Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қолөнер – ол да өнер

Қолөнер – ол да өнер

28 май 2025, Среда
24
0
Таразда креативтік индустрия өкілдері форумының аясында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев арнайы қатысты.
Серік Жақсылықұлы Сәлемов өз сөзінде аталмыш хабтың ашылуы – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі екенін атап өтті.
«Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шебердің басын біріктіруде, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруына және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Аталған нысан Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ.
Айта кетейік, Тараз – Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие болған алғашқы  әрі жалғыз қазақстандық шаһар. Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалаларының тізіміне ену үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Обсудить
Блок в статье:
Тағзым 01 июнь 2025, Воскресенье
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры