзия апа сымбатты, әу дейтін өнері де бар. Зор дауысты Ережепбай әзілдеген болып: «Райыс болыстың сылаңдаған сұлуын айтыста жеңіп алғанмын», – деп отыратын. Рас та шығар, екеуі де өнерлі.
Сол бейнеткеш анаға болысқылары келген балалары еңбекке ерте араласты.
Сайлаубек қызметке кіріскен 1974-1976 жылдары өңірде бұрын-соңды болмаған құрғақшылық болып, шаруашылықтар ағынсудан қатты тарыққан. Кеңшар жеміс-жүзім шаруашылығы санатына жататындықтан, «Бесжылдыққа» бөлінетін су ауыз шайғанға да жетпейді бейнелеп айтқанда. Судың дені қызылша өсіретін шаруашылықтарға бөлінетін. Сондықтан, жоғарыдан су дәметіп иегің қышымай-ақ қойсын. Одан гөрі өзіңше әрекет еткен дұрыс. Әрекет түбі – берекет, әйтеуір, шарасыздық танытып қарап отыруға болмайды.
Шаруашылық басшыларына ұңғыма құдықтың тиімділігін дәлелдеп, көздерін жеткізген және қолдау тапқан инженер-гидротехник Сайлаубек Ережепбаев сол кезде облыста ұңғыма құдық (артезиан) қазатын бірден-бір мекеме – №82 жылжымалы-механикаландырылған колоннаның көмегіне жүгінген. Колонна бастығы Сәрсенбек Әбдірахметұлы сөзге келген жоқ, келісімшарт жасасты, екпінді бұрғылау әдісімен 4 ұңғыма құдық қазып берді. Оларға әрқайсысы секундына 50 литр су айдайтын СТВ-10, СТВ-12 сусорғыш қондырғылары орнатылған соң, шаруашылық суға қарық болды да қалды. Сөйтіп, тағдырлары қыл үстінде тұрған жүздеген гектар жүзімдік пен алма бағын құрғатпаудың амалы табылған. Ол кезде шөл және шөлейт аймақтарда болмаса, ағынсу жететін жерлерде жерасты суын ауызсуға болмаса, егістік суаруға пайдалану тәжірибеде жоқ-тын.
Кеңшар басшылары жас маманның тығырықтан шығатын жол тапқанына дән риза. Тіпті, аудан басшылығының өзі олардың озат тәжірибесін таратуға қолдау білдіріп, өзгелерге үлгі еткен.
«Бесжылдық» кеңшары Сайлау үшін мол тәжірибе жинақтаған шаруашылық, оның отбасы үшін бақыттың баспалдағы болды. Оның өмірінің жалғасы 6 ұл-қызының төртеуі – Айнаш, Гүлнәр, Гүлмира қыздары мен ұлы Ербол осы ауылда дүниеге келген. Адамға бұдан артық бақыт бар ма?! Жұмысы жемісті болып, отбасы «балалы үй – базарға» айналып жатса.
Білімді де білікті маман Сайлаубек Ережепбаев 1986 жылы аудандық су шаруашылығы бөліміне бас инженерлікке жоғарылатылған. Сол жылы мекеме жаңа кеңсе ғимаратын салуды жоспарлаған екен. Бірақ, тірлік әлі көп. Сайлаубек қызметке келісімен білекті сыбанып іске кірісіп кеткен. Жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға, құрылыс жұмысын жеделдетуге қосқан үлесі зор. Мекеме кеңсесі сол маңға қойылған 4 вагонға орналастырылып, жұмыс тоқтаусыз жүріп жатты. Жаңа ғимараттың кірпіші сонау Ақтаудан тасымалданғанымен арзанға түсті. Басқа да құрылыс материалдарымен уақтылы қамтамасыз етудің арқасында мекеме 1987 жылдың 27 қазанында жаңа ғимаратқа қоныстанған.
Сайлаубек аудандық су шаруашылығында қызмет атқарған жылдарында шаруашылықтарға суды әділ бөлуге баса назар аударатын. Бұл жерде суды көп қажет ететін дақылдар егетін шаруашылықтардың қажеттіліктері қатты ескерілетін. Бірақ, басқалар да ұмыт қалмауы керек. Тұтынушыларды ағынсумен тұрақты қамтамасыз ету үшін су бөлетін құрылғылардың қалыпты және дұрыс жұмыс істеуі маңызды.
Аудандық су шаруашылығы бөлімінде 16 жыл бас инженерлік қызмет атқарған Сайлаубек Ережепбаев 2003 жылы нарықтық қатынастар талаптарына сай жаңадан құрылған «Талас-Аса» коммуналдық су шаруашылығы мекемесіне бастық болып тағайындалған. Мұнда да мақсат біреу-ақ: судың әділ бөлінісін реттеу, судың үнемделуін және тұтынылған су ақысының уақтылы төленуін қадағалау. Осы мекемені 7 жыл басқарған ол су тұтынушылардың алғысына бөленді. Өйткені, ол басқарған мекеме өз міндетін мінсіз атқаруда аянып қалған жоқ. Тұтынушылар талабынан да шықты, аудандық бюджетке қомақты қаржы да түсірді.
Осы жерден зейнеткерлікке шыққан Сайлаубек қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін белсенді ардагерге айналды. Ол бұрын да қоғамдық жұмыстардан қалыс қалған емес. Қазір Сайлаубек Ережепбаев – аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссияның төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі. Өңірдегі өзекті мәселелердің дұрыс шешімін табуына атсалысып жүр.
Еңбекпен етене Ережепбаев кәсіпкерліктен де құралақан емес. Уақыт талабына сай «Сайлаубек» жеке кәсіпкерлігін ашқан ол көпжылдық шөп өсірумен және мал бордақылаумен айналасуда.
Бүгінде жетпістің жетеуіне келсе де, қоғам игілігі жолындағы жұмыстардан сырт қалмай, ортақ істерге үлес қосып жүрген ардагердің өндірістегі және қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі лайықты бағаланып, ол І-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ардагерлер ұйымына – 30 жыл» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Жамбыл облысының Құрметті ардагері», «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» төсбелгілерімен марапатталған. Одан бөлек түрлі деңгейдегі басшы органдардан алған Грамоталары мен Алғыс хаттары тағы бар.
Әңгімені «Отан отбасынан бастала-ды» деген қасиетті қағидадан бастап едік-ау. Сайлаубек Ережепбаевтың шаттық ұялаған шаңырақтың отағасы екенін де айтқанбыз. Шындығы да солай. Ол алтын құрсақты ана, «Күміс алқа» иегері Зәуреш Жаппарқызы екеуі жарты ғасырдан астам, анығын айтқанда 54 жыл тату-тәтті жұбайлық ғұмыр кешіп келеді. Әр жылдарда зертхана меңгерушісі, кадрлар жөніндегі инспектор, экономист қызметтерін атқарған Зәуреш еңбекті ана болумен ұштастырып, Сайлаубектің отбасын «балалы үй – базарға» айналдырған ана.
Өмірдің бір қызығы – бала деген. Абай данышпаннан асырып айтқан кім бар? Ерлі-зайыпты Сайлаубек пен Зәуреш Ережепбаевтар сол қызықтың бал-шырын дәмін татып отыр. Құдайдың берген ұл-қыздарынан 18 немере, 3 шөбере сүйіп, бақыт құшағында өмір сүруде.
Балаларының бәрі де жоғары білімді, үйлі-баранды. Бес қыздың төртеуі – Алма, Айнаш, Гүлнәр, Гүлмира ұлы мамандық – ұстаздықты таңдаған. Тек Айша ғана экономист. Арпа ішінде бір бидай, ерке ұл Ербол – қоғамдық тәртіп сақшысы, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінде кезекші бөлім бастығы.
Сайлаубек пен Зәуреш қарашаңырақ иелері Ербол мен Айгүл келіннің қолында. Қариялардың көзқуанышы Әлинұр, Нұрби, Әліби атты немерелері – шетінен өнерпаз. Әлинұр мектепаралық байқауларда тамаша өнері үшін талай рет марапатталған. Нұрби – спортшы. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы біріншілікте екі рет облыс жеңімпазы атанған. Өткен жылы Республика күніне арналған облыстық жарыста 2010-2011 жылдары туылған балалар арасында бірінші орынды қанжығаға байлады. Қазір олимпиада резервтерін дайындайтын облыстық мектеп-интернаттың оқушысы. Әліби – суретші, мүсінші. Асадағы жасөспірімдер өнер орталығында шеберлігін шыңдауда. Оның салған суреттері мен жасаған мүсіндері орталық көрмесінде тұр. Ережепбаевтар отбасы 2017 жылы «Мерейлі отбасы» байқауында жүлделі орынға ие болған. Бұл жетістік Сайлаубек пен Зәурештің ұл-қыздары мен немерелерінің өнерге бейімділігінің арқасы.
Осы мақаланы дайындау барысында Сайлаубек Ережепбаевтың:
– Біздің бүгінгідей жағдайға жетуіміз – анамыз Рәзияның арқасы. Сол кісінің тәрбиесінің жемісі, қатардағы тракторшыдан бөлімше меңгерушілігіне дейінгі жауапты қызмет атқарып, Еңбек Қызыл Ту ордені және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған Әділбек ағамның өнегелі өмір жолының жемісі. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ағам Әділбек – Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы. Жеңгем Күләш – «Алтын алқа» иегері. Екеуі 8 ұл-қыздарынан немере-шөберелер сүйіп отыр, – деген еді. Бүгінде өсіп-өнген Ережепбаевтар әулетінің нағыз үлгі етуге тұрарлық отбасы екені осыдан-ақ көрініп тұр емес пе?!
Лайым Отанымызды гүлдендіріп, елімізді ертеңгі жарқын болашаққа апаратын осындай отбасылар көбейе берсін!
– Біздің бүгінгідей жағдайға жетуіміз – анамыз Рәзияның арқасы. Сол кісінің тәрбиесінің жемісі, қатардағы тракторшыдан бөлімше меңгерушілігіне дейінгі жауапты қызмет атқарып, Еңбек Қызыл Ту ордені және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған Әділбек ағамның өнегелі өмір жолының жемісі. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ағам Әділбек – Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы. Жеңгем Күләш – «Алтын алқа» иегері. Екеуі 8 ұл-қыздарынан немере-шөберелер сүйіп отыр, – деген еді. Бүгінде өсіп-өнген Ережепбаевтар әулетінің нағыз үлгі етуге тұрарлық отбасы екені осыдан-ақ көрініп тұр емес пе?!
Лайым Отанымызды гүлдендіріп, елімізді ертеңгі жарқын болашаққа апаратын осындай отбасылар көбейе берсін!
Болат ЖАППАРҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)