Айбары асқақ Ата заң
"30- тамыз - Қ.Р. Конституциясы күніне" орай салтанатты іс-шара " Ардагерлер орталығында " Тараз қаласының белсенді Ардагерлеріміздің қатысуымен өтті. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы "Ел болу жолындағы басты міндеттердің бірі - Конституцияның құрметтін арттыру " тақырыбында баяндама жасады.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтады.
Ардагерлердің " Әулие ата " ансамблі мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. Ардагерлер ансамблінің әсем әндерін тыңдап, көңілді мерекенің куәсі болдық. Салтанатты жиын соңы " Ата Заңым - Айбыным" атты Ардагерлер арасында зияткерлік сайысымен ( сөз жұмбақ шешу) мәресіне жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және қаржылай сый-сияпат пен марапатталды.
1- орын Тұрар Жапаров, 2- орын Аманқұл Искаковтың ал 3- орын Қанымкүл Бесімбайға бұйырды
. Сондай- ақ белсенділік танытқан Баймұрат Жақсыбеков, Сейтхан Тортаев және осы күні мерейлі 70 жасқа толған Аманжол Арынов арнайы Дипломдармен қаржылай сый-сияпат пен марапатталды. Айрықша мерекені Ардагерлер кең көлемде осылай атап өтті.
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)





