Той тоғышарлықтың көрінісі болмауы керек
Бүгінде қазақ қоғамында той тойлау мәдениеті төңірегінде қызу әңгіме жүріп жатыр. Қазақ ағайындардың қуанышын көппен бөлісеміз деп, той тойлауда аттың басын біразға жіберіп алғаны анық байқалады. Қанша жерден «Той – құдайдың қазынасы» десек те, әр нәрседе тәртіптің болуы керек қой. Әрине, қазақ барда той тыйылмайды, той қуанышы ғасырлардан бері ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан дала өркениетінің, ұлттық құндылықтарымыздың жарасымды бір бөлшегі. Кешегі заманда той – ұлттық тәрбие берудің бесігі болған десек, ақиқаттан алшақтап кете қоймаспыз. Бұрындары әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің, өнердің бағын ашатын қазақтың тойы болған. Той үстінде ақылман ақсақалдар өнегелі сөз айтқан, шешендер сөз өнерінің үздік үлгісін көрсеткен, әншілер мен бишілер талантын тербеген, балуандар белдескен, шабандоздар тұлпарлармен желмен жарысқан, той бастағандардың мерейі үстем болған. Басқасын айтпағанның өзінде осылардың барлығы бір тойдың ауқымына сыйып кеткен. Қазақтың қуанышы осынысымен де ерекшеленген, елдің есінде қалған. Дала өркениеті, дала мәдениеті дегенде осыларды еске аламыз және олардың барлығын әкеліп бүгінгі заңы басқа, заманы басқа уақытқа соның бәрін тели салу да әділеттілік бола қоймас. Десекте күн өткен сайын біздің заманымыздағы тойлардың біздің биік құндылықтарымыздан, салт-дәстүрлерімізден алыстап бара жатқандығын айтпауымызға шарамыз жоқ.
Той өткізу арқалы қуанышын көппен бөліскен және көңілін сол салтанатта көкке көтерген, рухы асып-тасып аспандаған халқымыз бүгінгі тойлардан жүйкесі жұқарып, рухани шаршап шығатыны неліктен? Дана халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан той өткізу дәстүрі бүгінде санаға сыйымсыз ерсі қылықтармен, ойға қонымсыз сайқымазақ көріністермен, аста-төк ысырыпқорлықпен «байытылып»,ойдан шығарылған, қолдан ойлап тапқан «дәстүрлермен» жетілдіріп, бұл жөніндегі «бәйгенің» әзірге алдын бермеудеміз. Кешегі отбасы немесе әулет деңгейінде өткізілетін шілдехана, бесікке салу, жасқа толу, тұсау кесер, тілашар, құда күту сияқты рәсімдер бүгінде мейрамхана төрінде бірнеше жүздеген кісінің қатысуымен өтетін болды. Бір қызығы тойлардың түр-түрі көбейіп, мазмұны мың құбылуда. Бұған енді тойханаларға аса қымбат көліктермен кіру, ақша шашу, бишілер мен әншілердің белбеуіне, қалтасына ақша қыстыру, санаға қонымсыз не бір ойындар, көріністер ойлап табу, қымбат бағаға әншілер мен асабалар жалдау сияқты шектен шыққан ысырапқорлықты қосыңыз. Бұл ерсі қылықтар біздің ойымызша қалталылардың өздеріне де онша жараса қоймас, ал енді тұрмысы төмен, жағдайы жоқ азаматтар туралы не айтуға болады? «Той – құдайдың қазынасы» деп қонақтардың тойанасына сеніп, қарызға батып, шаруасы шайқалып қалған талай кісіні көзіміз көріп жүр.
Біздің ойымызша соңғы кездері Әулиеата өңірінде той өткізу медениеті төңірегіндегі әңгіменің үлкен қоғамдық талқыға ұласып, айтарлықтай әлеуметтік сілкініс тудыруында өңір ақсақалдарының, облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасының зор ықпалы болғандығын айтуға тиістіміз. Ең алдымен шілде айында Ойық ауылында сол елді мекен ардагерлер ұйымының төрағасы, зиялы азамат Пана Рахменбердіұлының бастамасымен облыстық көшпелі семинар-кеңесі өтіп, сонда бүкіл облыс ардагерлер ұйымына осы мәселе жөнінде Үндеу қабылданған болатын. Бұл үндеу одан кейін барлық аудандық ардагерлер кеңестерінің кеңейтілген мәжілістерінде талқаланып, ардагерлер ұйымдары той өткізу мен ас ұйымдастыру мәселесі төңірегінде ақыл-кеңес құрды. Облыс ардагерлерінің бұл бастамасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада республикалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қолдап, қазіргі тойлардағы ысырапшылдыққа жол бермеу, той мәдениетін қалыптастыру, әдепсіз ойындарды тыю, ата-баба ізетінен айнымау секілді құндылықтарды жаңғырту бойынша өз ойымен бөлісті.
Жақында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Жамбыл облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңестерінің белсенділерімен кездесіп, той өткізуде және өмірден озған адамды шығарып салу рәсімінде ысырапқа жол бермеу жөнінде бірлесе жұмыс істеу жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Соңғы кездерде бұқаралық ақпарат құралдарда той өткізу мәселесі төңірегінде бірқатар өзекті мақалалар жарияланып бағдарламалар көрсетілді. Ғалым дәрігер, профессор Сағындық Ордабековтың «Aq jol» газетінде, шулық журналист Байжан Ембердінің облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінде жарияланған мақалалары, «Jambyl» телеарнасында көрсетілген «Тойдағы даңғазаны қашан доғарамыз» деген хабары оқырмандар мен көрермендердің ойынан шықты.
Иә, айтылудай айтылып ақ жатыр. Нәтиже қандай? Осы сұрақтың жауабына келгенде кібіртіктеп қалатынымыз рас. Ұсыныс айтқан жөн, сынағанымыз да дұрыс. Бірақ сол айтылған сөздер, ұсыныстар, пікірлер ескеріліп жатыр ма? Облыстық ардагерлер кеңесі бастама көтерді, Үндеу жариялады, ол қалаларда, аудандарда талқыланды. Әзірге түбегейлі өзгеріс бола қойды деп айта алмаймыз. Нақты жұмыс жүргізудің алгоритмі, тетігі болуы керек. Облыстық ардагерлер кеңесінде белсенді ардагерлердің қатысуымен асабалармен, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен болған кездесулерде осы орталықтың директоры, белсенді азамат Жасұлан Әбдіхалық бірқатар құнды ұсыныстарымен бөлісті. Руханият және тарихтану орталығында «Әдет-ғұрып,салт-дәстүр» бөлімін ұйымдастырып, той мен жаназа, ас өткізу мәселелерін үйлестіру, оларды өткізудің жобасын ұсыну, асабалар одағын құру мәселесін көтерді.
Жоғарыда да айттым, қазіргі өтіп жатқан тойларға сын көп. Тойды басқаратын асабалардың кейбіреулері тіптен жүгенсіз кеткен деуге де болады. Жаттап алған жылпос сөздерімен елді жалықтырып қана қоймайды, отырғандарды шаршатып жібереді. Тіптен кейбір тойларда ниет айтуға шақырылған қонақтар емес, асабаның өзі сөйлейді, сөйлеп тұрған қонақты тоқтатып қойып, ділмәрситіні бар. Асабаларға мұндайда ескерту жасаған үлкендерге ол азамат «мен сөйлесем ақысын алғанмын, сөйлеуге тиістімін» деп бет қаратпайды. Одан кейін той өтетін залда даңғыраған музыканың даусынан құлақ тұнады, ауру адамды қайдам, мұндайда сау адам ауру болып шығады. Қысқасы демалудың орнына тойдан шаршап шығатындар көп.
Бір нәрсе анық, тойды әкімшілік ресурсымен тоқтатуға болмасы анық. Бірақ қоғам болып, ел болып, жасымыз, жасамысымыз болып, дендеп өріс алып бара жатқан шуылдақ, дарақы тойларға тәртіп орнатып, той мәдениетін ұлттық дәстүр-салттар негізінде, қазіргі заманға лайықтап қалыптастыруға күш салуға көп болып жұмылуымыз қажет. Той өткізу – жеке отбасының, әулеттің шаруасы. Сол әулеттің үлкені бар, отбасында ата-әже деген болады, жанашыр ағайын-туыс та бұл шаруадан шет қала алмайды. Олардың арасында сөз жоқ ардагерлер ұйымдарының белсенділері бар екендігінде күмәніміз жоқ. Сондықтан жер-жердегі бастауыш ардагерлер ұйымдары бұл орайда нақты жұмыс атқара алады. Облыстық ардагерлер кеңесі сондай талап қойып та отыр. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков той мәдениетін орнықтыру бағытындағы облыстық ардагерлер кеңесінің игі бастамаларын қолдайтындықтарын ресми түрде білдірді. Бұл ортақ елдік шаруадан аудандардың әкімдері де шет қалмайтынына біз сенімдіміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана қазақ. Олай болса бастаған ісімізді аяғына дейін жеткізейік. Тойды шын мәнін де қазақтық қазынасы болатын, қуанышын паш ететін, елдің рухын көтеретін, көңілін шаттандыратын деңгейге көтеруге баршамыз болып ат салысуымыз керек. Қазақтар бір-біріне "тойда кездесейік" деп жатады. Ал, сол тойымыз сәнді де, салтанатты, мағыналы-мазмұнда жағдайда өтуі үшін әрқайсымыз үлес қоссақ жаман болмас және той өткізу мәдениетін ретке бір келтіріп алсақ көңіл көкжиегіміз әжептеуір кеңіп қалар еді.
Қонысбай ИЛЬЯСОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі
ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Обсудить
Блок в статье:
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
03 январь 2025, Пятница
Кеңес беріп, ем-дом жасады
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)