Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Өнер – жас талғамайды

Өнер – жас талғамайды

28 февраль 2025, Пятница
32
0
Себебі бұл адам баласына қанмен бірге құйылатын қасиет. Ал, талант жыл өткен сайын шыңдала түсетіні тағы бар. Міне, біздің өнерпаз қарияларымыз осы айтқандарымызға нақты дәлел. Әсіресе ескі әндерді жаңаша жаңғыртып, заманауи ырғақта түлетіп жүрген «Әулиеата» ансамбілінің құрамындағы талантты ардагерлеріміздің әр кез шоқтығы биік.  
Әбдірайым Уашев жетекшілік ететін өнерпаздар ұжымы бүгінде талай биікті бағындырып жүр. 
Өткен жылы олар Бішкек қаласында түндігі түрілген байқауда жүлдегерлер қатарынан көрінсе, күні кеше Алматы қаласында КТК телеарнасы ұйымдастырған «Кел шырқайық!» бағдарламасына қатысып, абыройымызды тағы асқақтатып қайтты.  
   Ансамбль мүшелері толық құрамда студия төріне симайтын болғандықтан «Әулиеата» және «Дастархан» тобы болып  екіге бөлініп өнерлерін ортаға салды. «Әулиеата» тобындағы үштік - Уашев Әбдірайым, Досымбеков Сатыбалды және Смайлов Алпысбай өздерінің ерекше қабілеттерімен, айрықша дауыстарымен, көрікті келбеттерімен бас жүлдені жеңіп алса, «Дастархан» тобы да бес әже, бір ата болып, өз өнерлерімен, сұлу сымбаттарымен, ұлттық киімдерімен көрерменнің көзайымына айналып,  жүлделі екінші орынды қанжығаларына байлады.
Осылайша өңір қарияларынан құрылған ансамбль тағы бір мәрте талайды таңғалдырып, сүйсінтті. Бұл өнер ұжымына шабыт беріп ғана қоймай,  өзгелерге де үлгі-өнеге болары хақ.
     Әрине қариялық жаста өнерге жол салып, көпшілік алдына шығу оңай шаруа емес. «Әулиеата» ансамбілінің өрелі өнері, хас таланттарға тән үйлесімділігі қандай құрметке де  лайық. Өнерде жолы болып жүрген ұлағатты үлкендеріміз  күні кеше Тараз  қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумында құрметке бөленіп, адал еңбектерінің әділ бағасын алды.  
    Алдағы уақытта да ардагер өнерпаздарымыз халыққа өз таланттарымен қалтқысыз қызмет істей береді деп сенеміз. 
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"  – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Облыстық байқау
29 август 2024, Четверг
Облыстық байқау
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры