Қоғамдық қор құрылатын болды
Өткен аптада "Қазфосфат" ЖШС-не қарасты өндіріс орындарынан зейнет демалысына шыққан ардагерлердің жиыны болып өтті. Жиынды "Қазфосфат" ЖШС-і ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлзира Ахметова ұйымдастырды. Шынын айтуымыз керек, күн бүгінге дейін ардагер кеншілердің бұндай басқосу жиындары өткен жоқ болатын. Белсенділіктері де аса жоғары деп айта алмайтынбыз.
Гүлзира ханым осыдан бір апта бұрын кенші зейнеткерлердің басын қосып, жиын болатыны жөнінде арнайы хабар берді, өтетін күнін белгіледі. Әлеуметтік желіден ардагерлер кеншілердің арнайы парақшасын да ашып қойды. Кеніштің оқу комбинатында фосфоршылардың ардагерлері бас қосты. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Жұмабайұлы Ақділда қатысты.
Жиында кешеннің ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылбек Қасымбеков сөз сөйлеп, бұл басқосудың мақсаты мен міндеттері жөнінде айтты.
Алғаш сөз алған "Қазфосфат" ЖШС-і ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлзира Ахметова фосфор өндірісі саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагерлерге толыққанды көңіл бөлінбей, олар өздері еңбек еткен өндірістік ұжымнан біржола байланыстарын үзгенін, былайша айтқанда өздерімен өздері қоғамнан, еңбек ұжымынан тыс тіршілік жасап жатқанын тілге тиек етті. Осы олқылықты жою мақсатында "Қазфосфат ардагерлері" қоғамдық қорын ұйымдастыруға ниетті екенін, сол қор арқылы өндіріс ардагерлеріне тиісті әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты кісілерге қамқорлық жасау, демалыс орындарына жолдама беру, денсаулықтарын нығайту бағытында жұмыс жүргізілетіндігі туралы мәлім етті.
– Бұл игілікті шаруаның нәтижелі жалғасын табу үшін сіздердің қолдауларыңыз өте-мөте қажет, – деді төрайым сөзінің қорытындысында.
Жиынға қатысқан ардагерлер бұл бастаманы бірауыздан қолдады. Қордың келешектегі жұмысына сәттілік тіледі.
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда қордың құрылуы ардагерлерге құрмет, оларға жасалатын қамқорлық екенін айта келіп, қоғамдық қордың жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын жалпы алғанда "Қазфосфат ардагерлері" қоғамдық қорының құрылуын мақұлдады.
Майлыбай КӨПЕШОВ,
Сарысу аудандық ардагерлер
кеңесінің төралқа мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ
12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА
12 август 2026, Среда
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ – ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕДІ
12 август 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)