Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ер Елдос, БАТЫР ЕЛДОС !

Ер Елдос, БАТЫР ЕЛДОС !

08 август 2024, Четверг
87
0

Халық айтар пайымның дұрысын,

Алда екен нәсібің мен ырысың.

Әулиеата қасиетті мекеннен

Шыққан Елдос, қазағымның ұлысың!

Сен пенделік қалыбына симадың,

Намыс пенен алғыс болды жиғаның.

Бүкіл елің үміт отын жаққанда,

Қазағыңа сен қуаныш сыйладың!

Қиындықты қиын кезде еңсердің,

Күштілердің күштілерін төңкердің.

Ысырылып мықтылары әлемнің

Саған берді дәл бигін ең төрдің!

Қазағымды бір көтеріп тастадың,

Жеңімпаздар сапын өзің бастадың.

Батыр Елдос бүкіл әлем алдында,

Биіктеттің қазағымның аспанын!

Жеңіс үшін ұзақ жолдан өттің сен,

Мақсатыңа жету үшін төктің тер.

Біраз болған жете алмаған арманға,

Көне Париж қақ төрінде жеттің сен!

Дәлелденді тектілігі қазақтың,

Кешегі күн – елім үшін ғажап күн.

Батыр Елдос, ерлігіңмен өзіңнің,

Бар қазақты шат күлкіге бөлепсің.

Уа, қазағым, құтты болсын биігің,

Алдыңда бар Тәңірімнің сыйы мың.

Мақтанышпен ілінсінші Көк туым

Төбесінде әр қазақтың үйінің.

Қуаныштан жатыр елім елжіреп,

Қазағыма бүгін ырыс келді деп.

Ел арманы – мәңгі бақи биікте,

Тұрсын Туы қазағымның желбіреп!

Шәкизат АКИМОВ.


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры