Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН

29 июнь 2023, Четверг
133
0

Кимешек киген кешегі аңыз аналардың бейнесін бүгінгі күні қайта жаңғырту – қазақ аналарының қоғамдағы мәртебесін арттырудың бір тетігі. Осыны мақсат еткен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық бірлестігі жуырда ауданымызда кимешек киген аналардың шеруін өткізді. Осы шеруге қатысушылардың бірі Алға ауылының тұрғыны, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Жұмақыз Боранбаева болса, кимешекті осындай бір сәттік шараларда ғана емес күнделікті тұрмыста тұрақты киіп жүретін әдепті әже.

рған әжейдің кейінгі ұрпаққа үйретер ісі мен қалдырар өнегесі де зор екен. Қос қолынан өнері тамған кейуана кимешектен бастап түрлі ұлттық киімдерді өзі тігіп, көптің әжетін ашатын да өнері бар. 
Жастайынан өнерге жақын болып өскен Жұмақыз Нұрдәулетқызы қазақи салт-дәстүрді ұстанып, қолөнерден қол үзген емес. Бойындағы өнерін өзінің немересі Балнұрға бар ынтасымен сіңіріп жүр. Еңбегі бағаланып, қолөнерден өткен байқауларға, мәдени шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, бірнеше рет марапатталған. Бейнетінің зейнетін көріп отырған әжеміз бен алпыс жылдай отасқан отағасы екеуі бүгінде өз орындарын тапқан ұл мен қыздарының, немере мен шөберенің ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешуде. 
«Берік отбасы — қоғамның тірегі», демекші отағасы Ықылас ата да өнерден кенде емес. Киелі домбырасын серік еткен ақсақал ауылдықтар арасында үлкен құрметке ие. Сәні мен салтанаты жарасқан берекелі шаңырақ кім-кімге болсын үлгі. 
Айтпақшы, тігін машинасының «құлағында ойнайтын» әжеміздің оюлы, құрақ көрпелері алыстан көз тартады. Төрт қызының жасауын толықтай өз қолымен жасап берген. Ұл-келін, немерелеріне арнап ұлттық киімдерді де өз қолымен тігеді. Салтанатты күндері бүкіл отбасымен ұлттық киімдерін киіп жарқырап шығады. Одан бөлек, әжей бүгінде ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдардың дайындалуын өзінен кейінгілерге ұғындырудан бір жалыққан емес. «Қарын бүрме», «жөргем» атты әженің өз қолымен пісірген тағамдары жоғарыда айтылған кимешек шеруіне байланысты жайылған дастарханның сәні болғаны рас. 
Әңгіме барысында әжей ойындағы арманымен де бөлісті. Бүгінде ол кісі қойдың жүнін кәдеге жаратуды ойлап жүр. «Ата-бабаларымыз күнделікті тірлігінде төрт түлік малдың жүнін кеңінен қолданған. Бағып-баптаған жануарларының жүнін май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, оны сұрыптау, бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан бұйымдар дайындау нағыз бейнет пен төзімділікті талап етеді. Халқымыз баққан жануарының қылшығына дейін ұқсатып, бұйым жасауды бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Одан бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қараша үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сынды ең қажетті мүліктер жасалған. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға көп қолданылатыны – түйе және қой жүндері, ешкі түбіті мен қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы. Халқымыз сан ғасырлар бойы ұлттық нақышта қолөнер бұйымдарын жасауды ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде үйретіп отырған. Қолдау танытып, қаражат бөліп өз ісін ашамын дейтін жастар табылып жатса, киіз басып, түңлік, ірге киіз, пима сынды дүниелерді жасау жолын үйретуге әзірмін» дейді өнерлі әже. Ұлт құндылықтарының ұйытқысы болып жүрген жанның бұл ойы іске асып жатса, әрине, құба-құп болар еді. 
— Отбасы – кішкентай мемлекет. Әр отбасы мүшесін тәрбиелей отырып, бүтін бір мемлекеттің халқын тәрбиелейміз. Сол себепті біздің отбасында тәрбиеге аса мән беріледі. Сондықтан отағасы екеуміз балаларымыздың бойына барынша жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаманнан жирентуге тырысып келеміз, - дейді әже. шынында да Жұма қыз әже - ауылдың сәні.


Біржан ӘЛІМБЕТ,
Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Обсудить

Похожие материалы:

АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
10 ноябрь 2022, Четверг
АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
Ойталқы
29 апрель 2020, Среда
Ойталқы
Қазақ бол!
19 март 2021, Пятница
Қазақ бол!
Анаға тағзым
26 октябрь 2021, Вторник
Анаға тағзым
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры