Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Ерболат ақынның әкесі

Ерболат ақынның әкесі

27 май 2024, Понедельник
58
0
Бекболат ақсақалды  6 - 7  жылдан бері танимын. Оның өзі бөлек әңгіме. Бұл жолы айтайын дегенім – қарияның ізгі мақсаты, адалдығы, ұқыптылығы, өсірген ұлағатты ұрпа-ғы жайлы еді. Жас күнінде трактор-дың руліне отырып, шаруашылықтың сан саласында тер төкті. Бұл күнде бейнетінің зейнетін көріп отырған ауылдың қадірлі қариясы. Тараз қаласының «Талчок» аталып кеткен аймағында тұрады, осындағы тұрғын-дардың көкейіндегі мәселелерді тиісті мекемелердің алдында жиі көте-реді. Ақсақалдың індетіп айтуымен мұндағы жол, жарық мәселесі бір-шама шешімін тапты. Осы салаға жауаптылар да біреу мәселесін айтып бармаса қозғала қоймайды ғой. Жыламаған балаға емшек бермегеннің кері.
Жақында  Бекболат Сейдахметов қарияға  сәлем бере бардық.  Жетпіс бес жасқа келген ақсақалдың әңгімесі құнарлы, айтары көп. Өмірлік серігі  Алтын Шоңбайқызы апамыз да  өсіп-өнген жерден шыққан. Белгілі күйші–композитор Аман Малдыбаевтың туған әпкесі. Екеуі алтын асықтай ұлдарды, күміс қасықтай қыздарды тәрбиелеп, немере – шөбере сүйіп отырған жағдайлары бар. 
Біз бұл шаңыраққа барғандағы тағы  бір мақсатымыз болған еді. Ол – осы Бекболат ақсақалдың өмірден ер-те озып кеткен ақын перзенті Ерболат туралы тың деректер қарастыру болатын. Кезінде ол көптеген әннің сөзін жазды. Композитор Сәрсенбек Бәкірдің бірнеше әнінің мәтінін жазған – осы Ерболат. Атап айтқанда, «Алма қыз», «Махаббат назы» әндері көпшіліктің арасында әлі айтылып жүр. Нағашысы Аман Малдыбаевтан  дарыған қасиет шығар, оның ән шығаратын өнері де бар. Бір өкініш-тісі – аяулы ақын  Ерболат бұл күнде арамызда жоқ.
Біз мұнда келіп, көңілімізді бір демдедік. Неге дейсіз бе? Бекбо-лат ақсақал мен  қолындағы баласы Нұрғали (Ерболаттың інісі) аяулы ақынның жазып қалдырған барлық қолжазба  мұраларын сақтап, бір папкіге салып, ұстап отыр екен. Олар үшін Ерболаттың қолтаңбасы қалған, өз қолымен жазылған екі жол өлеңнің өзі соншалықты қымбат екенін сезіндік. 
  Ерболаттың «Балалық шақты аңсау» өлеңінде:
Қызым-ау берші маған қаламымды,
Қызығымды жазайын бала күнгі.
Ағаш атқа мініп алып жортушы едім,
Құм қыздырып қып-қызыл та-банымды,
– десе,  «Томановқа» деген өлеңінде:
Жырларымен бүрді атқан сол алыптың,
Мұңдарымды мың батпан содан ұққын.
Қадіріне тірісінде жетпегендер,
Қабіріне барғыш болдық Тома-новтың,
– деп толағанады. Рас! Сон-даймыз ғой.
Қанда бар қасиет дарымай қоймайды екен. Ерболаттың әскерде жүрген баласы Сырымның өлең жазатынын осы арада естідік. Оның «Ауырмашы, әке!» деген өлеңі біраз оқырманнан жақсы бағасын алып үлгеріпті. Ерболаттан қалған төрт қыз, бір ұл есейіп, өмірден өз жолдарын тапқан. Бекболат ақсақал:
 – «Басқа балаларымның да өз жолы бар, Ерболаттан көп үміт күттім. Ақындығымен танылды. Қуантты. Болашақта тіпті танымал бола түсер деп жүруші едім. Кейінгі жылдары Жамбыл жоғары политехникалық колледжі директорының орынбасары болып еңбек етті. Осында жұмыс істеп жүргенде «Қапал батыр» дастанын жазып, оның желісімен қойылған спектакль республикалық байқаудан бас жүлдені иеленіпті. Бұл туралы сол жылдары аталған колледждің директоры болған Дүйсенбек Әб-дірайымов ризашылықпен еске алып, айтып жүр. 
Біз жинақтап, сақтап отырған қолжазбасы көзім тіріде кітап болып шықса деген тілегім бар. Амал қанша, өмірі қысқа болды. Бірақ, өлеңі жасай береді деп ойлаймын», – деді көзіне жас алып. 
Өлеңді серік етіп өмір сүрген Ерболат ақын да Мұқағали секілді 45 жасында жалған өмірмен қоштасып, бақиға кете барыпты. Бірақ, өмірге, өлеңге құштар болып өтіпті Ерболат.
Ақынның рухани мұралары халқына қызмет ете беретіні анық. 
Қазір Бекболат ақсақал мен Алтын ананың еңсесін көтеріп тұрған да ақын ұлдары Ерболаттың абыройы. Бұл шаңыраққа аяулы ақынды іздеп келетіндер аз емес. Өзге перзенттерімен қоса, Ерболаттан қалған ұл-қыздарды да медеу көреді. Отанның тыныштығын қорғап әс-керде жүрген Сырымнан көп үміт күтеді, ендігі тілектері – сол немерені үйлендіріп, шөбере сүю. Себебі, әр адамға ұрпақтың жалғасқаны мұрат. Бекболат атаның да үзілмеген үміті сол ұрпақ жалғастығы. Шығар сәтімізде ақсақал батасын берді. Біз батаға қол жайып, сол шаңырақта жақсылық бола беруін тіледік. 
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Тараз қаласы
Обсудить

Похожие материалы:

КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
06 апрель 2023, Четверг
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
Б Ә Й Т Е Р Е К
18 март 2024, Понедельник
Б Ә Й Т Е Р Е К
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры