Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АРДАГЕР ТҮЙІНІ: БІРІЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАДЫ

АРДАГЕР ТҮЙІНІ: БІРІЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАДЫ

10 февраль 2022, Четверг
120
1
Еліміздегі тәртіпсіздіктердің салдарынан орын алған қайғылы жағдай қай-қайсымызды болсын қатты алаңдатып, қабырғамызды қайыстырып, өзегімізді өртегені анық. 
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған, сол жолда жанын аямай, қантөгіспен жеткен Тәуелсіздігімізге неге қатер төнді? Бұл тосын жағдайдың артында арандатушылықтың, террорлық әрекеттің бары анық екеніне көзіміз жетті. Мұны Президентіміз де ашық айтып отыр. Халыққа ең керегі – ақиқат қана.
Осындай адам сенбес өрескел келеңсіздікке адам не үшін барады? Өз үйін өзі өртеп, өз ұясын неге өзі бұзады? Құс екеш құс та өз ұясын өзі бұзбайды ғой. 
Тәуелсіздігіміздің бәрінен қымбат екенін неге жан-жүрегімізбен сезінбей, арандатуға не үшін жол бердік екен?! Сонау қиын-қыстау замандарда тұрмыстың төмендігіне, аш-жалаңаш екенімізге қарамай, әр қиырдан жер аударылып келген өзге ұлт өкілдеріне бір нанды бөліп беріп, үйіміздің бір бұрышына паналатқан пейілі де, құшағы да кең халық емес пе едік?! Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздік пен тұрақтылықты берік ұстаған ел ретінде әлемге танылған жоқпыз ба?! Бір тудың астында бірлігі мен татулығы жарасқан ел екендігімізді мақтан тұтатынымыз қайда қалды?
Жаһандану заманы болғандықтан интернеттен келіп жатқан ақпараттар тасқыны көпшілігіміздің санамызды улап жатыр. Әлеуметтік желідегі ел ішіне іріткі салар, халықтың кей тобын, оның ішінде жастарды арандататын желдей ескен жалған ақпараттарды аңдып, кітап, газет-журнал дегендердің бетін ашпайтын адамдар «алты бақан алауыз» болып барады. Жалған ақпаратқа сенбейік, жалған ақпарат жарға жығатынын есімізде сақтайық.
Тәуелсіздігімізді ешкім, еш уақытта тұғырынан тайдыра алмайды. Елімізді жарқын болашақ күтіп тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан халқына арнаған Мәлімдемесінде кеңінен айтты. Президент бастамаларына қолдау көрсету біздің бір ел, бір халық екенімізді көрсетеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы ұсынған баянды бастамаларға қолдау көрсету – бәріміздің азаматтық парызымыз.
Кемел келешегімізге сенейік! «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген нақыл сөздің мағынасына терең бойлайық, ойланайық, ағайын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мақсатбек БАЙБОЛОВ,
Боралдай ауылдық округі
ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Жуалы ауданының
Құрметті азаматы.

Обсудить

Похожие материалы:

Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
Ұлттық салт
29 июль 2020, Среда
Ұлттық салт
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ: МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ
10 февраль 2022, Четверг
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ: МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ: МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ
10 февраль 2022, Четверг
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ: МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Kiera
Kiera Гости 25 октября 2024 21:25
Replica Sneakers for women gx385 Replica Sneakers for Men,Replica Sneaker ki888
Сотрудники
Партнеры