Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Хирург.Ғалым. Қаламгер

Хирург.Ғалым. Қаламгер

23 май 2025, Пятница
47
0
Бүгін Сарысу ауданында жерлесіміз, білікті дәрігер, қарымды қаламгер және ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Нью-Йорк медицина академиясының толық мүшесі Сағындық Ордабековтің 75 жасқа толуына орай үлкен мерекелік шара өтті. Шараның бағдарламасына орай Аудандық мәдениет үйінде "Хирург.Ғалым Қаламгер" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Экс министр Жақсылық Досқалиев бастаған еліміздің түкпір түкпірінен Астанадан, Ақтөбеден, Семейден, Қызылордадан, Түркстаннан,Созақтан келген, медицина саласының майталмандары конференция қонақтары, спикерлері болды. Конференция жұмысын аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Оңғарбекұлы Молдабеков кіріспе сөз сөйлеп, мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жауып, ат мінгізді. Экс министр Жақсылық Досқалиев және бірнеше спикерлер Сағындық Ордабековтің еңбек жолына кеңінен тоқталып, медицина саласындағы соны өзгерістерге тоқталды. ҚР жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Дарабоз әдеби сыйлығының бірнеше дүркін жеңімпазы Пернебай Дүйсенбин "Үшбастан ұшқан ұлағатты тұлға" тақырыбында баяндама жасады.  Мерейтой иесіне  марапаттарын тапсырды. Бұдан соң шараға жиналған көпшілік және қонақтар Сағындық Ордабековтің туған ауылы Үшбас ауылына жол тартты. Жолай Түркістанның кіреберіс қақпасы іспеттес болып кеткен Аққырқа асуында қонақтарды ауылдық округ әкімі Дүйсенәлі Борсықов бастаған ресми адамдар күтіп алды. Жиналғандарға Аққырқа мен Түркістан ауылының тарихы жөнінде Пернебай Дүйсенбин әңгімелеп берді. Осы тұста жаңбыр себелеп жауа бастады. Жиналғандар мұны жақсы ырымға бағалады. Мұнан соң Сағындық Ордабековтің туып өскен, кіндік қаны тамған ауылы Үшбас ауылына келдік. Ауыл орталығындағы өткен ғасырдың елуінші жылдары Сағындықтың әкесі Ордабек қария  жасаған бағына келдік. Бақтың лентасын қимас бұрын жергілікті тұғындар, ағайын туыс, бауырлары жақсы тілектерін айтып, Сағындық жерлестеріне ат мінгізді. "Ордабек ата бағы" деп аталған , жаңғыртылған бақтың лентасын аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Оңғарбекұлы Молдабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аппазов Серік, қалалық билер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев және ауыл ақсақалы қиып, рәсімін жасады. Мереке Жаңатас қаласындағы "Жібек жолы" мейрамханасында жалғасын тауып, ізгі тілектер легі мұнда да ағыл-тегіл айтылды.Арнайы Тараз қаласынан келген әнші Бақыт Шағырбаев және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әнмен әрлеп отырған  мерейтойлық шара жақсы өткізілді.
Обсудить
Блок в статье:
Хирург.Ғалым. Қаламгер 23 май 2025, Пятница
КЕЗДЕСУ 23 май 2025, Пятница
КЕЗДЕСУ 23 май 2025, Пятница

Похожие материалы:

75 жас мерей той
13 январь 2025, Понедельник
75 жас мерей той
Біздің мақтанышымыз
29 декабрь 2024, Воскресенье
Біздің мақтанышымыз
Бірлік пен жасампаздық жолымен
27 май 2024, Понедельник
Бірлік пен жасампаздық жолымен
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры