АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖЫР АРНАУ

Адал еңбек – малы, көлік, үй –жайы,
Өрлеу, өсу, биіктікте – бар ойы.
Ырғын өнім беретіні және бар,
"Үсіді" деп тастап кеткен бидайы.
Қызығады ісіңізге адамдар,
Сізден жұмыс үйренеді адалдар.
Меркідегі жасап жатқан ісіңнен,
Мемлекет басшысы да хабардар.
Облыстық батагөйлер байқауының бас жүлдегері, Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сейітқазы МЕДЕТБЕКОВКЕ
Ізгіліктен басталған да ой басы,
Сіздің көңіл – тазалықтың айнасы.
Байқап тұрсам Сіздің алтын кеудеңіз,
Секілді екен – батаның кең қоймасы.
Сізді толық танымай жүр жұрт әлі,
Сөзіңіздің байқалады құнары.
Шешен тілді, иманды,
ізгі жүректі,
Өзіңізден басталады Жуалы!
Қордай аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Баян ҚАРАМОЛДАЕВАҒА
Сізге енді тұра алмаспын мен көшпей,
Жүрмедіңіз тұрғындырмен селбеспей.
Әлеуметтің әлеуетін көтеріп,
Басқарып та «Собезді» еңбек еттіңіз бел шешпей.
Өзіңізден көп сіңліңіз ой алды,
Өзіңізге қарап көп жұрт оянды.
Атыңызды жұрт «Баян» деп құрметтеп,
Ісіңіз де болды әркез баянды.
Есет ДОСАЛЫ, ақын
Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (0)