Құндылық күзетшісі
Қарттық жасқа жету жасыңның ұлғаюын ғана білдірмесе керек. Жас ұрпаққа берер тәлімің, айтар өсиетің де мол болуы қажет. Өрнек ауылына жолымыз түскенде округ басшылары бізді Фатима Алтынбекованың құтты шаңырағына бастап барды. «Неге бірден мұнда келдік?» деген ойда қалғанымыз рас. Сөйтсек, біз көпшілікке үлгі болсын деп іздеп жүрген кісі осы Фатима Отыншықызы болып шықты.
Ол кісі сауда саласына ерте араласқан. Ал, 1987 жылы Шымкент кооперативтік техникумын бітірген соң, Ерназар ауылдық сельпосында дүкен меңгерушісі болыпты. Сауда саласында еңбек ете жүріп Қазақстан тұтынушылар одағының басқарма мүшесі, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланған екен. Міне, осындай белсенділігімен сауда саласының дамуына үлесін қосып қана қаймай, қоғамдық жұмыстарға да бір кісідей араласыпты.

Босағасы берік болғандар
Ал, 1988 жылдан бастап 15 жыл бойы әуелі ауылдық кеңестің төрайымы, кейіннен Өрнек ауылдық округінің әкімі болып, екі шылбыр, бір тізгінді қолына ұстаған Фатима Отыншықызы ауылдағы әрбір отбасына ой салу, жас шаңырақтарды тәрбиелеу мақсатында көптеген игілікті шаруаларға мұрындық болды. Ол уақытта ұжымшарда еңбек майданы қайнап жатады. Күзде алтын астық жиналып болған соң, сабантой жиыны өтетін болған. Міне, осы сабантойдан соң, Өрнек ауылында шаңырақ көтерген жас отбасылар арасында «Ақ босаға» байқауын өткізіп тұру дәстүрге айналды. Бұл сайыста отбасы құндылығы мен қазақы дәстүр-салтқа қатысты барлық ұстанымдар қамтылатын. Кейбір жас келіндер өздері ұстанып жүруге тиісті қажеттіліктерді сол жерден санасына құйып алатын. Бұл бәсеке әшейін өтуі тиіс іс-шара ретінде емес, артында қалатын тағылымы мол, ұзақ жылдар айтылатын естелігі мен үлгісі бар шара ретінде есте қалыпты. Жас отбасыларының жан-жақты, ізетті, еңбекшіл және жауапкершілігі жоғары болып қалыптасуына тікелей ықпал етікен тәрбиелі іс-шара болғанын ауыл тұрғындары осы күні тамсана еске алады. Осы байқаудың соңында барлық жас отау иелеріне неке куәлігі салтанатты түрде тапсырылып отырған. Бір айта кетерлігі, осы ауылда шаңырақ көтерген ешқандай жас отбасы ажыраспапты. Бәлкім, дүйім елдің алдында берілген неке куәліктің жауапкершілігін сезінгеннен болар. Бұл жерде отбасы құндылығына мән берген, осы байқауды он жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп тұруына тікелей мұрындық болған Фатима Алтынбекованың да үлкен үлесі болғаны анық.
Осы байқауда өнер көрсеткен жас отбасылардың ішінде елеулілерін атап өтсек артық болмас. Мәселен, ерлі -зайыпты Спандияр Өмірбаев пен Амина Байкиева. Спандияр ауылдың белсенді азаматына айналса, Амина – балабақша меңгерушісі. Ауылдың бас мал дәрігері Бақытжан Мешітбаев пен жұбайы Мақпалдың отау құрғандарына келесі жылы 30 жыл толады. Өсіп - өніп отыр. Әділет Омаров пен Эльмира Бейсебаева да сол кезеңде шаңырақ көтеріп, аталған жас отбасылар байқауында жүлде алғандар. Осындай үлгілі отбасының тірегі болғандардың бірі Анар Тұрлығұл қазіргі таңда Өрнек ауылындағы №17 кәсіптік-техникалық колледж директорының орынбасары. Мұндай үлгілі, мерейі тасыған отбасылық жұптар Өрнекте аз емес.

Бұзақылықтың "жазасы"
Айтпақшы, Фатима апай басшы ғана емес, үлкен тәрбиеші де болған екен. Бір жолы ауылда «еркелікке» салынып, бұзықшылық жасай бастаған бір топ жігітті бір күннің ішінде әскерге аттандырып жіберіпті. Олардың кейбірі үйімен қоштасып та үлгермеген. Кейіннен барлығы әскерді жақсы мінездемемен бітіріп келіп, ауыл басшысы Фатима Алтынбековаға алғыстарын айтқан көрінеді. Сонда ауылда шынымен денсаулығы жоқ, арбада отыратын бір жігіт бұл кісіге келіп: «Сіз жігіттердің барлығын әскерге жібердіңіз. Мені неге алып қалдыңыз?», – деп өкпелепті дейді. Бұл жерде ауыл төрайымы жасаған шешімнің жастарға қандай әсер бергенін, ауылдағы бұзақылықтың алдын алу ісі жүзеге асқанын байқауға болады.
Ал, ауыл жастары тәрбиесінің тұнық болуына, жас отбасылардың жарасымы артып, бақытты болып кетуіне тікелей ықпал еткен Фатима Отыншықызын бұл күнде Өрнектің әр тұрғыны құрметтейді. Ол өзінің атқарған ісі туралы:
– Барлық жұмысты өзім ғана атқардым деп айтпаймын. Осы Өрнектің тұрғындарымен бірге жұмылып еңбек еттік. Аудандық кеңеске Жұма станциясынан депутат болып сайланғанымда олар аялдама орнату, жол жөндеу, су жүргізу, монша қызметі, бастауыш мектеп салдыру секілді бес мәселе айтты. Соның ішінде төрт мәселенің толық шешілуіне тікелей ықпал еттім. Ол кездегі аудандық соттың төрағасы Есбол Ботпаев, ұжымшарымыздың сол кездегі төрағасы Смағұл Әбілековпен (кейіннен Байзақ ауданының әкімі болған) жұмысымыз, ізгі жолдағы мақсаттарымыз бір болды. Кейіннен он жыл Өрнектегі №17 колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. Талас Әбдібеков, Әзиз Мәнтаев секілді білікті директорлармен бірге тәрбие жұмыстарын жолға қойдық. Колледж жастарының тәрбиесі бүкіл ауылға ықпал етті. Ауылдың ақ жаулықты әжелерін, алтын құрсақты аналарын, елге сыйлы әкелерді шақырып, студенттермен әсерге толы кездесулер мен кештерді талай өткіздік. Соның барлығы ауылдың тәрбиесіне, жас отбасылардың ынтымағына өз әсерін берді. Сол үшін өзімді бақытты санаймын. Бұл күнде мені әр кезде үйге іздеп келетін шәкірттерім, ауыл жастары өте көп. Бұл менің еңбегімнің жемісі болар деп қуанып отырамын, – дейді.
Біз де бүкіл ауыл ардақтап отырған Фатима Отыншықызының өнегелі істеріне сүйсініп қайттық.

Есет ДОСАЛЫ,
журналист
Жамбыл ауданы
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)