Тоғызқұмалақ Шу өңіріне қалай келді?
Кейде кешке Ахметжан деген жігіт екеуі біздің үйге келіп шахмат ойнап қайтатын. Бір күні Айтқазы жұмыс орныма келді де қолында өзіміздің Қазақстанда шығатын кішкентай «Спорт» газеті бар, үндемей оқып отырды. Қайта-қайта қарап қоямын, беріліп оқып отыр.
– Айтан, сонша ұзақ оқитын не жаңалық бар екен,– деп сұрадым.
Қазір тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр екен, сонда біздің жамбылдықтар жақсы нәтиже көрсетіп топ бастапты. Соны оқып тоғызқұмалақ қандай ойын екен, қалай ойнайды екен, деп ойланып отырмын,–деді.
Мен оған біздің үйде Талап Сұлтанбековтың «Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ» деген кітабының бар екенін айтып, ертең сол кітапты бірге қарап, қандай тақтада, қалай ойнайтынымен танысайық деп ұсыныс жасадым.
Ертеңіне мен жұмысқа кітапты алып келіп, Айтқазыны күтіп жұмысымды істеп отыр едім, бір тапсырма беруге совхоз директоры Ербол Жаманбалаев келіп кірді де, келген жұмысын айтып болған соң столда жатқан кітапты көріп:
– Мына ойынның қайсысын ойнап жүрсіңдер, деп сұрады. Мен оған Айтқазы екеуміздің арамыздағы тоғызқұмалақ туралы әңгімемізді айтып, соны қандай тақтада ойнайды, ауданда ойнайтын адамдар бар ма екен, Айтқазы соны білуге кеткенін айттым. Ерекең жалпы жаңалықты қоштап жүретін азамат еді, жаңағыны естіді де:
– Ой біздің үйде тақтасы бар ғой, ойнаймыз, үйренеміз десеңдер алыңдар,– деді.
Ауданға жиналысқа барып келген Айтқазы ауданда ешкімнің тоғызқұмалақ ойынын білмейтінін, тоғызқұмалақ тақтасының қандай болатынынан да хабары жоқ екенін айтып келді. Сол күні кешке екеуміз Ербол Жаманбалаевтың үйінен тақтаны алып, кітап бойынша ойнап үйренуге кірістік, қанша оқып, кітап бойынша, ойнап көрсек те толықтай түсіне алмадық. екеуміз де ойынға құмартып ойнағымыз келгенімен, ойнау тәртібін толық түсіне алмай әбден қиналдық. Бірақ қалайда үйренеміз деп шешіп, директор рұқсат беріп іс сапарға жіберсе Айтқазы Жамбылға немесе тоғызқұмалақ ойыны дамыған Қаратауға барып келуге дайын екенін, сондықтан маған директормен сөйлесіп іс сапарға рұқсат алып беруімді өтінді.
Келесі күні мен директорға кіріп, ұлттық ойынды үйренсек деген ынтамыз бар екенін, сондықтан Айтқазыны іс сапарға жіберуін сұрап едіп, директор қазір жиын-терін біткен кез, қыстай ойнауларыңа болады, барсын деп бірден қолдай кетті.
Сонымен Айтқазы 3 күн іс сапарда болып, қазір анық есімде жоқ, Қаратаудан ба, Жамбылдан ба сол жердегі айналысып, жарыстарға қатысып жүрген ойыншылардан тоғызқұмалақ ойынын үйреніп келді және жылда өтетін облыстық «Алатау таңы» спартакиадасына тоғызқұмалақтың да енгізілгенін, әзірге облыстан 6-ақ команда қатысып жүргенін, сондықтан үйреніп, машықтанып жатсақ біздің де қатысуымызға болатынын айтты. Ол ауданға барып спорт жөніндегі өзінің басшысына айтқан екен олар да қуанып, қолдайтындығын білдіріпті.
Содан Айтқазы екеуміз күнде жаттығып, ойынды меңгерген соң, құрамға ауылдағы шахмат ойынынмен айналысатын Ахметжан Құрманалиев пен мектеп оқушысы Нұрзия Түсіпбекованы тартып оларды үйретіп, толық құрам жасақтап, спартакиадаға дайындықты бастап кеттік.
Сонымен 1991 жылы ауданның басқа спорт түріндегі спортшыларымен бірге тұңғыш рет тоғызқұмалақтан Талас ауданы Ақкөл ауылында өткен облыстық спартакиадаға қатысып тоғызқұмалақтан қатысқан 7 команда ішінде 4-орынға ие болып, тәжірибе алдық. Келесі жылы Байзақта өткен спартакиадада тоғызқұмалақтан қатысқан 8 команданың ішінде жүлделі 2-орын алып, жалпы командалық есепте ауданның 3-орын алуына өз үлесімізді қостық.
Осылайша ауданымызға ұлттық ойын – тоғызқұмалақ бірінші рет Бәйдібек ауылы арқылы келді және тұңғыш жүлделі орына алған аудан құрамасының құрамы Балықбай Көпжанов, Айтқазы Майлыбаев, Ахметжан Құрманалиев, Нұрзия Түсіпбековадан жасақталған Бәйдібек ауылының азаматтарынан болды.
Ары қарай ауданда тоғызқұмалақ ойыны Бәйдібек ауылы М.Маметова атындағы мектебінде Қайсар Төлеуов, Ерлан Әлиакбаров, Ғазиз Тұрысқұловтардың, Көктөбе ауылында Елтоқ, Еңбекші ауылында Айдар деген азаматтардың жалғастыруымен қарқынды дамып, талай аудан оқушылары облыстық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері атанды.
Осының нәтижесінді қазір ауылымыздың азаматтары Қазақтың спорт және туризм академиясының ұлттық спорт түрлері кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант, 1995-1996 жылдары оқушылар арасында екі дүркін облыс чемпионы Ғалымжан Көпжанов академияда ұлттық спорт түрлерінен, оның ішінде тоғызқұмалақ та бар, дәріс береді, 2024 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында өткен ғылыми конференцияда қазақтың ұлттық спорты туралы баяндама жасады, ал тоғызқұмалақтан республикалық деңгейдегі төреші Азамат Қалдыбаев сол көшпенділер ойынында төрешілік жасады, қазір Алматы қалалық тоғызқұмалақ федерациясының төрағасы болып қызмет етеді, екеуі де елімізде ұлттық спортымыз – тоғызқұмалақтың дамуына өз үлестерін қосып жүр.
Жалпы тоғызқұмалақ туралы қысқаша айта кетсек, бұл ойын көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасып келе жатқан, дана аталарымыздың тақтайшаларды қажет етпей ақ, тікелей жерден шұңқыр қазып, далада жүрген қойлардың құмалақтарымен-ақ логикалық есептерді шығаратын зеректілігін көрсетеді, демек тоғызқұмалақ - математикалық есептеуге және стратегиялық ойлауға негізделген терең ойды талап ететін қазақтың дәстүрлі зияткерлік әрі ұлттық ойыны. Ойын адамның логикасын, шапшаң есептеу қабілетін дамытып, төзімділікке үйретеді.
Тоғызқұмалақ ойыны көптеген елдерде ақыл-ойды дамытатын зияткерлік ойын ретінде танылып, 2020 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
Ресми түрде жарысқа қатысқан кезден бастап есептесек тоғызқұмалақтың ауданымызға келгеніне биыл, яғни 2026 жылы 35 жыл толып отыр екен.
Осыған байланысты 2026 жылдың маусым айында әкелер күніне орай ауданымызда аудандық әкімдігінің спорт дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен қарттар арасында тоғызқұмалақтан және дойбыдан ардагерлер арасында жарыс өткізілді.
Тартысты өткен жарыста тоғызқұмалақтан бірінші орынды Төле би ауылынан Дүйсебаев Арман иеленіп, жарыс жеңімпазы атанса, екінші орынды тоғызқұмалақтан көптеген республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда жүлдегер атанып жүрген төлебилік Абас Нашарбеков, үшінші орынды Шу қаласының өкілі Жеңіс Қыдырбаев иеленді.
Сөйтіп, бүгінде ел ағалары болып отырған біздер ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақтың Шу өңіріне келіп, қалыптасуына және дамуына бастамашы болып едік.
Балықбай КӨПЖАНОВ,
Шу аудандық ардагерлер
кеңесінің төралқа мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
19 август 2026, Среда
Тағылым
18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі
18 август 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)