Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА

ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА

29 сентябрь 2024, Воскресенье
86
0
  Шу ауданының орталығы Төле би ауылында аудандық мəдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен батагөй қариялардың дəстүрлі облыстық байқауы болып өтті. Əдеттегідей байқау облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркеповтің ақ батасымен ашылды.Байқаудың салтанатты ашылуында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Шу ауданының əкімі Бақытжан Жəнібеков батагөйлер аламанына қатысушыларға сəттілік тілеп, ізгі лебізін арнады.
–Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мəн берген «Қарттары бар ел – қазыналы ел» демекші, ұрпақтарын ізгілікке жетелеп, ақ батасымен əр шаңырақты шуаққа, жақсылыққа, бөлейтін қариялар – біздің асыл қазынамыз, даналықтың дариясы, асыл жандар! Сіздерге сəттілік тілеймін, – деді аудан басшысы. (Жоғарыдағы суретте) Ұрпағын ізгілікке жетелеп, ақ батасымен əр шаңырақты шуаққа бөлейтін, жақсылыққа үндейтін батагөйлердің бұл сайысы бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, байқаудың қазылар алқасының төрағасы Махметғали Сарыбеков байқаудың өткізілу тəртібін жариялап, көптің көзінше сұрақжауап салынған ұяшықтарды ашты. (Ортадағы суретте) Батагөйлер бəсекесіне Тараз қаласынан жəне он ауданнан ақ батасы ұрпағына бақ болып дарыған 11 ақсақал, атап айтқанда Қордайдан Жайсанбек Абдиматов, Мойынқұмнан Жолдасбек Абушакиров, Тараз қаласынан Құдайберді Əбілов, Жуалыдан Дəулетжан Байдалиев, Мерікіден Бауыржан Байдаулетов, Сарысудан Шəріпбек Қалжанов, Жамбылдан Ерболат Қуандықов, Шудан Оңалхан Сырлыбаев, Тұрар Рысқұловтан Нысанбай Тəукенов, Таластан Əділхан Тойшыманов, Байзақтан Аманғазы Халықов қатысып, бүгінде қолданыстан шығып бара жатқан баталарын көрермендер алдында жатқа айтты. Бірінші кезең бойынша əділ қазылар алқасының ұйғарымымен Аманғазы Халықов, Ерболат Қуандықов, Құдайберді Əбілов басқалардан оқ бойы озық шығып, екінші кезеңге жолдама алды. Батагөйлер байқауының қалған қатысушылары əртүрлі аталымдар бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Батагөйлер аламанының екінші кезеңінде қазылар алқасының шешімімен үшінші орын жүз мың теңгелік сыйақысымен Жамбыл ауданыннан келген Ерболат Қуандықовқа , екінші орын екі жүз мың теңгелік сыйақысымен Байзақ ауданынан келген Аманғазы Халықовқа берілді. Облыстық байқаудың бірінші орынын тараздық Құдайберді Əбілов жеңіп алып, үш жүз мың теңгелік бас жүлдеге ие болды. (Төменгі суретте).
Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылған емес. Салтдəстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сəнін келтіріп, өмірдің мəнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Сонымен қатар халықтың ризашылығына ие болған мұндай іс-шара салт-дəстүрді дəріптеуде, жастардың рухани байлығын арттыруда маңызды орын алары сөзсіз. Олай болса тағылымы мол болған, аға ұрпақ өкілдерінің даналығы мен даралығын айшықтаған тағы бір алқалы шара өз мəресіне жетті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қарияларымыз қашан да қазыналы болғай деп тілейік. Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, «ҒҰМЫР–ДАРИЯ» Тараз-Төле би-Тараз
Обсудить

Похожие материалы:

БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
14 сентябрь 2024, Суббота
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
19 сентябрь 2024, Четверг
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
АҚЫЛДАСУ
11 сентябрь 2024, Среда
АҚЫЛДАСУ
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры