ДОС ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС
Апрель Сержановты Сарысуда білмейтіндер кем де кем шығар. Былай қарап отырсаң екінің бірі атқара беретін ауылдық кәсіптік-техникалық училищеге директор болды, мектеп басқарды. Болмысы бөлек тұлға басшыларға тән ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиетімен қатар жүріс тұрысымен де, сөйлеу мәнерімен де, тыңдай алатын, тыңдата алатын айрықша қасиетімен де жерлестерінің есінде қалды. Апрель Түлкібайұлы өзінің тікелей лауазымдық міндетінен бөлек елдік мәселелердің қалың ортасынан табылатын. Кетіскенді бітістіретін, араздасқанды татуластыратын, ағайынның ауызбіршілігін сақтап, үлкендігімен, өнегесімен көптің алдыңғы легінде жүретін. Жерлестері "Еліңде кімің бар" дегенде "Апреліміз бар", деп ол азаматты өздеріне айбын санайтын. Елі сүйген, елін сүйген сол Апрель Түлкібайұлы Сержанов бүгін тірі болғанда 80 жасқа толады екен. Апекеңмен ұзақ жыл қызметтес, дәмдес-тұздас болып, достық қарым қатынаста өмір кешкен қоғам белсендісі, мемлекеттік қызметтің ардагері Алдаберді Мақашевтің естелік-эссесін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Өткінші жауындай жалған дүниеден озғанымен, есімі ел есінде қалатын аяулы азаматтар болады. Себебі, кісілік келбеті, халқына көрсеткен қызметі жасаған жақсылығы, тигізген шарапаты ұмытылмайды. Көзі көрген, жақсылығын сезгендер атпал азаматты несімен жадына сақтайды, мінсіз мінезін, адамгершілік қасиеттерін әрдайым айтып жүреді. Міне, сондай жаны жайсаң асыл азаматтардың бір де бірегейі – Апрель Түлкібайұлы Сержанов еді.
Апрель екеуіміз сонау 1971 жылы сол кездегі №124 Байқадам ауылдық кәсіптік-техникалық училищесіне бір күнде келіп, оқытушы болып орналастық. «Жақсыда жаттық жоқ» деген рас екен. Сынаптай сырғып күндер өтті. Көшкен бұлттай жылжып жылдар озды. Міне содан бері талай кезеңде таныстығымыз, сыпайы сыйластығымыз сыр бүкпес шынайы достыққа ұласты.
Өмірдің сәні сыйластық дер болсақ сыйластығымыз жарасып, отбасымызбен аралас-құралас болып кеттік. «Айда аяқ, жылда жілік жоқ» демекші, содан бері елу үш жыл уақыт өтіпті. Зымыран уақыт қамшының сабындай ғой. Ардақты азамат, қимас досты мейірімсіз ажал қара жер қойнына алып кеткеніне де он үш жыл болыпты. Ел ағасы бола білген аяулы досымыз Апрель Түлкібайұлы көзі тірі болғанда дәл бүгін 13 желтоқсанда 80 жасқа толады екен.
Мен бүгін көзден кетсе де көңілден кетпейтін досымыздың өзгеге үлгі-өнеге болар тағылымды ғұмырынан сыр шерту үшін қолыма қалам алып отырмын.
Әпекеңнің өнегелі өмірінде ел үшін тындырған елеулі ісі, сіңірген еңбегі аз болған жоқ. Қайсы бірін айтайын, ең бастысы мінезге бай еді. Сөйте тура үнемі кішіпейіл, қарапайым қалпынан танған емес. Мінез бен ісінің үйлесімі жарастық тауып, ол азаматтың қадірін арттырып тұратыны сезілетін. Жүріс-тұрысында, мінез-құлқында, сөз саптауында тектілік байқалатын. Қашанда ілтипатты, елгезек көрінуі, біреулерге жанашыр болып көмектесуге бейім тұруы да сондықтан болар. Түптеп келгенде бәрі де өзінің алған тәрбиесіне байланысты ғой. Досымыз өзі де тәрбие мәселесіне ерекше мән беретін. Екі сөзінің бірінде қазақы тәрбиенің қыры мен сырын алға тартып отыратын.
Ол өмір жолын оқу ағарту саласына, жас ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Ел құрметіне ол білімді де іскер, ізетті де ізденімпаз, әрі талапшылдығымен ие болды. Мамандығының қыр-сырына қанық, ойы озық, білімі мол, өз ісін беріле атқаратын, адамгершілігі араға қылшық түсірмейтін, мейлінше әділ, әріптестерінің жақсылығына шын жүрегімен қуанып, жаманына жирене білетін азамат өз ортасында қадірлі болды.
Сондықтан да болар, училище директорының орынбасары болып жүрген мені 1984 жылы аудандық партия комитеті қызметке шақырғанда оқу орнының басшысы, марқұм Жақсылық Бозжігітов ағамыз: "Орныңа кім лайықты деп санайсың" дегенде, бірден ойланбастан Әпекеңнің есімін атадым. Осы қызметте де, одан кейін 1988-1992 жылдары училище директоры болып қызмет атқарған кезінде де, 2000 жылдан құрметті зейнеткерлікке шыққанға дейін Түркістан ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебін басқарған уақытта өз беделін, абыройын жоғалтқан емес.
Әпкеңнің кескін-келбеті бөлек жан еді ғой. Жүзінен нұры төгіліп тұратын бауырмал азамат болатын. Кімді де болса бір көргеннен баурап алатын. Сөйлеген де шешен, айбыны асып, мысы басып сөйлейтін. Әр сөзін ақыл таразысына сала салмақпен айтып, түйінді мәселе, күрмеулі істі тиянақтап шешетін. Онымен ой бөлісіп отырғанда, сарайың ашылып, тынысың кеңейіп сала беретін. «Қазағың кім?» дегенде осы Апрельдің болмысын, бейнесін көрсетіп мақтануға тұрарлық азамат еді.
Сыйласқан адамына алғаусыз көңілі, үлкенге де, кішіге де бірдей ақжарқын пейілі ғажап болатын. Ол ағайынды ауыз бірлікті молайтатын жақсы істерге тартуға бейім тұратын. Осы істерді атқарудан шаршамайтын. Сондықтан да болар, досқа, ағайынға, туысқа барынша адал қалпынан танған емес. Осы қасиеттерімен ерекшеленіп көрінетін. Ол досқа , туысқанға барлық көңілін, ықыласын, жүрегін айқара ашатын. Әпекең өмірін, атқарған істері мен айтқан сөздерін зерделей келе, бұл азаматты елдің қамын ойлайтын, жоққа жаны ашитын, барға береке тілейтін бірегей тектілігіне сүйсінетінбіз. Оймақтай ойдың тобықтай түйінін түйсек, Ұлы Абай айтқандай, абзал дос дүниеге келіп, өз орнын тауып, кірпіші болып қаланып кетті.
Досымыз адами қасиеттерге бай жан болатын. Сезімі сергек, көкірек көзі ояу, керемет дархан жан ретінде замандастары, елі-жұрты жоғары бағалайтын. Өмірде өзінің де, өзгенің де іс-әрекеттеріне байыпты, байсалды қарайтын, әрбір істің дұрыс шешімін табуын қалайтын. Көп сөйлей бермейтін, сырбаз мінезді, талғампаз жан ретінде есте қалды. Бірақ тәкәппар емес, дандайсу мен менменсуді, мансапқорлық пен жағымпаздықты жек көретін. Терең өзеннің ағысы тыныш болады ғой, сол сияқты Әпекең салмақты, салихалы өмір сүріп өтті.
Осы айтылған пайым-байламдардан түйгеніміз, Әпекең азаматтық қасиетін, перзенттік парасатымен, екінің бірінің бойынан табыла бермейтін білім-білігімен, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны таразылай алатын талғампаздығымен, ең бастысы, қашанда қарапайым халықтың қасынан табылып, қоян-қолтық жүретіндігімен ел есінде қалды. Адамға ең керек асыл қасиеттерде бәлкім осылар болар. Адам өмірінің жарық жұлдыздай жарқырап, қоғамға пайдалы, ізін басқан ұрпаққа үлгі-өнеге болуы оның ішкі жан дүниесінің тазалығына, пәк көңілінің, ізгі ниетінің ақтығына байланысты екенін Әпекең ғибратты ғұмырында дәлелдеп кетті.
Жолы болар жігітке жаны жайсаң ақ жаулық кездеседі. Маңдайына табиғаттың бұйрығымен жазылып, Әпекеңнің алғаш қолы жеткен байлығы-құдай қосқан қосағы, аяулы жары, сүйкімді дидарынан мейірім мен ізгілік шашыраған Есенкүл болды. Сыртқы әдемілік күн жеген шүберектей тез оңады. Рухани ішкі байлығы, жан сұлулығынан нәр алған әдемі келбет ғана жыл өткен сайын өңі жаңарып, таза күмістей, саф алтындай құлпыра түседі. Алты ұл-қызға өмір сыйлап, тәрбиелеген, келбетінен, істеген ісінен де даналық пен көрегенділіктің лебі ескен Есенкүл – елдің жүгін арқасына алған азаматтың жан серігі, ауыл-елдің абзал анасы болып келеді.Біз училищеде бірге қызмет атқарған Түйтебай, Мухамбедия (жандары жәннатта болсын!) Әпекеңмен арамызда қыл өтпейтін достар болдық. Бір-бірімізсіз тамағымыз сіңбейтін. Соңғы сапарға шығарып салар алдында, қаралы жиында достары атынан Мұхамбедия толғанып, тебіреніп сөйлеп тұрып, көңілі де босап, еріксізден көзіне жас алуы, досымызды қимастықпен шығарып салуымыздың айғағы еді. Дүние жалған екен. Асыл азаматты жеңсіз, жалғыз ақ жейдеге орап, қара жер қойнына тапсыруға мәжбүр болдық. Бірақ досымыздың өзі болмаса да, көзіндей көрген достары, әріптестері, шәкірттері, бәрі-бәрі бізбен бірге, жарқын бейнесі жадымызда, үлгі өнегесі көз алдымызда. Көшкен керуендей дүниеден озған асыл досымыздың алдынан жарылқасын, жатқан жері жарық болсын, нұры пейіштің төрінде шалқысын, артында қалған үрім-бұтағы, туған жері, жұрты аман болсын. Мен Әпекеңмен достық, түсіністік, әріптестік жағдайында қырық жыл бірге жүрген кездерімді өз өмірімнің бақыттың бір белесі деп санаймын.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Мемлекеттік қызмет ардагері,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)