ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА
Тарих пәнінен ұзақ жыл дәріс берген ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының Құрметті қызметкері Төлжан Рахмановты жақсы адамдардың қатарына жатқызуға болады. Біз ардагер ұстаз жайлы Байзақ аудандық тарихи -өлкетану музейіне өткізген жәдігерлерін саралай отырып: «Елім, жерім, тарихым» деп алаңдап жүрген кісі екенін танып білгендей болдық. Содан кейін жақсыны көрмекке деп сенбі күні Ақшолаққа жол тарттық.
Әшейінде Жібек жолының бойында жатқан ауылдың бірі десек те, Ақшолақтың бұрылыс көшелері көп екен. Намазбай Шахбатырұлы көшесінен өзі күтіп алды. Құшақ жая амандасып, риясыз көңілін көрсетіп жатыр. Ашық, әңгімешіл кісі екен. Төкең өзінің туып өскен ауылын, Ақшолақтың ерекше адамдарын зерттеуді жігіт кезінен бастағанымен, ұстаздыққа кештеу келіпті. Теміржолдың бойында туылғаннан болар, әуелі өмір жолын теміржолмен байланыстырғысы келген. Сол мақсатпен Алматы теміржол академиясына түскенімен, оқуын екінші курстан үзген. Дегенмен, 20 жыл бойы Ақшолақ стансасында теміржолшы болып еңбек етіпті. Беріректе ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, теміржол шебері атанып, жалақысы да жоғарылаған. Материалдық жағынан барлығы дұрыс еді, сонда да Төлжанның көңілі орнына түспеген. Неге олай? Оның себебі мен шешімін әр күні кешке дейін атқарып келген теміржол саласындағы кәсібінен емес, оқта-текте газеттерге шығып тұратын зерттеу мақалаларынан іздеген. Тапты да. Тапқаны сол М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің тарих-география факультетіне сырттай құжат тапсырған. Ол жылдары көп ауылдарда мектеп, балабақша, емхана мәселелері шешіле қоймаған. Ақшолақтағы бастауыш мектеп 2001 жылы орта мектеп болып қайта құрылды. Гүлмира Есентаева деген кісі орта мектепке директор болып келеді. Міне, Төлжанның тарих пәні мұғалімі болсам деген арманы осы сәттен орындала бастаған. Аудандық, облыстық газеттерден зерттеу мақаласын оқыған ауылдың игі жақсылары мектеп директорына Төлжанды мектепке ұстаздыққа қабылдау туралы өтініш жасапты. Гүлмира да енді қалыптасып келе жатқан орта мектепке мықты тарихшы керегін түсінген. Мұны шақырып алып сөйлескенде, мектеп басшысы өзінің іздеп жүрген маманын көргендей болады. Осылайша, Төлжан Рахманов 2002 жылы Ақшолақ орта мектебіне тарих пен география пәнінің мұғалімі болып қабылданады. Жалақысы 12 мың теңге. Теміржолдағы айлығынан 8 есе аз. Бірақ, бақыттан басы айналады. Себебі, өмір бойы көңілінде жүрген арманы орындалды, балалардың қасына келді. Сол кезге дейін де Ақшолақтан 5 шақырым қашықтықта жатқан Ақыртас кешенін зерттеп, ізденіп жүрген. Мектепке тарих пәні мұғалімі болып қабылданған соң, бұл бағыттағы жұмыстарын күшейтті. Енді жалғыз өзі емес, зерттеу жұмыстарына оқушыларын да қосты. Өзі өте қуанышты болатын, осындай нағыз ұстазға тап болғандарына оқушылар да риза еді.
«Ізденген жетер мұратқа...» дегендей, Төлжан ағайды жетістік ұзақ күттірмеді. 2004 жылы Гүлханым Атамқұлова деген шәкірті облыстық ғылыми жобалар жарысында «Көне Ақыртас құпиясы» атты зерттеу еңбегі бойынша жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс Гүлханымға да, жетекшісі Төлжан ағайға да үлкен жігер сыйлаған. Содан кейін осынау білікті ұстаз балалармен бірге ұстаздық қызықты жұмысқа бел шеше кіріскен. Осы жылдары Ақыртас кешеніне оқушылармен бірге үнемі жаяу барып тұрған. Жаяу жүру оқушыларға да қызық. Төлжан ағайлары: «Қане, жол бойы бір бейнеге ұқсайтын тас теріп барамыз» деп тапсырады. Оқушылар үшін мұның бәрі қызық. Таласып тас теруге кіріседі. Біреуі түйеге, нарға ұқсайтынын тапты. Осылайша, жылқы мен сиыр, тау, сарай, сағат, орындық, гүл, тал дейсіз бе, бәріне ұқсақ тастар табылды. Оның көпшілігі ұқсай да бермейтін. Сонда да Төлжан ағай балалардың көңілін қалдырмай, ештеңеге ұқсамаған тасты да «Керемет дүние тауыпсың, жарайсың» деп қабылдап ала берген. Әр баланы ынталандыру үшін мұндай да қолдау керегін түсінген. Оқушылардың қызығушылығын осылай арттырған. Осылайша, 2006 жылы Арайлым Мәдиева деген шәкірті «Қазақ елі-ежелгі сақ замандарынан бері өзіндік дәстүрі мен мәдениеті қалыптасқан ел» тақырыбында ғылыми жоба жұмысымен облыстық байқауда топ жарды. Шәкірттерінің жетістіктері осылай жалғасып кете береді. 2013 жылы Венгрия мемлекетінен қыпшақтар келіп, Ақыртасты аралап, тағзым етіп қайтқан екен. Бұл жағдай Төлжан ұстазға ерекше әсер етіпті. Содан 2014 жылы шәкірті Фариза Қалдыбаевамен бірге «Венгриялық қыпшақтарды зерттеу жолдары» атты ғылыми жоба жұмысын жазып, республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Осылайша, шәкірттері Темірлан Айтжанов, бір үйдің балалары Қарлығаш, Нұрсұлтан, Бекзат Сапарбаевтар тарих пәні бойынша облыстық пәндер олимпиадасында және ғылыми жоба жарыстарында үнемі жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрді. Төлжан ағайдың жолын 4 шәкірті жалғастырып, әр жылдары университеттің тарих пәні мұғалімі мамандығын таңдады. Солардың үшеуі университетті қызыл дипломмен бітіріп, еліміздің әр аймағында жемісті еңбек етіп жүр. Міне, бұл Төлжан ағайдың бақыты.
Ұстаздың – ел тәуелсіздігіне қосқан үлесі қомақты. Төлжан Төлегенұлы 2022 жылы 29 қазан күні 63 жасқа толып, мектептегі соңғы күнін өткізіп, ертеңіне зейнетке кеткен. «Ол күн – жұма еді. 63 жасқа толған туған күнімде соңғы сабағымды өтіп, зейнетке кеттім. Ертеңіне менің төл шәкіртім Нұрсұлтан Сапарбаев менің сағаттарымды қабылдап алып, ұстаздық жұмысына кірісті. Жастарға жол бердім. Әйтпесе, аудандық білім бөлімі де, мектеп директоры да менің мұғалім болып жүре беруіме қарсы болған жоқ» дейді. Міне, нағыз ұстаз! Уақыт келді, кетті. Қандай оң шешім. Талайға үлгі боларлық шешім.
Төлжан ағай жұбайы Гүлнар апай екеуі Руслан, Гүлбану, Гүлбосын, Нұрсұлтан атты ұл-қыздар өсіріп отыр. Бәрі де өз орындарын тапқан. Ұл ұяда, қыз қияда. Үлкен ұлы Русланның балаларына атасы ретінде есімді өзі таңдапты. Немерелерінің есімі Алаш, Мағжан, Бөрте, Әбіш. Бұл есімдер баласы Руслан мен келіні Айданаға да ұнаған. Қолындағы баласы Нұрсұлтан да отбасылы. Келіні Шолпанның ата-енесін , жұбайын ерекше құрметтейтіні , тәрбие көргені көрініп тұр. Төлжан ағай кенже баласынан Айзере, Айсұлтан атты немерелер сүйіп отыр.
Қазір де Төлжан ағай бекер қарап жүрген жоқ. Тарихи зерттеу жұмыстарын жалғасырып жатыр. Ауылындағы Қаражан Әлімбаев деген кісінің әйгілі Әбілқайыр ханның тікелей ұрпағы екенін дәлелдеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол зерттеуі дәлелденсе, туған өлке тарихына қосылған сүбелі үлес болғалы тұр. Біз ізденуден жалықпайтын зерттеуші Төлжан Төлегенұлының жұмысына сәттілік тіледік .
«Ғұмыр –Дария» газеті үшін
Есет ДОСАЛЫ,
журналист
Байзақ ауданы

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)