Ардагерлер белсенділігі – берекелі істерге бастайды

Бүгін Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы болып, оның жұмысына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясов, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдық округтер ардагерлер ұйымдарының төрағалары, бірқатар аудандық мекемелердің басшылары қатысты. Пленумда ұйым қызметінің 2024 жылғы жұмыс қорытындылары және биылғы жылғы атқарылуға тиісті міндеттер талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков баяндама жасады. Сондай-ақ, аудандық билер кеңесінің төрағасы Исағали Сәлімбаев, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Кеңесбай Бақтияров, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қаппарова өздері жетекшілік ететін құрылымдарда өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Баяндамаларды талқылауға қатысқан Жаңатұрмыс ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Жүзгенбаев, аудандық заң кеңсесінің меңгерушісі Әбиболла Сәулебаев, Қызыл Жұлдыз ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрайымы Назым Қуанышбаева, еңбек ардагері Төлебай Қанаев, Жалғызтөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалмахан Бекмаханбетов, Түймекент ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жомарт Мұхамеджанов аудандық ардагерлер кеңесі күнделікті көңіл бөлуге тиісті өзекті мәселелерге назар аударды.
Пленумда ұйымдық мәселе қаралды. Бұл мәселе жөнінде сөз алған Е. Солтыбаев біраз жылдан бері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы міндетін абыроймен атқарып келген Серік Ермековтің жасының ұлғаюына және денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату туралы өтініші болғандығынан пленум мүшелерін хабардар етті. Еркінбек Солтыбаев Серік Ермековтің кеудесіне "Жамбыл облысының Құрметті ардагері" төсбелгісін тағып, ұзақ жылғы жемісті қоғамдық қызметі үшін ризашылығын білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов қазақы дәстүрмен Серік Ермековтің иығына зерлі шапан жапты(жоғары суретте).
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып осы ауданның шаруашылықтарында 40 жылға жуық басшылық қызметте болған, біраз жыл аудан әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс атқарған Бердібек Омаров сайланды(төменгі суретте).
Қаралған мәселелер бойынша пленумда тиісті қаулылар қабылданды.
"Ғұмыр-Дария"–ақпарат
Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (71)