Қарттарымыз құрметтен кенде болмайды

Қарттарын құрметтеп, қадірлеген елді қазыналы ел деп жататынымыз бар. Қазақта ауылыңның қасында төбе болса ерттеулі тұрған атқа, ауылында қария болса жазулы тұрған хатқа теңейтін керемет пәлсапалық тұжырым тағы бар. Қазыналы ел болуға бет бұрған қоғам қарттарын ардақ тұтып, ақсақалдардың ақыл-кеңесін тыңдап, олардың өмірден көргені мен түйгендерін жадында ұстап, жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, қолдан келгенше оларға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасайды. Біздің ауданымызда да қарттарға, жақсы үлкен аға буынға әлеуметтік қолдау мен рухани демеу шараларының кең көлемде атқарылып жатқанын зор қанағатпен айта аламыз.
Бұл істе жергілікті атқарушы органдардың, мекеме, кәсіпорындардың демеушілік қолдауын, қамқорлығын айтып өтуге болады. Аудан ардагерлер ұйымында 5000-нан астам ардагер тізімде бар. Олар 1 аудандық, 1 қалалық және 9 ауылдық округ ардагерлер ұйымдарына тұрғылықты жері бойынша топтастырылған. Аудандық ардагерлер кеңесінің құрамында 25 белсенді ардагер қоғамдық жұмысқа тартылған. Аудандық ардагерлер кеңесі, бастауыш ардагерлер ұйымдары ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуіне, отбасылық жағдайларының дұрыс денсаулықтарының қалыпты болуына мүмкіндігінше көңіл бөліп, қажетті іс-шараларды атқарып келеді. Осы мақсатта ардагерлер аудан көлемінде өткізіліп жатқан саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік, шараларға кеңінен тартылып, қажет жағдайда ақыл-кеңестерін айтып отырады. Жыл сайын аудан әкімдігінің және демеушілердің көмегімен қасиетті Түркістан қаласына 20-30 ардагердің туристік сапармен барып қайтуды ұйымдастырылуда. Қасиетті Ораза айында ауыз бекіткен ардагерлерге, қарттарға бірнеше мәрте ауызашар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Алданышқызы Нұрымованың қолдау-демеуімен "Меркі -Мейірім" шиапажайына 20 ардагерге 50 пайыздық жеңілдікпен демалуға, ем-дом алуына мүмкіндік жасадық.
Үстіміздегі жылы ауданымызда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай "Жеңіс туы желбіресін" атты аудандық байқау өткізілді және облыстық ардагер өнерпаздар фестивалінде біздің ардагерлер вокал, хор және ұлттық аспаптар ансамблі номинациясында бас жүлдеге ие болғанын ризалықпен атап өтуге болады. Жылда қарттар күніне орай ардагерлер арасында аудандық спартакиада өткізіліп тұрады. Биыл да 1 қазан – Халықаралық Қарттар күні мерекесіне байланысты Жаңатас қаласы мен барлық ауылдық округтерде қарияларды қолдау шаралары ұйымдастырылды.
Жақын арада Мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" жөніндегі бастамасына байланысты 20-дан астам оқу орнында жиналыстарға қатысып, жасөспірімдермен кездестік, басқосуларда белсенділеріміз қоғамдық тәртіпті сақтау, үлкенді сыйлау, кішіге ізет жасау, отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы өздерінің өмірден көрген-білгендері, көңілге түйгендері туралы сөз етті. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табатын болады.
Аудандық ардагерлер кеңесі салауатты өмір салтын ұстанып, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруға белсене атсалысып жүрген ардагерлерді "Сарысу ауданының Құрметті ардагері" төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және мерекелік сый- сипаттармен марапаттап отырады. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер ұйымының марапатына ұсыныс береді.
Аудан көлемінде жақсы жұмыс жүргізіп отырған Жайылма ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Еркін Құрманбековтің, Байқадам ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Арқабай Төлмағанбетовтың, Жаңаталап ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Дүйсенбек Пернебековтің, Игілік ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Мұсахмет Нәшірбаевтің, Ә.Бүркітбаев ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Мәлікомар Жылқыбаевтың, Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмалі Орымбаевтің белсенді қоғамдық қызметтерін айрықша атап өтуге болады.
Қазан айының алғашқы күні Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – өмірінің әрбір сәтін елі мен жеріне арнап, ұрпағының болашағы үшін тер төккен ардақты қарияларға деген құрметтің белгісі.
Қарттар – елдің шежіресі, ұлттың ұлағаты. Олардың жүріп өткен өмір жолы, елге сіңірген еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Ұлт болашағын ойлаған, ел мүддесін биік қойған данагөй қариялар – мемлекеттің рухани тірегі. Еліміздің тыныштығын, ұрпақтың тәрбиесін, салт-дәстүрдің сақталуын қарттарымыз қашан да назардан тыс қалдырған емес.
Мемлекет қарт азаматтарға қолдау көрсету ісіне үлкен мән беріп келеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек, медициналық қызмет көрсету және қоғам өміріне белсенді араластыру бағытында түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл – қарттарымыздың құрметке лайық екенін білдіреді.
Серік АППАЗОВ,
Сарысу аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
Қарттарымыз құрметтен кенде болмайды
14 октябрь 2025, Вторник
Есепте есе жібермеген
14 октябрь 2025, Вторник
"Таза Қазақстан" акциясына ардагерлер де атсалысты
14 октябрь 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)






