Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
«ҚАРТЫ БАРДЫҢ – ЖҰРТЫ БАР». БҰЛ – БАҒЗЫДАН ҚАЛҒАН БАБАЛАР СӨЗІ. ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ – БІЗДІҢ ҚАЗАҚЫ ҚАНЫМЫЗҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ. БҮГІНДЕ ОРТАМЫЗДА ЖҮРГЕН ҚАЗЫНАЛЫ ҚАУЫМНЫҢ БІР КЕЗДЕРІ ЕЛІ ҺӘМ КЕЛЕШЕК ҰРПАҒЫ ҮШІН ЖАСАҒАН ИГІ ІСІ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҒИБРАТ.
ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҚАРИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІР ДЕ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚАТЫСЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЖАСАУЫ ҚУАНТАДЫ. ОСЫ ОРАЙДА, АЙМАҚ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ БАСЫН БІРІКТІРГЕН ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРЫП ЖАТҚАН ИГІЛІКТІ ҚЫЗМЕТІ БҮГІНДЕ ҚОҒАМНАН ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН АЛУДА. ОҒАН ДӘЛЕЛ – ЖАҚЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСНІҢ ТӨРАҒАСЫ СЕЙТХАН ЖҰМАШЕВТІҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРПАТТАЛУЫ ДЕР ЕДІК. БҰЛ МАРАПАТ ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ АУДАН АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМДЫҚ
ҚЫЗМЕТІНЕ БЕРІЛГЕН АЙРЫҚША БАҒА ДЕП ЕСЕПТЕЙМІЗ.
АЛДАҒЫ КҮНДЕРДЕ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТІЛГЕЛІ ОТЫРҒАН ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА БІЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ СЕЙІТХАН ЖҰМАШЕВПЕН ТІЛДЕСКЕН ЕДІК.
ТІЛШІ:– Бүгінде облыс ардагерлер ұйымдары қоғамдық көштің алдыңғы сапында келе жатқандығына ешкім дау айта қоймас. Солардың алдыңғы қатарынан Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің, аймақтағы бастауыш ұйымдардың, әсіресе соңғы жылдары жоғары белсенділікпен қызмет атқарып жатқандығынан біз хабардармыз.
Сейітхан ЖҰМАШЕВ:–Жалғыз ағаш орман емес. Ең әуелі аудандық ардагерлер ұйымының өз қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуіне аудан әкімдігі мен өзге мемлекеттік құрылымдардың және қоғамдық ұйымдардың қолдау-көмегінің болып келе жатқандығын айтуға тиістімін. Сол ықпалдастықтың арқасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бізде әрбір мекемеде, ауылдық округте бастауыш ардагерлер ұйымдары құрылған және олардың жұмысы жүйелі, жоспарлы негізде жүргізіледі. Зейнет жасына келгенше туған өлкесін түлетіп, елдің дамуына еңбек сіңірген ардагерлер ендігі жерде ардагерлер ұйымдарына бірігіп, көргені мен түйгенін кейінгі жастарға мирас етеді, ағайынның ауызбірлігін, елдің ынтымақ- берекесін сақтауға атсалысады. «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар» деген ұлағатты ұрпағына ұқтырған ардагерлер бірлігіміз бен тірлігімізге күн шапағындай шуақ шашады. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген сөзді қазақ сол үшін айтқан.
Жуалы аудандық ардагерлер ұйымы аймағымыздағы жалпыұлттық идея рухында патриоттық және адамгершілік тәрбиені, саяси тұрақтылықты сақтау бағытын ұстанады. Қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына, оларды лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге барынша ықпал етеді.
Ардагерлер қозғалыстың беделін көтеруде, ардагерлер ұйымдарының
ықпалын арттыруда үлкендеріміздің қоғамдық істердегі белсенділіктері біздің ортақ ісімізге көп ықпал етеді.
Елімізде аталып өтетін барлық мемлекеттік және кәсіптік мерекелер жергілікті жерлерде ардагерлер кеңестері төрағаларының тікелей қатысуымен округтерде ұйымдастырылады. Және жоғары деңгейде, тағылымдық, тәрбиелік мәні зор жағдайда өтіп жүргендігін айтуға тиістімін.
ТІЛШІ:– Ұрпақтар сабақтас- тығының алтын арқауын үзіп алмай, жас ұрпаққа үлгі өнеге көрсету, білгендерінше өсиет айту, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолындағы ұзақ жолда олардың жауапкершілігін көтеру аға буын өкілдерінің ең қастерлі борышы болып қала беретіндігіне біз бек сенімдіміз.
Сейітхан ЖҰМАШЕВ: Мемлекет басшысының биылғы қыркүйектегі Жолдауы барлық бастауыш ұйымдарда талқыланып, назарға алынды.Бүгінде біздің әр белсенді ардагеріміз өзі тұратын ауылдың, көшенің, әулеттің биі, сөзұстары, тәрбиешісі десек қателеспейміз. Менің ойымша ұрпақтар сабақтастығы – ол үлкендеріміздің өнегесінен, өрісті істерінен бастау алса керек.
Жалпы бүгінгі күні ауданымызда 54 мың халық тұрса, олардың 5792-ы зейнеткер. Оның ішінде тыл еңбеккерлерінің саны-153, Чернобыл апатына қатысқандар-12, Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер-73, Таулы Қарабах, Ирак, Тәжікстан ұрыс қимылдарына қатысқандар-15, ауған соғысының ардагерлері-46.
Бүгінде Жуалы жерінде ынтымақ- бірлікте өмір сүріп жатқан 11 этностың өкілдері Қазақстан халық Ассамблеясы құрамында 5 этно- мәдени бірлестікке тіркеліп бірлік пен татулықта өмір сүруде.
Ал, енді ардагерлеріміздің нақты қоғамдық қызметіне келер болсақ,
олар еңбек ұжымдарында, мектептер мен колледждерде, жастар арасында жиі болып, кездесулерге қатысады, жастарға өмір жолдарын баян етеді.
Ардагерлердің мол тәжірибесі мен өмірден түйген, көрген- білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Сондықтан ардагерлер ұйымдарының қоғам- дық жұмыстарын, жекелеген белсенді ардагерлердің тәрбиелік- тағылымдық қызметтерін көбірек насихаттауға басымдық береміз.
Мәселен жақында ауданымызда ардагерлер жиынын өткіздік. Басқосуда Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ардагерлер рөлі, отбасылық құндылықтар, өзге де тақырыптарда тұшымды ойлар ортаға салынды.
Кездесу барысында сөз алған қариялар қоғамдағы көпті алаңдатқан мәселелер туралы айтпай кетпеді. Озығы мен тозығы жеткен салт-дәстүр туралы сөз қозғаған көп балалы аналарымыз бүгінгі таңдағы «көкек» аналар жағдайы, тәрбиенің осалдығы туралы алаңдаушылық білдірді.
Сонымен қатар еңсесін көтеріп, барымызды бағалап, пікірімізді көпшілікке жеткізіп отырған қариялардың бірден-бір басылымы «Ғұмыр-Дария» газетіне алғыстарын жеткізіп, жазылымға біркісідей атсалысатындықтарын ашық айтты.
ТІЛШІ: -Аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан белсенділік танытып жүрген үлкендер қауымына көтермелеу шаралары қалай жүзеге асады?
Сейітхан ЖҰМАШЕВ: - Әрине, ол жағын ұмыт қалдырған емеспіз. Әрбір ұйым мүшесін қолдау мақсатында, тұрақты түрде ардагерлерді марапаттау рәсімдерін ұйымдастырып отырамыз.
Аудан ардагерлері арасында салауаты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге баулу, ардагерлердің
бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында түрлі шаралар тұрақты ұйымдастырылады.
Өткен жылдан бастап жыл сайын 50-ге тарта аудан ардагерлерін Түркістан облысындағы әулиелі жерлерді аралату дәстүрге айналып отыр. Биыл да 11қазан күні ардагер қариялар мен ардақты аналар әулиелі жерлерді аралап, киелі Түркістан қаласына саяхаттап қайтты.
Көркемөнер саласында ардагер- лердің белсенділігін айтпай кетуге болмайды. Атап айтатын болсақ аудан көлемінде ардагерлердің 5 халықтық ансамблі құрылған. Олар ауданда өткізілетін мәдени іс- шараларда өнер көрсетіп жүр.
ТІЛШІ:- Сөз соңында, облысы- мыздың 85 жылдық мерейлі мерекесіне орай Сіздің ел азаматы ретінде бір ауыз жылы лебізіңізді білгіміз келеді.
Сейітхан ЖҰМАШЕВ: - Бұл той – облыс халқының ортақ қуанышы. Біз биылғы атқарған басты- басты шараларымызды облыстың құрылғанына 85 жыл толған мерекесіне арнадық. 85 жасқа толған облыс құрдастарын марапаттадық. Олар біздің сапымызда аз емес екен.
Бұл мерекені біртұтас Қазақстан халқының берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін.
Әр аймақ өзіндік қалыптасу, даму кезеңдері мен қарыштау сәттерін басынан өткізеді. Жамбыл облысы да бұл жолдан өтті.
Қадірлі жамбылдықтар!
Тарихы терең өңіріміздің торқалы тойы баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін!
ТІЛШІ: - Мазмұнды сұхбатыңыз
үшін рахмет!
Сұхбаттасқан: Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, «ҒҰМЫР–ДАРИЯ»

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (32)