қоғам
15 мамырда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен оның орынбасары, облыс ардагерлерінің төл басылымы «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов қатысқан Қордай аудандық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысында Ауқатты ауылдық округі ардагерлер ұйымының жұмыс тәжірибесіне назар аударылып, оны аудандағы барлық бастауыш ұйымдарға көрсетіп тарату ұсынылды. Еркінбек Бейсенбекұлы мұны, тіпті, облыстық деңгейде таратуды лайық көрген. Міне, сол ұсыныстардың ізінше өткен аптада аудандағы барлық ауылдық округтер бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, билер, аналар, әкелер кеңестерінің жетекшілері Ауқатты ауылында бас қосып, «Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өсиет» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өтті.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет бұл көшпелі семинарды өткізуге ауқаттылықтардың соңғы жылдардағы жұмыс нәтижелері себеп болғанын тілге тиек етті. Әділбай Семжанов басқаратын ауылдық ардагерлер ұйымы шын мәнінде ауылдық округ әкімімен тығыз бірлікте барлық мәселелерге белсене атсалысып, түйіткілді жайларда ақсақалдық кесімді сөздерін айтып, ауылдық аймақтың мәдениетіне, тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жай-күйіне жанашырлық танытуды жүйелі жолға қойған. Аудандағы ардагерлер ұйымдары арасында екі жыл қатарынан бірінші орынды жеңіп алған. Ұйымның жұмысын бұдан да былай нәтижелі жүргізулері үшін ауыл әкімі қарияларға мәдениет үйінен бір емес, төрт бірдей бөлме босатып берген.
Қонақтар алдымен мәдениет ошағының екінші қабатындағы сол бөлмелерді аралап көрді, жұмыс ретімен де танысты. Бөлмелердің барлығында үстел, орындықтар қойылған, қабырғаларында қазақтың айтулы билерінің суреттері, олардың аталы сөздері, еліміздің мемлекеттік рәміздері, географиялық картасы ілінген. Әкелер, аналар, билер кеңестері мүшелерінің жұмыс барысы бейнеленген стендтер ілінген. Ұйымның әртүрлі жарыстарда жеңіп алған марапаттары да осында қойылған. Бір бөлмеде газет, журналдар ақтарып, соңғы жаңалықтармен танысуға болады, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнап уақытты тиімді өткізуге де мүмкіндік жасалған. Тағы бір үлкендеу бөлме мәжіліс залы есебінде. Тіпті, аналар кеңесінің кабинетіне компьютер қойылып, білікті хатшы қызбен де қамтамасыз етіліпті. Демек, ардагерлер кеңесінің барлық жұмыстары дер кезінде хатқа түсіріліп отырады, электрондық жүйе арқылы ауданмен тікелей байланыс орнатылған.
Осыларды көріп болған соң белсенділер мәдениет үйінің кең залында семинар-кеңестің жұмысына қатысты. Оны кіріспе сөз сөйлеп ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет алдымен жалпы аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысына қысқаша шолу жасады.
– Біз халқының көптігі жағынан облыста Тараз қаласынан кейінгі орындамыз, аудандағы 157 мыңнан аса тұрғындардың 14 мыңнан астамы зейнеткерлер. Барлық 19 ауылдық округтерде 41 елді мекен болса, оларда ардагерлер 80 бастауыш және цехтық ұйымдарға біріккен. Барлық ауылдық округте ардагерлер кеңестерінің 70 пайызы жұмыс орындарымен қамтылған. Тек, Жамбыл, Қақпатас, Ноғайбай, Алға, Қарасу, Қаракемер, Сұлутөр ауылдық округтерінде ардагерлерге әлі күнге дейін бөлмелер бөлінбей келеді. Арнайы қызмет кабинеттері бар ұйымдарда жұмыстың нәтижесі қандай болатынына бүгін көз жеткізіп отырсыздар, сондықтан жергілікті әкімдеріңіздің тілін тауып, осындай жұмыс орнын жабдықтап алуларыңыз керек , – деді ол.
Ауқатты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Семжанов аудандағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының басында жүрген белсенді азаматтарға өздерінің іс-тәжірибелерін көзбен көріп, пікір алмасуларына жақсы мүмкіндік туып отырғанын айтты. Жалпы, ардагерлер ұйымдарының басты міндеті – қарттықтың ауылына бет қойған жандардың өмір сүру жағдайын қадағалап отыру, оны барған сайын жақсарта түсуге күш салу және жастардың тәлім-тәрбиесіне атсалысу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың да халыққа Жолдаулары мен Ұлттық Құрылтайда ұдайы алға қойып келе жатқан басты мәселелерінің қатарында осы жас ұрпақ тәрбиесі алдымен аталады. Еліміздің ертеңгі тағдырын қолына алатын бүгінгі жастардың болмысы қандай болуы керек? Ертеден кешке дейін телефонға телмірген, газет, журнал қарамайтын қазіргі жастарымыз ертең қандай азамат болып шығады? Жер-жерлерде оқтын-оқтын орын алып отырған мектеп жасындағы балалардың қатыгездігі, бір-біріне әлімжеттігі, лудомания, өз-өзіне қол жұмсау, ерте жүктілік тәрізді жат әдеттердің алдын алу үшін не істеу керек? Бұның барлығы халқымыздың ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрлерін қалпына келтіре жүріп, жас ұрпақ тәрбиесін шындап қолға алатын кездің жеткенін көрсетеді. Ғұлама қазағымыздың бар-жоғы үш сөзге сыйғызып: «Ұят болады», «Обал болады», «Жаман болады» деп тәрбиелеген жоралғысын жаңғыртуымыз керек. Ардагерлер кеңестері жанынан әкелер, аналар, билер кеңестері жай ғана сән үшін құрылып отырған жоқ. Олардың жоғарыға есеп беру үшін қағаз жүзінде ғана қалып қоймай, жанды жұмыс жүргізулері маңызды.
– Осы тұрғыда біздің 16 этнос өкілдері мекендейтін ауылдық округте барлығын түгел қамти жұмыс жүргізуге тырысамыз. Төлеубай Баймұханбетов басқаратын билер, Қарлығаш Қабылбекова басқаратын аналар және Құрманбек Әбдірасылов жетекшілік ететін әкелер кеңестері өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді, – деді Әділбай Ақынтайұлы. – «Мынау сенікі», «мынау менің жұмысым» деп бөлісу жоқ, қандай мәселеде де біргеміз. Балалар арасында бұзақылық орын алса да мектепке бірге барып, ата-аналардың, ұстаздардың қатысуымен мәселені дабырайтып ушықтырмай дереу шешуге, ажырасуда да солай, аталық, аналық ақыл сөздерімізбен сотқа жеткізбей татуластыруға тырысамыз. Бұл мәселеде кезінде шаруашылықтың бас маманы болып елмен жұмыс істеуден мол тәжірибе жиған, соңғы кездерге дейін әкелер кеңесін басқарып келіп, бүгінде билер кеңесінің құрамындағы Серік Қанатовтан үйренеріміз көп. Сондай-ақ, Рақымбай Сапақов, Рақымбай Молдашев, ардагер ұстаздар Бақытбек Мүсілімов, Бақытбек Молдажанов, Григорий Маматченко, Гейсыр Лиров, Исха Харва, Әли Абдрасиилов, Сабыркүл Біләлова, Нұрғиса Жарылқасымова, Аягөз Байбүгінова, Анара Имашева тәрізді көп жасап қана қоймай, көңілге түйгені мол ардагерлердің де көмегіне сүйенеміз. Осы тақырыптарда жыл басынан бері Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп оқушыларымен «Тәртіпті өзіңнен баста» форумы, зорлық-зомбылыққа, нашақорлыққа, жат қылықтарға қарсы тәрбиелік сағаттар, қыздар тәрбиесіне қатысты «Ана – отбасы ұйытқысы», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» тақырыптарында жиындар өткізілген. Этносаралық қатынастарды нығайту үшін көрші ауылдық округтермен ынтымақтаса отырып өзара спорттық турнирлер, достық дастарқандары ұйымдастырылады, патриоттық тәрбие мақсатында әскерге шақыру жасындағы жастармен Отан қорғаудың абыройлы борыш екенін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық тазалық, абаттандыру сенбіліктері өткізіліп тұрады. Тәлім-тәрбиелік насихат жұмыстарына ауылдық округтегі мешіттердің имамдары да тартылады.
Ардагерлер кеңесі мерекелік атаулы күндерді де елеусіз қалдырмай, барынша айшықтап өткізуге мән беруде. Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамында жыл сайын жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қазыналы қарияларға сый-сияпат көрсету дәстүрге айналған. Мәселен, биылғы әйелдер мерекесінде елуден аса әже, апа, аналар мен қыз-келіншектер «Асыл ана» төсбелгісімен, аудан әкімінің, мәслихаттың, аудандық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі де лайықты атап өтілуде. Әрине, ауылда, тіпті ауданда көзі тірі майдангер қалған жоқ. Ал, соғыс жылдары белдері қайыса ауыр еңбекке жегілген тыл ардагерлеріне құрметіміз қашанда шексіз. 9 мамыр күні ауылдық саябақта халқымыздың майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігі мен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым!» аталатын еске алу кеші өтті. Жалпы қоғамдық қызметімізде ауыл әкімінің қолдауын сезініп отырамыз, – деді ауқаттылық ардагерлер ұйымының жетекшісі Ә.Семжанов.
Семинар-кеңесте Ауқатты ауылдық округінің әкімі Алмас Иенберген сөз алды:
– Бүгінгінің ақсақалы атанып отырған ардагерлеріміздің қандай да бір қоғамдық істің басы-қасынан көрінуі сырт көзге жарасымды ғана емес, ішкі мазмұны өте қажетті үрдіс. Өйткені, қашан да ақсақалдық сөздің салмағы басым. Қариялардың мәдени өмірі жәй ғана той, құдалық, құдайы тамақпен шектеліп қалмай, қоғамдық өмірмен біте қайнасуының тиімділігін біз өз тәжірибемізден көріп келеміз. Сондықтан да ардагерлердің талап-тілектерін барынша қанағаттандыруға тырысамыз. «Жақсы адам жайқалған мәуелі бақ секілді» дейді, біздің қарияларымыздың көбі солай. Олардың өмірлік бай тәжірибесін ұтымды пайдалана білу жолында ештеңеден аянбау керек...
Ауылдық аймақтың ең қарт тұрғыны, Қордай ауданының Құрметті азаматы Рахымбай Молдашев:
– Бұрынырақ ардагерлер кеңесінің жұмысына Қызылсай ауылының биі бола жүріп белсене атсалысушы едім, енді жасым тоқсанға келді, оның үстіне көзім жақсы көрмей барады. Сонда да болса, жастарға ақыл-кеңесімді айтып сөзбен демеу болып жүрмін. Шүкір, ауылымыздың қазіргі әкімі де, ардагерлердің басшысы да білікті азаматтар. Қарияларды басқарып отырған Ә.Семжановтың өзі де бұрын ауылда әкім болған, істің көзін таба білетін өз орнындағы адам, – деді қария.
Ауданның Құрметті ардагері, «Құрметті ұстаз» төсбелгісінің иегері Мехр Джинлиров көпшіліктен кешірім өтініп алып, сөзін орыс тілінде сабақтады.
– Біздің кезіміздегідей емес, қазір мемлекеттік тілді меңгеруге қажеттілік артқан. Дүнген балаларының көпшілігі, оның ішінде менің немерелерім де қазақ мектебінде оқиды. Олардың болашағы жарқын. Ал, біздің ардагерлер ұйымында өзгелерге үлгі болардай жұмыстар атқарылып жатқанын естіп қуанып жатырмыз. Қолдан келгенінше көмегімізді аяған емеспіз.
Семинар-кеңестің екінші бөлімі мәдени іс-шараларға жалғасып, қатысушылар ауылдық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әжелер ансамблінің, ауыл өнерпаздарының концертін тамашалады. Бірыңғай кимешек киген әжелердің немерелеріне тәлім-тәрбие беруі бейнеленген көріністер қойылды. Іргедегі мешіттің асханасында Өтеген ауылынан келген абыз қария Тұрған Жасыбаевтың ақ батасымен ашылған дастархан басында да көптеген ақжарма тілектер айтылды. Кекілік сеңгірдегі Кенесары хан мен оның жаужүрек сарбаздарының ақтық шайқасы өткен Майтөбе басындағы тарихи орынға саяхат ұйымдастырылғаны да ұтымды шешім болған. Өйткені, осы ауданның өзінде тұрып бұл киелі жерде болмағандар аз емес екен. Ауданның барлық ауылдарынан келген ардагерлер жетекшілерінің қатысуымен Тәуелсіздік жолында ту көтеріп, жаугершілікте қаза тапқан батыр бабалардың рухына тәу етіп, құран бағышталды. Соңында, жиналғандар әйгілі Қарақоңыз шатқалында болып, тұмса табиғат аясындағы мәдени демалыстан рухани қуат алып тарқасты.
Құрманбек Әлімжан,
Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің
төралқа мүшесі, ардагер журналист
Қордай ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
руханият
13 июнь 2025, Пятница
Ұлағат
13 июнь 2025, Пятница
Өнеге
13 июнь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)