Бұл мерейтой бұрынғыдан өзгерек
Ауданда Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «Мәдениет — асыл қазынам» атты Сарысу ауданының күндері мен Жаңатас қаласының 55 жылдық мерейтойы басталды.
Сарысу − еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, жан-жақты дамып келе жатқан мекен. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұйымшыл тұрғындар ауданның ғана емес, тұтастай Отанымыздың гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Бүгін Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «Мәдениет — асыл қазынам» атты Сарысу ауданының күндері мен аудан орталығы Жаңатас қаласының 55 жылдық мерейтойын сарысулықтар кең көлемде атап өтуде.
Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында Жаңатас қаласындағы орталық алаңда өтіп жатқан «Мәдениет-асыл қазынам» мерекелік шарада аудандық кітапхана ұйымдастырған «Шежіре тұнған, асылдар туған, киелі құт мекен — Сарысуым» атты кітап көрмесі көпшілікке аудан тарихынан сыр шертсе, ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда қазақ күресі, арқан тарту, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ, садақ ату, теңге ілу, қыз қуу ойындарымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлердің көріністері мерейтойдың ажарын айшықтай түсуде.
Аудан төріндегі дүбірлі тойға этно-мәдени орталық өкілдері де белсене ат салысып жатыр.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)