БІРЛІККЕ БАСТАР – ЫНТЫМАҚ
Еліміздегі тұрақтылық пен берекенің, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуы – барша халықтың ауызбірлігі мен келісіміне тікелей байланысты.
Осы орайда Биназар ауылында бірлік пен берекені терең насихаттау, ел татулығын нығайта түсуге бағытталған «Бірлікке бастар – ынтымақ» тақырыбында қоғамдық форум өтті.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, Мойынқұм ауданының Төбе биі Жамбыл Қалыбаев, аудандық мешіттің имамы Рысбай Еспенбетов, аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы, аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Ғалия Шубаева және ауылдық округтің зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары қатысты.
Аталған форумды аудан әкімінің орынбасары Ержан Әлімханұлы жүргізіп отырды. Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында сөз алса, ауданның Төбе биі Жамбыл Қалыбаев «Ақсақалдықтың абырой-беделін биіктету – уақыт талабы» тақырыбы аясында сөз қозғады. Ал аудандық мешіттің имамы Рысбай Еспенбетов «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы рөлі» тақырыбында насихат айтса, Мойынқұм аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Ғалия Шубаева «Тәрбие басы – тал бесік» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Дастан АМАНҚҰЛОВ,
Мойынқұм аудаын әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің бас маманы.
Все реакции:66
Обсудить
Блок в статье:
БИЛЕРДІҢ ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ ЗОР
09 ноябрь 2024, Суббота
Таулар алыстаған сайын биіктей береді...
08 ноябрь 2024, Пятница
«ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ»
08 ноябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)