Әлімжан ЕРНИЯЗОВ, генерал - майор, Ауған соғысының ардагері: ЕРЛІК ЕСЕППЕН ЖАСАЛМАЙДЫ
ТІЛШІ: Сіздің әскери мамандықты таңдауыңызға қандай себеп болды? Отан отбасынан басталады, мүмкін, отбасының бір мүшесі немесе жақын тұтатын жанның біреуі әскери адам болған шығар?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Әкем Қанағат – Ұлы Отан соғысына қатысқан кісі. Жеңісті Венгрияның Болотон көлі жағалауында қарсы алып, елге ефрейтор шенінде оралыпты. Одан кейінгі өмірі машина рөлінде өткен.
Мектепте жоғары сыныптарда оқып жүргенімізде алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Юрий Михайлович Голунов: «Алеша, сен түбі полковник боласың» дейтін. Менің сабаққа зейініме, әскери жаттығу сабақтарындағы жүріс - тұрысыма қарап бағалағаны да.
Қалалық әскери комиссар, подполковник Игнатов мектебімізге келіп кездесулер өткізіп, әскери мамандықтар туралы өте қызықты әңгімелер айтып, әскери болуға үгіттейтін. Сол кісінің үгіті өтіп кетті ме, мектеп қабырғасында жүргенде – ақ әскери болуды шешіп қойғанмын.
Аудандық әскери комиссар болып қызмет атқарып жүрген жездем Самрат Әбдірамановтың да әсері болмай қалған жоқ. Мен Алматыдағы Конев атындағы жоғары жалпы әскери училищеге оқуға аттанып бара жатқанымда ақ жол тілеп, жақсы ниетпен шығарып салғандардың бірі - сол кісі.
ТІЛШІ: Сіздің атақты әскери қолбасшы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевпен қызметтес, отбасылық сыйластықта болғаныңыз жайында естігенбіз. Ол кісімен таныстық қай кезде басталып еді өзі?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Біз оқуға түскен жылы Бақытжан сол училищені бітіріп жатыр екен. Училище бітірушілер бізге сабақта, біз оларға қызметте сәттіліктер тілеген салтанатты іс - шара болды. Жалпы, ол кезде әскери қызметтегі қазақтардың қатары сирек болатын, сондықтан Бақытжан көптің ішінен көзіме оттай басылғаны рас.
ТІЛШІ: Одан кейінгі кездесудің сәті қашан түсіп жүр?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Біз училищені бітірген 1977 жылы Сарыөзектегі дивизияға түскенбіз. Бөлініс кезінде дивизия командирі, генерал Федоров Алматыдағы 186 - шы атқыштар полкіне жіберген. Бақытжан ағамыз осында взвод командирі екенін сыртынан білдім. Маған да бір взводтың командирлігі тиіп, қызметті бастап кеткенмін. Әлі есімде, сол жылы 27 тамыз күні Бақытжан мені іздеп келіп, сәлемхат тастап кетіпті. Хаттың басында ағалық базынасымен ұрсып алыпты да, кешке әйеліммен үйіне шақырыпты.
ТІЛШІ: Үйінде отырғанда тағы ұрысқан болар?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Ағаның ұрысқаны - арқадан қаққаны ғой. Бақытжан мінезі ашық адам, көңілінде қыртыс жоқ. Қызметте өте қатал.
Ағаның үйі – ақжайлау. Сол күні емін - еркін отырыс болды. Уақыт өте ағалы – інілі, бауырға айналып кеттік. Сол сыйластыққа күні бүгінге дейін сызат түскен емес. Бақытжан ағамыздың үйіндегі Зейнехан жеңгеміз бен менің әйелім Сақып апалы - сіңлілі адамдай сыйластықта болды.
ТІЛШІ: Ол отбасылық сыйластық ғой. Енді қызмет жайына ауыстырсақ әңгіме ауанын. Сіздер Ауғанстанға қалай, қашан тап болдыңыздар? Жалпы сол соғыс біз үшін керек пе еді өзі?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Сөзді соңғы сұрағыңызға жауап беруден бастайын. Ол соғыстың керек, керек еместігіне тарихшылар, саясаттанушылар жауап бере жатар. Біз әскери адам ретінде бұйрықты орындадық, антымызға адал болдық.
Біздің Ауғанстанға баратынымыз 1979 жылғы желтоқсанның аяғына қарай белгілі болған. 1980 жылдың қаңтарында бүкіл полкымызбен Ауғанстанға кірдік. Полк Кабул қаласы маңында қайта жасақталып, 86 – шы әскери бригада болып қайта құрылды.
ТІЛШІ: Сол бір сұрапыл жылдарды суреттеп әңгімелдеп берсеңіз.
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Мен Термез жағынан екі БМП - мен кіргенмін. 6 солдат, 12 партизаным бар. Толукан қыстағында атыстың астында қалдық. Гранатометтен граната жауып қоя берген. Соңғы машинада жүргізушінің қасында отырғанмын. Желке тұсымнан шүйдемді жұлып әкеткендей әсермен бір граната зу ете түсті. Сәл есеңгірегендей болып барып, тез есімді жинай қойдым. Машина бір топырақ үйіндісіне тіреліп тоқтап тұр. Егер ол үйінді болмағанда, аржағындағы құзға құлайды екенбіз. «Командир, машина бағынбайды», - деп баяндады жүргізушім. Демек, бір жерінің бұзылғаны.
Әскерде командир оққа ұшса, соңғы жағы басы кесілген жылан сияқты ирелеңдейді де қалады. Сондықтан, шабуылда да, қорғаныста да, қысқасы әрбір әскери әрекетте командир бұйрығының рөлі ерекше. Мен машинадан түсіп жата - жата қалуға бұйырдым да, жан - жағымды көзбен, дүрбімен шолдым. Көзге көрініп тұрған жау жоқ. Бірақ, сәл оқыс қимыл жасасаң, оққа байланасың. Әрекетсіз жатуға тағы болмайды. Бізден 150 – 200 метрдей жерде бір дуал тұр екен. Қалайда соған жету керек. Бірде еңбектеп, бірде бауырымызбен жылжып жеттік - ау ақыры бірнеше сағатта. Бұл бірінші ажалдан аман қалған оқиғам. Сол жолы жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталдым.
1980 жылы наурыздың басында мен штабқа шақыртылдым. Басқа қызметке. Барсам ол қызмет орны босамапты. Маған «Біраз күте тұрыңыз, немесе бөліміңе қайта бер» дегені. Мен күте тұруға келістім, оған дейін демалыс беруін сұрадым. Өйткені рота жауынгерлерімен қоштасып кеткенмін. Содан не керек, маған елге барып қайтуға 2 айлық демалыс берді. Бұл жерде менің орденмен марапатталғаным ескертілсе керек.
Содан мамырдың 5–6-на қарай демалыстан оралдым. Мен өз бөліміме мамырдың 11 жұлдызында бір - ақ жеттім. Сөйтсем, мен келердің алдында ғана біздің ротаға дұшмандар шабуыл жасап, көп шығынға ұшыратып кетіпті. Түгелге жуық қырған жауыздар! «Егер көліктің болмауынан бір күн кешігіп қалмағанымда, мен де сол құрбандардың бірі болар ма едім?» - деп ойладым өліктерді жинап жүргенде. Қазақтар «періштесі қаққан» деп жатады ғой. Мені осылай періште қағып, екінші рет ажалдан аман қалдым. Осыған сабақтас тағы бір ажалдан аман қалғаным туралы оқиғаны әңгімелеп берейін. Рота командирімін. «Турабура» деп аталатын шатқалда ауғандардың моджахеттерін қаруландыратын үлкен базасы бар екені туралы барлау қызметінің мәліметі түскен. Мәлімет бойынша онда бәрі бар: қару – жарақ, әскери киімдер, құрғақ жолазық, жарықтандырғыш құралдыр, тағы басқа да қажет заттар.
Шатқалға баратын жолды «тазалау» үшін алты күн соғыстық. Ақыры шыңға шығар жолды алдық - ау! Әрі қарай екі - үш адам әзер қатар жүретін жолмен бір - бірлеп шұбырып алға жылжып келеміз. Шатқалға тереңдеген сайын қараңғылық қоюлана түсті. Қолшам жағуға болмайды. Айнала үңгірлер.
Әдетте командир алда. Бір кезде текшелеп жиналған жәшіктерге тірелгенімізді аңғардым. Әлгі жәшіктердің абайлап сипалап көрсем, сырт жағынан сым жалғанғанын сездім саусақтарыммен. Оны оқыс қозғап қалсаң, жарылыс пайда болып арандап қалатынымыз сөзсіз. Өйткені, әлгі жәшіктердің миналанғаны анық. Артымдағыларға дереу кері қайтуға белгі бердім де, әлгі жәшіктердің біріне арнайы сым орап, оны еппен тарқата отырып, абайлап артқа жылжыдық. Содан аяқжол анық көрінетіндей жерге келгенде әлгі сымға от қойып, жылдам кері жүгірдік. Біз көп ұзамай - ақ шатқалда жойқын жарылыс болып, айналамызға тастар ұшып түсіп жатты. Кез келген сәтте ажал құшуымыз мүмкін еді.
Осылай үшінші рет Алла мені ажалдан қақты. Бұл жолы сақтық шараларын сақтамағанда бүкіл ротаммен арандап қалуым мүмкін еді ғой. Ал, командир үшін ол кешірілмес күнә.
ТІЛШІ: Ауғанстандағы соғысты қалай бағалайсыз?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Ауған соғысының саяси бағасын жоғарыда айттым, тарихшылар мен саясаттанушылар бере жатар, беріп те қойған. Менің түсінігім, бұл – әділетсіз соғыс. Ішкі - сыртқы жаулардың арандатуынан ауған елі, ауған халқы зардап шекті.
Кеңес әскерлерінен де шығын көп. Талай ата – ана боздағынан, талай әйел жарынан, талай бала әкесінен айырылды. Одан асқан қасірет болар ма?
ТІЛШІ: Ауған соғысында қанша уақыт болдыңыз? Одан кейінгі әскери қызметіңіз қалай жалғасты?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Мен Ауғанстанға 1980 жылы қаңтардың басында взвод командирі болып кіріп, 1981 жылы қазанның аяғына қарай рота командирі лауазымында шықтым. Ауғанстаннан кейін Қырғызстанда рота командирі, полк командирінің орынбасары – штаб бастығы болғанмын. 1984 – 1987 жылдары Мәскеуде Фрунзе атындағы әскери академияда оқып, 1987 – 1991 жылдар аралығында Чехословакияда кеңес әскерлері «Орталық» тобында рота командирі болдым. Елге қайта оралғаннан кейін бір жыл Балқаш ауданында әскери комиссар қызметін атқарып, 1993 жылы Семей облысында полк командирі, 1996 жылы Сарыөзекте дивизия командирінің орынбасары, 1996 – 2003 жылдары Өскеменде дивизия командирі болдым.
Мен Өскеменде жүргенімде генерал – майор әскери атағын алдым. Ол да Бақытжан ағамның арқасы. Бақытжан Ертаев аузы батыр адам ғой. Елбасымен бір кездескенде: «Ерниязов деген полковник бар, Ауғанстанда соғысқан. Мәскеуде әскери академияны бітіріп, Чехословакияда да қызмет атқарып қайтты. Қазір - Өскеменде дивизия командирі. Қызметіне адал, нағыз отаншыл азамат. Қорғаныс саласына бір кісідей еңбек сіңірді. Генерал шенін беруге әбден лайық», - деп ауызша пікірін білдіріпті. Содан кейін - ақ Президенттің 2011 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен генерал – майор атағын алдым.
Қызметте, әсіресе, әскери қызметте, 3 жылда үш рет лауазымның өсуі сирек кездесетін жағдай. Мен 2006 жылы Батыс өңірлік әскери қолбасшының орынбасары, араға жыл салып қолбасшының бірінші орынбасары – штаб бастығы, 2008 жылы қолбасшы болып тағайындалдым.
Өмірде кездейсоқтық деген болады. Бірақ, мен мұны кездейсоқтық деп ойламаймын. Бұл- менің еңбегімді, қарым – қабілетімді бағалау. Пендешілік жөнімен айтсам, менің басыма қонған бақ. Адами шүкіршілікпен бақытымды бағалай білдім.
ТІЛШІ: Отан отбасынан басталады. Оқырман отанына адал қызмет еткен Әлімжан Ерниязовтың отбасылық жағдайы туралы да білгісі келетіні айтпасақ та түсінікті. Ол туралы не айтасыз?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Ата – анам туралы әңгіменің басында айтылған. Өмірлік жарым Сақып 2009 жылы дауасыз дерттен бақилық болды. Онымен қалай қосылғанымыз, қалай өмір сүргеніміз туралы әңгіме ешкімді де қызықтыра қоймас. Отау құрғаннан кейінгі 30 жылдан астам қол ұстасып бірге өткізген жұбайлық ғұмырымызға ризамын. Менің өмірдегі, қызметтегі қол жеткізген жетістіктеріме Сақыптың қосқан үлесі зор. Адамның асылы еді. Басқалай баға бере алмаймын.
Біздің Сақып екеуміздің ақ некемізден 3 қызымыз бар. Үлкеніміз Рима өнер саласында, ортаншымыз Сәуле – кәсіпкер, кенже қызымыз Айсұлу қоғам белсендісі, жоғары жауапты қызметте. Құдайға шүкір, үшеуін де мақтаншыпен айтуға лайық.
ТІЛШІ: Сіз – Ауған соғысына қатысқан әскери қолбасшысыз. Қазір елімізде барлық деңгейде Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымдары бар. Генерал Әлімжан Ерниязов осы ұйымдардың жұмысын, белсенділігін қалай бағалайды екен?
Әлімжан ЕРНИЯЗОВ: Ауған соғысы туралы жұрт әртүрлі пікірде. Бірақ, сол кездегі алып держава КСРО мен Таяу Шығыс елдерінің қауіпсіздігі үшін Кеңес әскерінің Ауған аумағына кіруі керек болды. Біз ол елге ауған басшылығының сұрауы бойынша кірдік. Сол міндетімізге адалдық таныттық. Кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жөні бөлек. Олар барлық қошемет, құрметке лайық. Ауған соғысында да біздің жауынгерлеріміз небір қантөгіс шайқастарға қатысқан. Он жылға созылған осы соғыста қаза тапқандар, мүгедек болып қалғандар қаншама? Осы соғыста із - түзсіз жоғалып кеткендер де болды. Сондықтан, арамызда жүрген Ауған соғысына қатысушыларды ҰОС ардагерлеріне теңестірген өте орынды. Айналайындар - ау, соғыстың аты – соғыс қой. Ауғанстанда соғысқа қатысқандардың жөні бөлек. Олар, қазақша айтқанда, қан көргендер, қан төккендер.
Ардагерлер ұйымының жұмысы жариялы болуы керек. Облыста ауған соғысы ардагерлерінің екі ұйымы бар. Бірінің жетекшісі – Дүкенбай Ермеков, екіншісін Керім Ізбасаров деген ауғандық жауынгер басқарады. Екі ұйым да ресми тіркелген. Мен Ізбасаров жетекшілік ететін ұйымның жиынына бір - екі рет қатысқаным бар. Бағдарламалары көңілге қонымды. Болашақтары айқын.
Ауған соғысына қатысушы ретінде менің пікірім осындай. Оған басқа уәж айтатындар да табылар. Қайткенде де, Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы ортақ мақсатқа – қоғам игілігіне қызмет етуі керек.
ТІЛШІ: «Ашық әңгіме алаңында» ағыңыздан жарылып ашық пікір айтқаныңыз үшін рахмет!

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
«Ғұмыр – Дария».
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)