Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » «Бауыржан Момышұлы» музейі салтанатты түрде ашылды

«Бауыржан Момышұлы» музейі салтанатты түрде ашылды

11 май 2025, Воскресенье
85
0
Құрметті жамбылдықтар!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен қазақтың аңызға айналған әскери қолбасшысы, көрнекті стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 9 мамырында облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің қолдауымен «Бауыржан Момышұлы» музейі салтанатты түрде ашылды.
Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір жолы – тек ел тарихының бір парағы ғана емес, бұл – өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беретін адамгершілік мектебі. Батырдың тағдыры – ұрпақтар сабақтастығының, ар-намыстың, қайсар рух пен Отанға адал қызмет етудің мәңгілік үлгісі.
Жаңа музейдің экспозициясы Бауыржан Момышұлының шежіресінен бастау алып, оның балалық шағы, жауынгерлік жолы, шығармашылықпен айналысқан кезеңдері, отбасы өмірі мен жеке тұтынған заттары және тарихи құжаттарымен толықтырылды.
Іс-шара барысында облыс әкімі соғыс ардагерлеріне зор құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын табыстады.
Осы игілікті істің жүзеге асуына зор үлес қосқан Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметоваға, немере інісі – Бекет Момынқұлға, Жуалы аудандық мәслихатының депутаты – Ұлан Сейсенұлына және «Бурный сүт компаниясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы – Айдар Жетпісбаевқа шынайы алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта музей қорын жаңа жәдігерлермен толықтыру жұмыстары жалғасын таба береді.





 


Обсудить
Блок в статье:
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ 12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді 12 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры