Жағажай волейболынан жарыс болды

Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталыгының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында жағажай волейболынан турнир болып, оған барлық ауылдық округ бастауыш ардагерлер ұйымдары өздерінің командаларын жасақтап, бәсекеде бағын сынады.
Қарттарға ең басты керегі – денсаулық. Сондықтан үлкендер көбірек қимылдап, өздерінің шама-шарқынша спортпен айналысып отырғаны жөн.
Бұл жарыс, міне осы мақсатта ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығындағы балаларымызға рахмет. Үлкендердің басын қосып, бәсекелі жарыс ұйымдастырғанына.
Жағажай волейболы дегеннің өзіндік ерекшеліктері бар. Бір қарағанда, үлкендер айналысатын-ақ спорт түрі.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев жарысқа қатысушыларға арнап былай деді:
– Сіздердің елге еткен еңбектеріңіз елеулі. Жүріп өткен жолдарыңыз бүгінгі жастарға үлгі. Бүгінде ұл-қыздарыңызды өсіріп, немерелеріңіздің қызығын көрудесіздер. Енді міне, қартайдым-ау деп қарап отырмай волейболдан жарысқа түсіп, бақ сынаудасыздар. Сіздердің барлықтарыңызға сәттілік, табыс тілеймін.
Алаңға шыққан ардагерлер шеберлік танытты. Қимыл-қозғалыстарында мін жоқ. Шу қаласындағы "Жеңіс" саябағында өткен волейбол бәсекесінде үлкендер шын мәнінде жастарға үлгі көрсетті.
Турнирдің қорытындысы бойынша жағажай волейболынан жарысқа қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар беріліп, Алғыс хаттармен марапатталды.
Амантай Омаров,
Шу аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы дене шынықтыру және спорт жөніндегі
тұрақты комиссия төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)







