Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінде бөлім басшысы Ахметжанов Абылай Әзімханұлы құттықтау тілегін арнап, ауданымыздың қоғамдық жұмыста белсене араласып жүрген бес ананы: Оңғарбаева Нуриякүл, Дүйсекова Күлдариға,Увалиева Мариякүл,Даирова Уулкан,Досумбекова Райкүлді Алғыс хатпен марапаттады. Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қаймолдаева Назира Өмірзаққызы өз сөзінде Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп, аналарды марапаттарымен құттықтады. Сонымен қатар Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Күздеубай Дәрмен Оралұлы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Осы тудың астында өздеріңіз сияқты қоғамға белсене қатысып жүрген аналар аман болыңыздар. Марапаттарыңыз құтты болсын,-деген тілегін білдірді. Аудан аналар кеңесінің төрағасының орынбасары Байбосынова Роза аналардың қоғамға қосып жүрген үлестері туралы айтып, әрбір ананың тірлігіне сипаттама берді. Бүгінгі марапат өз иелеріне дұрыс беріліп отырғанын атап өтіп, аналар атынан Абылай мырзаға алғыс білдірді. Марапат иелерінің атынан Оңғарбаева Нуриякүл анамыз Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлім басшысы Ахметжанов Абылайға алғысын білдірді. Отыншиева Айнұр ханым аналарға демеуші болып, өз сыйлығын тарту етті.
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)